ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


кең мағынасындағы шығармашылық – адамның



Pdf көрінісі
бет356/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   382
кең мағынасындағы шығармашылық – адамның 
тектік қасиеті.
Сондықтан әрбір адам сүйікті ісімен айналысып қана 
шығармашылық деңгейіне көтеріле алады. Мысалы, тиянақты оқушы 
адамзатқа ежелден белгілі күрделі математикалық есепті шешеді. 
Алайда ол басқалардың көмегіне жүгінген жоқ, ол берілген есепті өзі 
үшін жаңадан ашқандай болды. Ол соны іске асырды, енді өзін жа-
сампаз адамдай сезінеді! Үй шаруасындағы әйел әсемдік журналдары 
беттерінде жарияланған өрнектерді үйреніп, көп жыл бойы өз балала-
ры үшін жылы киім тоқып келді. Жылдар өте келе, әлдебір сәтті күні 
ол өз өрнегін ойлап табады. Ол жаңа туындыны дүниеге әкелді! Оның 
өрнегі журнал беттеріне шықпай-ақ қойсын, бірақ ол бәрібір соның 
өрнегі ғой! Егер адам кертартпалыққа негізделген әлдебір істі өзінше 
істеуді қолға алса, бұл да кең мағынасындағы шығармашылық болып 
шығады. 
Бірқатар жағдайларда адам алдына қойған мақсаттарына жете 
алмайды, ол өзін өмірінің мағынасын жоғалтқандай сезінеді. Он-
дай жағдайда ол бұл мақсатқа деген көзқарасын өзгертіп, оны басқа 
мақсатқа ауыстырса, барлық қиындықтары артта қалады. Бұны 
В.Франкл 
«көзқарас құндылықтары» 
деп атайды. Мысалы, бір 
сұлу қызға, мысалы, егер құндыз ішік сатып алса, «өмір шыңына» 
шығатындай көрінеді. Алайда күндер, айлар өткенмен, қыздың арма-
ны орындалмайды, ол жүйке ауруына шалдығады, бар ойы – сол ішік. 
Бірақ ол сол мақсатқа деген көзқарасын (мүмкін, оған аң терілерінен 
киім кию үшін, аңдарды өлтірудің қажеті жоқ деп есептейтін Джина 
Лолабриджеден үлгі алу керек шығар) өзгертіп, басқа нәрсені мақсат 
етсе (мысалы, құндыз ішіктің орнына, жасанды теріден жасалған 
ішікті сатып алуды ойласа) болды, барлығы да өз орнына келе қалады, 
ал біздің сұлу бикешіміз қайтадан тыныш ұйықтайтын болады. 
Адамдар кейде өмірде қорқынышты түсінде де көрмеген 
жағдайларға (апаттар, цунами, жер сілкінісі, түрме, қатерлі ісікпен


400
ауыру және т.б.), сол жағдайлардан шыға алмайтын қиындықтарға тап 
болады. Өмірінің соңында адамның бәрібір «қасіретті үштік» деп ата-
латын 
азап, кінә
және 
өлімнен
құтыла алмасы анық болса да, ол өмір 
мағынасын жоғалтқандай күй кешеді, кеудесі – бос қуыс, күйзеліс жа-
нын жегідей жейді. В.Франкл айтқандай, «тіпті осындай адам төзгісіз 
жағдайларда да, өмірдің мағынасын жоғалтуға болмайды». Олай болса, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет