ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет355/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   382
Байланысты:
Философия

«экзистенциалдық 
вакуумға»
(ішкі бос қуыс, өмір мәнін жоғалту – В.Франкл енгізген 
термин) түскен. Ондай адам әлеуметтік ауытқушылыққа (ішімдікке, 
нашақорлыққа салыну, қылмыс істеу, Құдайды іздеу, өз-өзін өлтіру 
және т.б.) тап болады (қараңыз: В.Франкл. Человек в поисках смыс-
ла. – М., Прогресс, 1990).
Батыс елдерінде адамдардың көпшілігі өмір мағынасын 
байлықтан
іздейді. 
бұл – жалған өмірлік бағдар.
Мысалы, ата-ана баласы үшін 
барлық қолайлы материалдық жағдайды жасап, қалағанын сатып 
алып береді де, сонымен өз міндетін атқарғандай болады. Ал бірақ 
баласының жан дүниесінде не болып жатқанынан, нені армандайты-
нынан, кім болғысы келетінінен хабарсыз. Баланың жанын түсінуге 
және қалыптастыруға олардың уақыты жоқ. Нәтижесінде, жылдар 
өтіп, бала есейеді, балалық қиялдары артта қалады, бірақ адам тұлға 
болып қалыптаса да, өмірдегі өз орнын таба да алмайды.
Мәселенің төтенше қиындығы – адамға өмір мағынасын беруге 
болмайтындығы: ол оны өзі іздеп, өзі табуға тиіс. Осы дүниеге кел-
ген әрбір адамның өзінің белгілі орны бар, демек, оның өзіндік «өмір 
мағынасы» бар. Өмір соқпақтары қандай бұрмалаң болса да, адам өз 
орнын іздеп табуға тиіс. Біреу өмір мағынасын балаларын тәрбиелеуден 


399
көрсе, екінші бір адам өзінің шығармашылық жетістігінен, ал үшіншісі 
сүйікті адамы үшін өмір сүруден көреді.
В.Франклдің ойынша, тым жалпылама айтқанда, 
өмірдің мағына-
сын
үлкен үш топқа
ажыратуға болады. 
жоғарғы мағына
– тұлғаның 
шығармашылық құндылықтарға
жетуі, яғни бұрын өмірде болма-
ған өзгеше жаңалық ашу. Ол үшін адам дарыны мен талантын кең 
ашып қана қоймай, сонымен қатар өз мамандығын терең, кәсіби 
деңгейде меңгеруге, соның шыңына көтерілуге тиіс. Негізінен, бұл – 
таңдаулы топ өкілдеріне тән қасиет.
Алайда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет