ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


еркін, өздігінен жетілген, жауапкершілікті болмыс



Pdf көрінісі
бет31/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47

еркін, өздігінен жетілген, жауапкершілікті болмыс. 

Бұл  гуманитарлық  білімнің  негізінде  экзистенция  (тіршілік  ету) 

және  эссенция  (мән,  мағына)  түсініктері  жатыр.  Егер  кез  келген  жа-

нуар бұл дүниеге өзінің мәнімен бірге тіршілік етуге келсе, онда адам 

бұл  дүниеге  алдымен  тіршілік  етуге  келіп,  көп  жыл  өткеннен  кейін, 

көптеген  сынақтардан  өте  отырып,  өзінің  мәнін,  яғни  болмысының 

мағынасын табады.

Көріп  отырғанымыздай,  экзистенциализмнің  әртүрлі  өкілдерінің 

әлеуметтік-саяси  ұстанымдары  бірдей  емес,  бірақ  олардың  барлығын 

бір-ақ  нәрсе  –  осы  күрделі  және  қарама-қайшылықтарға  толы  әлемде 

адамның нақты да шынайы өмір сүруіне деген орасан мүдделілік және 

алаңдаушылық біріктірген-ді.



Экзистенциализм  осы  замандағы  барлық  гуманитарлық  ғылым-

дарды жаңа деңгейге көтерді.

279

8.9. Фрейдизм: саналы және санадан тыс әрекет мәселесі.

неофрейдизм

XX ғасырда ғалымдардың назарын адамның психикасында болатын 

санадан  тыс  қуатты  қабат  (қыртыс)  өзіне  аударды.  Оған  алғаш  көңіл 

бөлген – австриялық дәрігер, психолог және философ зигмунд (Шло-



мо)  Фрейд  (1856-1939)  болды.  Ұзақ  жылдар  бойы  есі  ауысқандардың 

психикасын  зерттей  келе,  ол  олардың  мінез-құлқындағы,  іс-

әрекеттеріндегі санадан тыс импульстердің үлкен рөлі бар екенін тап-

ты.  Нәтижесінде,  «психоталдау»  дүниеге  келіп,  науқастарды  емдеу-

де  айтарлықтай  табыстарға  қол  жетті.  Бұл  ғалымға  шабыт  беріп,  ол 

психоталдаудың  негізгі  ережелерін  қоғамға  және  мәдениетке,  оның 

ішінде философияға да таратты. З.Фрейдтің негізгі еңбектері – «мен 

және Ол» ( бұл жерде де: ОЛ – орысша ОНО. – Аудармашы), «тотем 

және тыйым» және басқалары.

Адамның  көптеген  құпия  тілек-қалаулары  және  ұмтылысы  санаға 

бағынбайтын  әрекет  қойнауларында  жататын  болып  шықты.  Оларды 

білу, табу адамды гипноз, яғни жасанды ұйқы жағдайына келтіргенде 

мүмкін  болады,  сондай-ақ  кейбір  байқаусызда  айтылып  қалған 

сөздерден, дене қимылдарынан, түс көруден де байқалады.

З.Фрейд бойынша, адам психикасы үш деңгейден тұрады:

1.  Ego (лат. – Мен, яғни тұлғаның сана-сезімі).

2.  Super  ego  (лат.  –  ең  жоғарғы  Мен,  яғни  әлеуметтендіру  бары-

сында  тұлғаның  санасына  енгізілген,  адамның  мінез-құлқының  ішкі 

реттелуінде  маңызы  бар  әлеуметтік  нормалар  мен  құндылықтар 

жиынтығы). 

3.  Libido  (лат.  –  құштарлық,  құмарлық).  Оған  адамның  бойын-

да  санадан  тыс  жолмен  өтіп  жататын  барлық  психикалық  үдерістер 

(түйсіктер,  көзсіз  құмарлықтар,  әрекеттер,  сезіну  және  тілектер 

және  басқалары)  жатады.  З.Фрейд  кейде  оны  екі  әріппен:  «Id»  деп 

белгілейді.  Оның  ойынша,  санадан  тыс  әрекеттің  өзегі  –  адамның 

барлық  психикасын  әрлендіріп,  «Меннің»  ерекшеліктерін  тудыратын 

оның жыныстық энергиясы.

З.Фрейдтің  пайымдауынша,  егер  адам  психикасының  (Id)  терең 

қабаты өмірден рақат, ләззат алуға ұмтылса, ал сана-сезімі (Ego) өмір 

жағдайларына бейімделуге тырысады. Нәтижесінде, олардың арасында 

өне  бойы  қарама-қайшылықтар  туып  отырады.  Егер  адамның  тәрбие 

барысында алған Super ego қасиеті ерекше күшті болып шықса, онда 

ол ләззат алуды көздейтін, санаға бағынбайтын импульстердің сыртқа 

шығуына кедергі тудырады. Бұндай жағдайда адамның жүйке қызметі 



280

нашарлап, не істегенін түсінбейтін күйге тап болады. Кей жағдайларда 

санадан  тыс  энергетика  адамның  шығармашылық  дарынын  туды-

рып,  рухани  құндылықтардың  биігіне  көтереді  (лат.  –  sublimation  – 

көтеремін).

Кейіннен санадан тыс әрекет құбылысын З.Фрейд адамның негізгі екі 

түйсігі: өмір – Эрос және өлім – Танатос әрекеттері аясында қарайды. 

Егер  Эрос  өмірге  деген  сүйіспеншілікті,  достықты,  қуанышты  сезіну 

және т.б. оятса, ал Танатос өшпенділік, құртып-жоюға ұмтылушылық, 

адамды  қорлау  сияқты  теріс  әрекеттерге  итермелеп,  адамды  өлімге 

жетелейді.

Алайда санадан тыс құмарлықтар қаншалықты күшті болса да, адам 

оларды құрықтап, өз бақылауына ала алады. Мұнда адамды мазасыз-

дандыратын, санаға бағынбай әрекет етуге итермелейтін импульстар-

ды «сананың айнасына» шығару туралы сөз болып отыр. Қиындықты 

санамен ұғу – оның шешімі жартылай табылды дегенді білдіреді.

Адамның  санаға  бағынбай,  бұзылған  психикалық  күштерді 

бұғаулай  алатын  қуатты  құралы  бар,  ол  –  мәдениет.  Мәдениет 

құндылықтары  адамға  өзінің  көзсіз  құмарлықтары  мен  әрекеттерін 

ығыстыра  және  шектей  отырып,  табиғатпен,  басқа  адамдармен 

өзара  қарым-қатынастарын  орнатуға  көмектеседі.  Алайда  психика 

шектерінен  ығыстырылған  импульстер  жоғалып  кетпейді,  олар  өмір 

сүруін  жалғастырып,  жинақтала  береді.  Кей  кездері  сырттан  бір  не-

месе  басқа  амал  тауып,  олар  адамды  әртүрлі  бақытсыздықтар  мен 

қайғы-қасіреттерге ұшыратуы мүмкін. З.Фрейдтің ойынша, жыныстық 

құмарлықтар қатыгездікпен, зорлық-зомбылықпен және басқадай теріс 

құбылыстармен тығыз байланысты.

Сөйтіп,  жоғарыда  аталған  екі  түйсік  мәдениет  дамуының  негізгі 

бағыттарын  айқындай  отырып,  өне  бойы  бір-бірімен  күресумен 

болады.


Жалпы,  З.Фрейдтің  ілімі  сол  заманғы  Батыс  елдеріне  екіжақты 

ықпал  етті.  Бір  жағынан,  ғылым  және  емдеу  формасы  ретінде  пси-



хоталдау  пайда  болды,  ол  өмірдің  қарқынды  формалары,  тұрақты 

бәсекелестік, өмір үшін күреспен бірге, Батыс қоғамдары үшін өзгеше 

қажетті  болып  шықты.  Екінші  жағынан,  фрейдизм,  –  бұл  ілімнің 

негізгі қағидаларын көркем шығармашылық (кинофильмдер, пьесалар, 

романдар)  тіліне  аудару  толқынында  жыныстық  төңкеріс  деп  атала-

тын,  қоғамның  адамгершілік  ахуалына  теріс  әсерін  тигізетін  жағдай 

орын алды.

Психосараптамалық идеялар халықаралық алаңға шыққан сол кезде-

ақ, яғни өткен жүзжылдықтың 20 жылдарында Батыста кең таралған 


281

уақытта,  Фрейдтің  психоталдауы  экзистенциалистер  (Ясперс),  фено-

менологтар  (Шелер),  әсіресе  философиялық  антропология  өкілдері 

тарапынан  сын  нысанасына  айналды.  Кейіннен  Витгенштейн,  Сартр, 

Поппер,  Мунье  сияқты  философтар  да  әртүрлі  психосараптамалық 

тұжырымдамаларды сынға алды.

Ал  ең  қызығы  мынада:  бұл  философиялық  сын  ақыр  соңында 

әртүрлі  жоспарлардың,  оның  ішінде  психосараптамалық  идеялардың 

бір-біріне селбесе тіршілік етуіне негізделген жаңа ілімдерді құрғысы 

келетін саны көп әрекеттерге алып келді.

Фрейд  шәкірттерінің  бірі,  өз  көзқарасын  санадан  тыс  әрекет  тео-

риясына  енгізген  швейцарлық  психолог  және  психиатр  карл  густав 



Юнг  (1875-1966)  болды.  Басында  ол  өз  ұстазының  негізгі  идеяларын 

жан ұшыра жақтаушы болды. Кейіннен оның санадан тыс әрекеттерге 

қатысты көзқарастары өзгерді.

Өзіне емделуге келушілердің ұйқыдағы түстеріне талдау жасай келе, 

ол олардың түстерінде ертедегі ата-бабаларының аңыз-ертегілеріндегі 

мифологиялық  кейіпкерлердің  бейнелерінің  көрініс  беретіні  туралы 

қорытындыға  келеді.  Олай  болса,  санадан  тыс  жеке  әрекетпен  қатар, 

психикада  «санадан  тыс  ұжымдық  әрекеттер»  де  бар.  Егер  «сана-

дан  тыс  жеке  әрекет»  адамның  өмір  тәжірибесінен  келіп  шығатын, 

ығыстырылған  немесе  ұмыт  болған  күйзелістер  мен  құмарлықтарды 

құраса, ал «санадан тыс ұжымдық әрекет» жалпыадамдық тәжірибені 

қамтиды. Оның үстіне, одан адамзаттың көпмыңжылдық тәжірибесін 

ғана  емес,  сонымен  қатар  адамға  дейінгі  жан-жануарлар  тіршілігінің 

іздерін  де  көруге  болады.  Батырлардың,  Отан-Ананың,  ақсақал-

данышпандардың,  жындардың  және  басқаларының  бейнелері  ауық-

ауық адамдардың түстерінде көрініс береді. К.Юнг оларды «архетип-



тер»  (ең  ежелгі  тұрпат)  деп  атайды.  Бұл  бейнелер  нақты  мазмұнмен 

толықпаған және тек нышан-пішін түрі бар, алайда тұлға өзінің дербес 

өмір  тәжірибесіне  байланысты  оларды  нақты  мазмұнмен  толықтыра 

алады.  Әрбір  халық  өзінің  қайталанбас,  тілде,  салт-ғұрыптар  мен 

дәстүрлерде  бөлшектенетін  өмір  тәжірибесінен  өтетіндіктен,  архе-

типтер  де  ұрпақтан-ұрпаққа  беріледі.  Халықтың  көптеген  дәстүрлері 

жоғалған жағдайда да, олар адамның өзіндік дүниетанымын құра оты-

рып, генетикалық механизмдер арқылы берілуге қабілетті.

Сөйтіп,  егер  Фрейдке  санадан  тыс  әрекет  «микроәлемін»  тал-

дау  еңбегі  тиесілі  болса,  ал  Юнг  санадан  тыс  әрекетті  зерттей  келе, 

оның  жекелеген  тұрпаттық  құрылымдарының  (архетиптерінің)  және 

мәдениеттерге  ортақ  құрылымдардың  немесе  бейнелердің  өзара 

ұқсастығын көрсетті.


282

«Архетип» ұғымына Юнг мынадай түсініктеме береді: бұл – әлдебір 

«байырғы  бейне»,  онда  «санадан  тыс  ұжымдық  әрекеттің  мазмұны 

санада  айқын  көрсетілген  бейімділік  және  орныққан  пікір  арқылы 

берілген». Көбінесе жеке адамға олар сыртқы факторлармен байланыс-

ты болып көрінеді, ал олар «жанның санадан тыс құрылымынан» бола-

ды. «Санадан тыс ұжымдық әрекеттің» бұл үстемдігі тәжірибелерден 

бұрын болған және объективтік деректерден жоғары тұр.

«Санадан  тыс  ұжымдық  әрекет»  –  ол  айнада  бейнеленген-

дей  психикалық  әлем,  миллион  жыл  болғандай  сана.  Ондай  сана 

бір  мезгілде  қазіргі  және  нағыз  болмысы  бар  заттың  пайда  болу-

ын  да,  жоғалуын  да,  сондай-ақ  ол  пайда  болғанға  дейінгіні  және  ол 

жоғалғаннан кейін де бола беретіннің бәрін көрді.

Архетип нәтижесінде, Юнгтің пікірінше, тәжірибеден бұрын, сана-

дан тыс рухтың бар негіздерін мұра етуі себепті халықтың психикалық 

өмірінде тиісті тип (тұрпат) туады.

Юнг енгізген екінші бір ұғым – «психологиялық тұрпаттар». Юнг 

оларды психикалық қызметтеріне қарай: интроверт және экстраверт 

деп ажыратады.

Интроверсия  –  ішке  қарай  бағытталу.  Ол  тұлға  теориясын-

да  әлеуметтік  қақтығыстардан  аулақ  болу  және  өзіндік  ойларының 

қамымен жүру үрдістерін белгілеу үшін пайдаланылады. Бұл, мүмкін, 

«қалыпты»  сипаттама  болғанмен,  көпшілік  адамдар  интроверсияның 

шектен асқан формаларының патологиямен

1

 шектесіп жатқанын сезеді.



Экстраверсия  –  сөзбе-сөз  сыртқа  бағытталу  дегенді  білдіреді. 

Бәрінен бұрын, тұлға теориясында өз энергиясын сыртқа бағыттау, ай-

нала  қоршаған  және  әлеуметтік  орта  үшін  қам  жеу  және  сол  ортадан 

жанына рақат табу үрдісін белгілеу үшін пайдаланылады.

Интраверсия мен экстраверсия – екі теориялық полюсі бар тұлғаның 

болжаммен алынған өлшемі. Бірақ қазіргі уақытта көпшілік теоретик-

тер  жекелеген  тұрпаттардың  бар  екеніне  шүбә  келтіреді  және  оның 

орнына екі тұрпатты да бірқатар әртүрлі мінез-құлық, іс-әрекеттердің 

жиынтығы  деп  қарайды.  Одан  өзге,  екі  полюстің  де  қарама-қайшы 

ретінде қаралуы күмәнді, өйткені көптеген адамдарда екеуі де көрініс 

беріп,  бір  полюстің  іс-әрекетте  күшеюі  мүмкін  болса,  ал  екіншісінде 

азаюы міндетті емес.

Юнг сол заманғы техникалық өркениетті және бұқаралық қоғамды 

күрт  сынға  алды,  рас,  оның  себебін  ол  Батыс  адамының  құдайсыз 

әлем  құрғанынан,  өздерінің  төл  дінін  ұмытқанынан  және  бүкіл  жер 

1 Бұл жерде: патология  – қалыптан ауытқушылық.



283

шары  бойынша  басқа  дәстүрлердің  түп-тамырларына  балта  шауып 

жатқанынан көрді. Оның пікірі бойынша осының барлығы әлеуметтік-

саяси  деңгейде  тоталитарлық  идеологияның  таралуына  әкеліп 

соқтырады.  Егер  шіркеу  дәстүрінің  архетиптерге  жұмсалған  энер-

гияны  ғажап  символикалық  ғарышқа  айналдыру  арқылы  солар  үшін 

жеткілікті құралдары болса, ал протестантизмнен басталған «қасиетті 

қабырғаларды  батыл  әрекетпен  алу»  –  сол  тектегі  универсумға  ие, 

сондықтан  да  санадан  тыс  ұжымдық  әрекет  энергиясының  күтпеген 

«олқылықтарының»  болуы  салдарынан  ерекше  әлсіз  материалистік 

өркениетке келтірді.

З.Фрейдтің  өзге  ізбасарлары:  а.адлер  (1870-1937),  к.Хорни        

(1888-1959), Э.Фромм (1900-1980), г.маркузе (1898-1979) фрейдизмнің 

негізгі қағидаларын қоғам өмірімен ұштастыруға әрекеттенді.

Сөйтіп,  австриялық  дәрігер-психиатр  және  психолог,  дербес 

психологияның  негізін  салушы  Альфред  Адлер  «компенсация»  (тол-

тыру,  өтем)  ұғымын  енгізеді.  Адам  өзінің  дене  бітіміндегі  кейбір 

кемшіліктерге  және  кейбір  табиғи  дарындарының  осал  дамығанына 

бола,  өзін  кемтар,  жетілмеген  деп  сезінуі  мүмкін.  Нәтижесінде,  өз 

мүмкіндіктеріне сенбеу, бейшаралық күй кешу пайда болады. Осының 

бәрін жеңу үшін, адам шығармашылық тұрғыда жан-жақты ашылып, 

жетілуге  бар  күш-жігерін  жұмсайды.  Адамның  нақ  осы  белсенділігі 

орасан  артқан,  болмысқа  деген  өжет  құлшынысын  Адлер  өтем  деп 

атайды. Ойшылдың пікірінше, егер адам осы жолда асқан белсенділік 

танытса, онда ол өзінің кемшіліктерінің орнын толтырып қана қоймай, 

сонымен  бірге  ұлылыққа  да  жетеді.  Ондай  ахуалды  ол  үстеме  өтем 

деп атайды. (Әдебиетте Гитлер бір аяғын сылтып басқандықтан, өзін 

суретші ретінде таныта алмады дейтін пікір бар. Нәтижесінде, ол өзін 

саясат саласына бұрып, асқан белсенділік танытқаннан заң жүзінде кан-

цлер лауазымына қол жеткізген, ал Наполеон бойының қысқалығынан 

өзін кемтар сезініп, үстеме өтем есебінен императорлыққа жеткен).

Адлер идеяларының неофрейдизмге ықпалы зор болды.

Неофрейдизмнің  негізін  салушылардың  бірі  –  американдық  пси-

холог және психопатолог Карен Хорни болды. Ол неврозды (жүйкенің 

тозуын) адамның мінез-құлқының өзіне дұшпан әлеуметтік ортадағы 

үйлесімсіз қорғаныс формалары деп түсіндіреді. Соған байланысты ол 

адамның жетіліп дамуын қалыпты және қалыптан ауытқыған түрінде 

көрсетеді.  Қалыпты  күйде  адам  өзінің  дарындылықтарын  көрсетуге 

және ойлағандарын іске асыруға тырысады. Қалыптан ауытқыған кез-

де  адамның  психикасында  теріс  құбылыстар  жинақталып,  неврозға 

әкеліп  соқтырады.  Адам  өміріндегі  қалыптан  ауытқудың  себептерін 


284

К.Хорни:  әлеуметтік  факторлардан  (қоғам  ауруынан),  ата-ана  мен 

балалардың өзара қарым-қатынастарының теріс қырларынан, адамның 

дұрыс  жолын  таппай,  теріс  жолға  түсіп,  енді  мағыналы-өмірлік 

бағдарларды іздеуінен көреді.

Оның  пікірінше,  әлеуметтік  қалыптан  ауытқу  жүйкесі  тозған 

адамның төмендегідей тұрпаттарын қалыптастырады:

–  икемделушілік, бейімделушілік – яғни адам еш мақсатсыз, қалай 

болғанда  да,  айналасындағылардың  құптауына,  мақұлдауына  лайық 

болуға ұмтылады;

–  ұятсыз,  басқыншылық  әрекетпен,  тіпті  кезде  қылмыстық  жол-

мен де, қалай да билік пен күшке қол жеткізуге ұмтылу;

–  оқшаулану арқылы қоғам мәселелерінен теріс айналу.

Әлеуметтік  нормалардан  ауытқушылық  иіріміне  түсіп  кетіп,  адам 

сол  тұңғиыққа  тереңдеп  бата  береді.  Ол  шырғалаң  шеңберден  шығу 

үшін,  қоғамның  қолдауымен  адам  тарапынан  көп  күш  жұмсалуы  ке-

рек.

Неофрейдизмнің  жарқын  өкілдері  –  Герберт  Маркузе  және  Эрих 

Фромм  болып  табылады.  Оларды  XX  ғасырдың  20-сыншы  және  30 

жылдарының басында әлеуметтік зерттеулер орталығы ретінде пайда 

болған  франкфурттық  мектеп  біріктіреді.  Екеуі  де  –  фрейдомарксис-

тер.

Әлеуметтік  философ  және  әлеуметтанушы  Маркузе  марксизмнің, 



экзистенциализмнің  және  психоталдаудың  кейбір  идеяларын  жинақ-

тауға  бағытталған  «қоғамның  сын  теориясын»  негіздеді.  Ол 

техногендік  өркениет  және  бұқаралық  мәдениет  қызметінің  өнімі 

ретінде  «бірөлшемді  адам»  тұжырымдамасын  ұсынды;  адам  бейнесін 

бұрмалайтын  және  тұлғаның  шеттетілуіне  жеткізетін  жүйелер 

ретінде  капитализмнен  де,  социализмнен  де  «ұлы  бас  тарту» 

қағидасын алға тартты.

Маркузенің ең танымал еңбегі – «бірөлшемді адам» (1964). Орыс 

тілінде  1994  жылы  ғана  басылып  шықты.  Онда  автор  қоғамда  бір 

өлшеммен ғана өмір сүретін, өзіндей жарымжан және тегіс философия-

ны басшылыққа алатын адамның бейнесін сомдады. Жаппай бақылау 

жасаудың  салдарынан  сын  тұралап  қалған  қоғам  –  ол  оппозиция-



сыз  қоғам.  Философия  бұл  жерде  технократтық  рационализация  мен 

позитивизмнің ең жаман түрі қолдайтын билік күшінің логикасы салған 

жарадан зардап шегеді (мұнда ол философиялық зерттеудің танымдық 

құндылығын  жоққа  шығарады).  Технологиялық  қоғамда  жұмыспен 

қамту және әлеуметтік мінез-құлықты ғана емес, сонымен қатар дер-

бес  қажеттіліктерді  де  айқындай  отырып,  аппарат  тұтас  билікке 



285

ұмтылады.  Ой  мен  сөздің,  сана  мен  бастамашылықтың  бостандығы 

бүтін қоғамның тағдырын бөліседі. Белгіленген әлеуметтік тәртіптерге 

қатысты сынның толық жойылуы тән болған бірөлшемді адам осындай 

қоғамда  қалыптасады.  Осындай  жағдайларда  өзгерістердің  қозғаушы 

күші барлық әлеуметтік құндылықтардан БАС ТАРТУ болып табыла-

ды, ал революциялық көтерілістердің бастамашылығы «аутсайдерлер-

ге» (люмпендер

1

 мен жұмыссыздарға), сондай-ақ түпкілікті зияткерлер 



мен студенттерге өтеді.

Егер  Фрейд  сөзсіз  бостандықты  шектеулі  құрылған  өркениеттің 

бағасы  ретінде  санаса,  Маркузенің  пайымдауынша,  бұл  мүлде  «өмір 

бойы ақы төлеу керек» дегенді білдірмейді.

Маркузенің  пікірінше,  капитализмнің  дамуы  көп  нәрсені  өзгертті, 

ал енді жаңарту үшін күрес Маркс көрсеткен жолмен жүре алмайды, 

өйткені  «бірөлшемді  қоғамның  тоталитарлық  үрдістері  қарсылықтың 

дәстүрлі формаларын тиімсіз етеді...».

Фрейдизмді  жаңартуға  тырысып  және  негізге  либидоны,  яғни 

жыныстық ырықсыз сезімді ғана алып, Маркузе өткен жүзжылдықтың 

60-70  жылдарындағы  жастар  бүлікшілігі  кезеңінің  Еуропадағы 

«жыныстық революция» үдерістерін түсіндіруге әрекет жасады.

Неофрейдизмнің  келесі  жетекші  өкілі  –  неміс-американдық  фило-

соф, әлеуметтанушы және психолог Эрих Фромм болды. Ол Фрейдтің 



биологизмін теріске шығарды және санадан тыс әрекет нышанын қайта 

қарап, адамдардың назарын басылып-жаншылған жыныстық ырықсыз 

сезімнен  әлеуметтік  себептерден  туған  дау-дамай  жағдайларына 

аударды.  Фромм  адамның  психикасы  мен  қоғамның  әлеуметтік 

құрылымы арасындағы байланыстырушы тармақ ретінде «әлеуметтік 

сипат» ұғымын енгізді.

Сол заманғы қоғам дағдарысының себептерін талдауға оның ең та-

нымал  еңбектерінің  бірі  «Ие  болу  немесе  болу»  (1976)  арналды.  Бірақ 

бастапқыда  бұл  кітаптың  көптеген  идеяларына  автор  кең  тараған 

«Бостандықтан безу» (1941) атты еңбегінде орын берген-ді.

Фроммның  пікірінше,  тұлғаның  қалыптасуында  әлеуметтік  фак-

торлар  шешуші  рөл  атқарады.  Осы  заманғы  Батыс  қоғамдарындағы 

миллиондаған  адамдардың  жүйке  жүйесі  тозуының  себептерін 

ол  адамның  өмір  сүруінің  шынайы  мағыналарының  шеттетілуіне 

келтіретін «машиналау» және «компьютерлеу» үдерістерінен көреді.

1

  Люмпен-пролетариат  –  нем.  –  Lumpenproletatiat:  1)  жұмысшы  табының  төменгі  топта-



рын белгілеу үшін К.Маркс енгізген ұғым; 2) кейіннен адамгершілік тұрғыда іріп-шіріген, 

құлдыраған  адамдар  тобыры  (оның  ішінде  қаңғыбастар,  тақыр  кедейлер,  қылмыскерлер) 

солай аталатын болды.


286

Қазіргі заманғы қоғамдарда болмыс тұжырымдамасы емес, ие болу, 



иелену үстемдік ететін болды. Нәтижесінде, «жинақтау», «нарықтық», 

біреуге  арқа  сүйеу,  яғни  «масылдық»  сияқты  әлеуметтік  сипаттар 

қалыптасып келеді.

Ал  адамның  өзінің  тіршілік  етуінің  шынайы  мағыналарынан 

алшақтауының  аса  көрнекті  мысалы  «азаттықтан  қашу»,  есірткі  мен 

араққұмарлықтың батпағына бату және әлеуметтік ауытқушылықтың 

басқа да түрлері болып отыр.

Науқас  қоғамды  емдеп  жазуға  бола  ма?  Э.Фроммның  пікірінше, 

ол  үшін:  «гуманистік  жоспарлауды»  іске  асыру,  оны  өмірге 

енгізу  керек,  иеленудің  жинақтаушы  психологиясынан  арылып, 

басқарудың  «қитұрқы»  формаларынан  және  басқа  да  кемшіліктерден 

бас  тарту  қажет.  Қоғамды  басқарудың  гуманистік  формалары 

қарапайым  адамдардың  өмірдің  әлеуметтік  мәселелеріне,  болмыс 

құндылықтарының  басымдығына,  шығармашылық  істе  тұлғаның  өз-

өзін жетілдіруге қызығушылығы оянуына жеткізер еді.

Сонымен  бірге  Э.Фромм  адамның  тіршілік  етуінің  жойылмайтын 



қасіретті жақтарын да көрсетеді. Олар «адам – кеңістік пен уақытта 

шектеулі,  өмір  мен  өлім  арасында  жүретін  және  әрекет  ететін  тірі 

тіршілік иесі» деген тұжырымға байланысты. Сондықтан ол шектеулі 

өмірінің барысында өзінің барлық дарындылығын ашып көрсетіп, ал-

дына қойған мақсат-міндеттерін іске асырып үлгіре алмайды.

Бірақ  тіпті  осы  жағдайда  да  тіршілік  етудің:  ие  болу  немесе  болу 

(өзі)  деген  екі  тәсілі  орын  алады.  Біріншісінде  тұжырымға:  «Өзімде 

не бар, нені тұтынамын – мен солмын» деген ереже алынады. Фромм 

жекешілдер  мен  тұтынушылар  –  консумистерге  (лат.  –  consume  – 

тұтынамын)  Бұдданың  жеке  меншікке  ұмтылмау  туралы  ұранын 

ұмытпауды  еске  салады.  Иса  Мәсіх:  «Бар  әлемді  иеленген,  ал  өзін 

жоғалтқан адамға ештеңе де жұбаныш бола алмайды», – деген. Маркс 

«байлық та – кедейлік сияқты кемістік» екенін айтып, болмыстың қақ 

ортасында болуға кеңес береді, бұл көп иеленудің қажеті жоқ дегенді 

білдіреді  (бұл  жерде  Фромм  Маркстің  «шынайы»,  әлі  бұрмаланып 

үлгірмеген  пікіріне  сілтеме  жасаған).  Адам  болмысының  модальдығы 

(лат. modus – тәсіл, рай (тіл біліміндегі. – Аудармашы) – «тәуелсіздік, 

еркіндік және сыни ақыл-ойдың болуы». Болмыстың маңызды сипат-

тамасы – белсенді болу, бірақ сыртқы әбігершілік мағынасында емес, 

ішкі өнімділік мағынасында. Бұл – жаңару, жетілу, сүю, өз «МЕНінің» 

оқшау мекенінен шығу деген сөз.

Фромм  Маркс  еңбектерінің  орасан  зор  әсерін  сезді.  Фрейд  пен 

Маркс  идеяларын  салыстыра  келе,  олардың  арасындағы  қарама-


287

қайшылықтарды  көрсете  отырып,  ол  басқа  бір  синтез  құруға 

әрекеттенді. Сондықтан да Фромм көбінесе тұлғаның маркстік идеяға 

бағытталған  теоретигі  деп  аталып  жүрді,  бірақ  оған  өзін  диалектика 

гуманисі деп атаған ұнайтын.

Фроммның  ойынша,  адам  тұлғасы  нақты  бір  қоғам  беретін 

мүмкіндіктерге сәйкес дамыса, ал әлеуметтік сипат осы қоғамның та-

лаптарына сай дамиды.

Фромм  әлеуметтік  сипаттың  өзіне  замандас  қоғамнан  тапқан: 

ұсынылатын  (рецепт  сияқты),  пайдаланушылық,  жинақтаушы, 

нарықтық  және  өнімділік  сияқты  бес  тұрпатын  ажыратып  көрсеткен 

және суреттеген.

Бұл  тұрпаттар  жеке  тұлғаның  әлемге  және  бір-бірлеріне 

қатынасының  тәсілі  болып  табылады.  Аталғандардың  соңғысын 

ғана  Фромм  дұрыс  және  Маркстің  «еркін,  саналы  белсенділік»  деп 

атағанына  сай  деп  бағалайды.  Ол  сипаттың  тағы  екі:  өлі  нәрсеге 

бағытталушылықты  іске  асыратын  жансыз  (Маркс  бойынша:  «Өлі 

ұрпақтардың  дәстүрлері  тірілердің  санасын  қорқынышты  түстей  ба-

сып,  ауырлатады»)  және  оған  қарама-қарсы  –  өмірге  деген  сүйіспен-

шілікті іске асыратын жанды тұрпатын суреттейді.

Адам  мен  қоғамның  қатынастары  мәселесінің  Фромм  үшін  үлкен 

маңызы  болды  және  оған  үнемі  қайта  оралып  отырды.  Ол  төмендегі 

ережелердің шынайылығына сенді:

а) адам жаратылысынан мәнді табиғатқа ие;

ә)  қоғамды  адамдар  осы  мәнді  табиғат  жүзеге  асыра  алуы  үшін 

құрған;


б)  осы  уақытқа  дейін  бірде-бір  қоғам  толығымен  адамның  негізгі 

мұқтаждықтарын елемеді;

в) бірақ ондай қоғам құрылуы мүмкін.

Сөйтіп,  Фрейд  және  оның  ізбасарлары  айтқан  психосараптамалық 

идеялар  әртүрлі  теориялық  ұстанымдарды  білдірсе  де,  сол  заманғы 

Батыстың  әлеуметтік  философиясының,  психологиясының,  әлеумет-

тануының  тұжырымдамалық  құрылымына  және  гуманитарлық  ғы-

лымдардың тұтас кешеніне табиғи байланыстылықпен енді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет