ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


үшеу . Біріншіден, әлемді  түсінікпен тану



Pdf көрінісі
бет54/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   382
Байланысты:
Философия

үшеу
. Біріншіден, әлемді 
түсінікпен тану
. Платонның шамамен барлық 
туындыларында бұл сұхбат немесе сұрақтар мен олардың жауаптары 
түрінде іске асырылады. Екіншіден, 
сезімдік қабылдау
арқылы біз 
алдымызда жатқан әлемнің заттары мен құбылыстарын, олардың ды-
быстары мен иістерін сезіп, көреміз. Үшіншіден, бұл – 
ерік пен қалау.
Олар адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін бағыттай отырып, оның 
белсенділігін оятады. Соларға толық сәйкестікте Платон үш ғылымды 
ажыратады. Бұл – 
диалектика, физика
және 
этика
. Егер Платонның 
сұхбатын шолып өтсек, онда «Тэтатет», «Парменид», «Софист» деген 
туындылары диалектикаға арналса, «Тимей» мен Федон» – физикаға, 
ал «Мемлекет» және «Саясат» этика мәселелеріне арналғанын байқауға 
болады. Платон бойынша, диалектика ең жоғарғы ғылым болып табы-
лады, өйткені адамның ең жоғарғы рухани қабілеті – ойлайтын ақылы 
негізінде жүзеге асырылады. Онсыз физика мен этика жетілген білімге 
қол жеткізетін толық және өз бетінше бағалы ғылымдар бола алмас 


62
еді. Сол себепті бұл ғылымдар да диалектикамен өрілген. Жалпы 
түрде оны төмендегідей көрсетуге болады:
Диалектика
(Ақыл)
Физика
 
 
Этика
(Сезімдік таным) 
(Ерік және қалау)
Бұл жіктеуде, неге екені, жеке ғылым ретінде астрономияға орын 
берілмепті. Платон бойынша, ол физиканың аса қажетті құрамдас 
бөлігі болып саналады. Адамның ізгіліктері оның мемлекетпен қарым-
қатынасында қалыптасады деп есептейтін Платон әзірше саясат пен 
этиканы бір-бірінен ажырата қоймаған. Академиясының алдын-
да: «Геометр емессің бе, – кірмейсің!» деген ұран ілініп тұрғанына 
қарамастан, Платонның жіктемесінде математикаға да орын табыл-
мапты. Бұл, Платонның ойынша, математика физиканың құрамдас 
бөлігі болып табылатындықтан, бір мезгілде диалектиканың аса күшті 
құралы болатындығына да байланысты.
аристотельге
келер болсақ, оның ғылымды жіктеуі күрделірек. 
Ғылыми таным барысында оның белгісі ретінде ол адамның танымдық 
қабілеттерімен қатар, адамның мақсаттарын да алады. Осы тұрғыдан 
келгенде, диалектика мен физика әлемді танып-білуге бағытталған 
болса, ал ол кезде этика адам қызметінің заңдылықтарын ашуға 
бағытталады. Бірінші топты Аристотель 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет