Құдай- мен байланысын тапты. Ол рухты зерттеп білуге байланысты
сенімдегі философияның жаңа түрінің пайда болуына жеткізді.
Бұл философия діни дүниетаныммен тығыз байланысты еді, екінші
жағынан, адамның тағдыры, қоғам мәселелері және мемлекет оның
өзекті мәселелері болды.
Міне, оның бірнеше мысалы төмендегілер:
Егер ертедегі гректер: «Құдайлар көп пе, әлде ол жалғыз ба?» –
деп өздеріне сұрақ қойса, ал енді қазір Құдайдың жалғыздығы үзілді-
кесілді расталады, яғни
монотеизм (бірқұдайлық) негіздері салынады.
креационизм (лат. – creatura – шығармашылық, туынды) «ежел-
ден бар материяның» ажырап шығуы және Құдайдың шығармашылық
қуаты нәтижесінде дүниенің жоқтан пайда болуының мойындалуы.
антропоцентризм (грекше antropos – адам, centrum – лат. –
орталық). Антикалық философияда егер Әлем – макроғарыш бол-
са, онда адам – микроғарыш. Адам қаншалықты жоғары қойылса
да, ол макроғарыш шектерінен асып шыға алмайды. Енді адамның
орталық, ештеңемен салыстырылмайтын рөлі орнығады, өйткені оны
Өзіне ұқсатып Құдай жаратқан, оның міндеті – жаратылған Әлемнің
билеушісі болу. Бұл оған ерекше жауапкершілік жүктейді: ол қашанда
жанының тазалығын сақтауға тиіс.
адамның Құдай еркіне бағынуы. Егер ертедегі гректер Таби-
ғаттың (фюзистің) мәңгілік заңдарын мойындаса, ал оларға адамдар
ғана емес, Құдайлар да бағынуға тиіс болса, енді адамдар тек Құдайдан
түскен заңдарға бағынуға тиіс. Құдай Еркіне бағынбаудан асқан күнә
жоқ.
Рухани сенімнің пайда болуы. Егер ертедегі гректер сенімді
сезімдік таныммен байланыстырса, ол қашанда алдамшы, сол себепті
олар ақылмен тануға көп көңіл бөлетін, ал қазір ғылымның рөлін
шектеу орын алған, өйткені оның ар жағында Құдай берген ашылуға
(аянға) сену тұр. Адамның рухани мәні ғана танылады. Егер ертедегі
адамдар адамды тән және жан деп ұқса, ал қазір адам үшінші бір
өлшем иеленіп, тән – жан – рухқа айналады.