астрология да магияға жақын, өйткені жұлдыздар мен планеталардың
орналасуы бойынша жер бетінде болатын болашақ оқиғаларды, бір не-
месе басқа мемлекеттердің, адамдардың тағдырларын алдын ала көруге
тырысады.
Оккультизм (лат. – құпия, жасырын) де жай адамдар жете
бермейтін, тек арнаулылар ғана қол жеткізе алатын адамдағы және
ғарыштағы жасырын күштерді тани білетін магия мен астрологияға
тым жақын. Оккультизм негізінде әлем – рухтанған, бойындағының
бәрі өзара байланысқан әлдебір тірі организм деген сенім жатыр.
Сөйтіп, барлық осы ілімдерде адамның жасырын әлеуеті, оның табиғат
құпияларын тану және оған қалаған бағытта әсер ете алу қабілеті
танылады.
Қазіргі замандағы химия ғылымының қалыптасуы мен дамуындағы
алхимияның рөлін асыра бағалау мүмкін емес. Ортағасырлық ал-
химиктер қорғасынды алтынға айналдыра алмағанмен, тәжірибе жа-
сау жолымен көптеген заттардың қасиеттері зерттелді, ғаламат зор
эмпириялық материал жинақталды.
Сонымен, ақырында,
каббала (ертедегі еврейлер тілінде – аңыз,
хикая) туралы да бірер сөз айтқанымыз дұрыс болар. Бұл мистикалық
ілім дүние-әлем негізінде 10 саннан және ертедегі еврейлер әліпбиінің
22 әрпінен тұратын 32 элемент жатқанына сендіреді. Каббала Құдайды
мүлдем сапасы жоқ және белгісіз шексіздік деп түсінеді. Алайда ол
барлық заттарға және табиғат денелеріне еніп, олардың мәнін құрайды.
Каббалашылар әртүрлі салт-ғұрыптар, дұғалар және ерік-жігерді
іштей ширықтыру арқылы, сандар мен ертедегі еврей әліпбиінің
әріптерімен әртүрлі айла-шарғылар жасау көмегімен ғажап ғарыштық
үдерістерге әсер етуге болатынына сенеді. Сөйтіп, жоғарыда аталған
ілімдердің барлығы жаңа еуропалық ғылымның тууы мен дамуына
себепші болған
заңды кезеңдер болды деген
қорытынды жасауға бо-
лады. Өкінішке қарай, сословиелік-заңдық тәуелділік, шығармашылық
үшін еркіндіктің болмауы, таусылмас діни қақтығыстар сол кезеңдегі
ғылымның дамуына айтарлықтай кедергі келтірді.
Алайда шын мәніндегі философиялық ізденістер саласын-
да түбегейлі өзгерістер болды. Олар рухани ахуалдың түпкілікті
өзгерістеріне байланысты еді. Өзгеше ғажап құбылыс орын алды:
73
адам өзінің ішкі жан-дүниесінде рухты және өзінің бірбүтін