ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


байлықты басқа мақсаттарға  жетудің құралы ретінде пайдалануға болады, ал  мақсаттың өзі



Pdf көрінісі
бет52/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   382
Байланысты:
Философия

байлықты
басқа мақсаттарға 
жетудің құралы ретінде пайдалануға болады, ал 
мақсаттың өзі
ретінде оның 
ешқандай маңызы жоқ.
Адамның барлық іс-әрекеттерінің мақсаты – 
рақатқа жету.
Адам 
саналы тіршілік иесі болғандықтан, рақаттың ең биік шыңы – Әлемді 
өз ойларыңмен қамту (theoria). Бірақ адамға алдымен өмір сүру керек, 
ал ол үшін басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасау қажет.
Әлбетте, кедейлік, қажетті заттардың өне бойы жетіспеуі, ауру-
сырқаулар және басқалары адамды рақаттан алыстата түседі. Сен бай 
болсаң, қалағаныңның бәрі бар болса, денсаулығың мықты, ал күш-
қуатың тасып тұрса, онда сен өзіңді бақытты сезінесің. Алайда бұл – 
барлығы емес.
Рақатқа жетудің айқын жолы – 
арете
(arеte – грек сөзі, ізгілік деген 
мағынада). Адамның 
рақат алуы
– ол ізгілікті іс-әрекеттің нәтижесі, 
бұл 
ақыл-оймен шектелген
ләззат. Олай болса, онда оған үйрену ке-
рек. Адам біржақтылықтан азат болуға және «ортаңғы жолды» таба 
білуге тиіс, еш нәрсе де шектен аспауы керек. Мысалы, батылдық 
ессіз батырлық пен қорқақтықтың арасындағы, ал жомарттық – 
ысырапшылдық пен сараңдықтың арасындағы бірдеңе.
Аристотель 
адамға
«zoon politicon» – 
«саяси хайуан»
деген 
анықтама береді, өйткені адам бұл дүниеде жападан-жалғыз тіршілік 
ете алмайды. Сол себепті мемлекет адамдардың бірлескен тіршілік 
қарекеті жолындағы қажеттілік іспетті пайда болады. Аристотель 
мемлекетті жеке меншік пен еркіндікпен ұштастырады. Сондықтан 
құлдар мемлекеттің азаматтары бола алмайды. Құлдық мәселесінде 
данышпан Аристотель де өз заманының шектерінен шыға алмады, 
өйткені әрбір адам – өз дәуірінің ұрпағы.
Платон жеке меншікке қарсы болса, ал Аристотель сол үшін қол 
көтереді. «Меншіктің орасан зор пайдасын айтпағанның өзінде, 
оның болуының өзі адамды өзгеше рақат сезімге бөлейді, – деп 
сендіреді ол. Алайда байлық иеленуші адам жомарттық көрсетуге, 
кіріптарларға жәрдемдесуге тиіс, олай болмаған жағдайда қоғам 
өзінің орнықтылығынан айырылып қалуы мүмкін». Аристотель 
қоғам 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет