396
Қазіргі замандағы адамзаттың әлеуетті ғылыми-техникалық дамуы
осы заман адамы үшін әлем тарихында теңдесі жоқ қауіп-қатерлер
туғызады. Олардың ішінде бастысы – мәні бойынша қаруланудың
құртып-жоятын, адамға жат түрлерін жасау. Еген бұрын бір жерлер-
де соғыс жүріп жатса, адамзат сонда да тарихтың жалғасатынына
күмәнданбайтын. Бірақ қазір, ядролық соғыстың ғылыми болжамы
бастауында жер бетіндегі тіршілік атаулы құрып кетуі мүмкін.
Екінші қауіп – экологиялық апат мүмкіндігі, өйткені ауа мен судың
ұлттық шекаралары жоқ. Бір жағынан, адам – біздің арғы анамыз бо-
лып табылатын Табиғаттың үзілмейтін бөлшегі. Екінші жағынан, са-
налы болғандықтан және әлемді тани отырып, біз көп жағдайда оны
өзгертеміз, бірақ жақсы жаққа қарай емес. Жанды табиғат әлсіреді,
өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері келмеске кетті. Көп
ғасыр бойы адамзат: «Табиғат – сарқылмайтын байлық», – деп ойла-
ды. Алайда бұл ой жалған болып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: