ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


 әлемнің жаңа ғылыми бейнесін қалыптастырудағы



Pdf көрінісі
бет334/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   382
4.2. әлемнің жаңа ғылыми бейнесін қалыптастырудағы
 химия ғылымының рөлі
Химия ғылымы заттектердің қасиеттерін, олардың өзара бір-
бірлеріне өтуін, нәтижесінде, – құрылымы мен құрамын зерттейді. 


376
Тарихи тұрғыда ол адамның табиғаттағы әлдебір заттектерге, 
материалдарға мұқтаждығынан пайда болады. Орта ғасырларда ал-
химиктер табиғаттың әртүрлі заттектерін алтынға, басқа қымбат 
бұйымдарға айналдыру мақсатында олармен есепсіз көп тәжірибелер 
жасап, қорытындысында, химия ғылымының пайда болуына қажетті 
орасан көп эмпириялық материал бейберекет жинақталды. 
Тек XIX ғасырда ғана тарихи жинақталған деректерді біртіндеп 
теориялық ойластыру орын алғанмен, алайда ғалымдар әлі де атом-
дарды табиғаттың аса ұсақ, ары қарай бөлінбейтін бөлшектері деп са-
найтын. Нәтижесінде, осындай жағдайда «Атомдардың бір-бірлерімен 
өзара байланыстарының 
себебі
неде?» деген қасиетті сұраққа 
жауап 
табылмады. 
Тек XX ғасырда, атомның күрделі құрылымы табылған кезде ғана 
жоғарыда аталған сұраққа жауап беру мүмкіндігі туды. Атомдардың 
өзара химиялық байланысы олардың электр зарядтары күшінің 
көмегімен бір-бірлеріне өзара ықпал етуі болып шықты. Ол күш-
тердің атом ядросында және оның электрондық қабыршағында 
шоғырланатыны анықталды.
Химия ғылымында ұлы орыс химигі 
Д.и.менделеевтің
аты 
оқшау тұрады. Ол 1869 жылы элементтердің кезеңдік жүйесін жасап, 
ғасырлар бойы бейберекет жинақталған химиялық деректердің ора-
сан көп санын белгілі бір тәртіпке келтірді. Д.И.Менделеевтің ойы 
бойынша, химиялық элементтер өзара олардың атомдық салмағына 
қарай ажыратылады. Әлбетте, ол уақытта ғалымдар атомның күрделі 
құрылымы туралы әлі ештеңе білмейтін. Қазіргі кезде химиялық 
элементтер арасындағы айырмашылықты ғалымдар атом ядросы 
зарядының көлемінен көреді. Сол уақыттан бері қарай химия әлеуетті 
қарқынмен дами бастады.
Бүгінгі күні іс жүзінде адам өмірінде химия енбеген бірде-бір сала 
жоқ. Химия өнімдері киімімізде, тамағымызда, біз дем алатын ауада 
бар. Әдебиетте айтылғандай, осы уақытқа қарай адамзат 8 миллиардқа 
жуық әртүрлі химиялық қосылыстарды дүниеге әкелді. Алайда олар-
ды жүйелеу арқылы химия ғылымын төрт бағытқа келтіруге болады:
1. 
Химиялық қосылыстар туралы ілім (1660-1800 жж)
.
2. 
Химиялық құрылымдар туралы ілім (1800-1950 жж)
.
3. 
Химиялық үдерістер туралы ілім (1950-1980 жж)
.
4. 
Эволюциялық химия (осы уақытта)
.
Қосылыстар туралы ілімде маңызды орын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет