ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет10/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47

үлгілерін көреміз. Ақыр соңында, бұл эманация біздің Ай астындағы 

әлеміміздің  құрылуымен  аяқталады.  Оның  айырмашылығы  –  бұл 

көптік әлемі. Оның негізінде жер, су, ауа мен от жатыр. Ал өмірге кел-

сек,  Әл-Фараби  оны:  өсімдіктер,  жан-жануарлар  және  ақылды  жан-

жануарлар, яғни адамдар деп бөледі.

ақыл-парасат туралы ілім. Алғашқы мән – белсенді ақыл-парасат 

өзі тудырған болмысқа төрт парасат қосады:



әлеует  парасаты  –  бұл  адам  жанының  заттардың  табиғатын, 

олардың пішім-бітімін тану мүмкіндігі.



маңызды  (өзекті)  парасат  –  бұл  заттардың  табиғатын  тану  және 

олардың пішіндерінің өздерінің материалдық негіздерінен оқшаулану 

мүмкіндігі.  Таным  барысында  адамның  дерексіз,  жалпылама  ойлау 

белсенділігі арқылы заттардың пішіндері ойлау қызметінің нысанына 

айнала отырып, дербес болмысқа ие болады.

игерілген парасат – бұл қоршаған дүниені танып білу барысында 

адам баласының өз жанында жинақтаған білімдерінің жиынтығы.



іс-әрекет  парасаты  –  бұны  әлеует  парасаты  мен  өзекті  парасат 

арасындағы өзіндік бір байланыстырушы тармақ деуге болады. Соның 

нәтижесінде  әлеует  парасаты  өзекті  парасатқа  айналады.  Мысалы, 

адамның  көзі  күн  сәулелерінің  көмегімен  өзінің  көру  мүмкіндігін 

шынайылыққа айналдырады. Адамның қоршаған дүниені танып білуі 

барысында іс-әрекет парасаты соған шамалас қызмет атқарады.

Әл-Фарабидің  әлеуметтік-саяси  және  моральдық  философиясы 

да  жеткілікті  дәрежеде  негізді  болып  табылады.  Қоғам  иерархиялық 

ұйымдастырылған әлемге ұқсас өмір сүреді. Бұл жерде тек Алғашқы 

мәннің орнын халиф – имам басып отыр. Ол өзінің өкімдері, ойлары, 

сезімдері,  жан  күйзелістері  арқылы  өзін  қоршаған  ортаға  әсер  етеді, 

ал олар адамдарға және одан да төменірек басқаларға әсерін тигізеді, 



88

сөйтіп,  халифтен  шыққан  флюидтер

1

  қоғамның  ең  төменгі  топта-



рына  жетеді.  Қоғамның  қажеттігін,  біріншіден,  адамның  жападан-

жалғыз жан сақтай алмайтындығымен, екіншіден, басқаларсыз жетіле 

алмайтындығымен түсіндіруге болады.

Әл-Фараби  толық  және  толық  емес  қалаларды,  яғни  қоғамдарды 

ажыратып  көрсетеді.  Толық  қала  –  ол  бір  немесе  басқа  халықтың 

қоғамдық ұжымдасқан өмірі болса, ал толық емес қала – ол бір неме-

се  басқа  ауылдың  немесе  қала  көшесінің  тұрғындарының  өмірі,  олар 

өздігінен  жетіле  алмағандар.  Ал  толық  қалаларды  тағы  екі:  ізгілікті 

және надан деп екіге бөлуге болады.

Ізгілікті қаладағы негізгі мақсат – адамдардың бақытқа жетуі. Бұл 

мақсат  үшін  олар  бір-бірлеріне  жәрдемдеседі.  Ондай  қала  бір-бірімен 

тығыз байланысты, бірақ әрқайсысы толығымен өз қызметін атқаратын 

адамның  дене  мүшелерін  еске  түсіреді.  Соған  ұқсас,  қала  адамдары 

әртүрлі  болғанмен,  басшыларға  бағынуға  және  өзара  бірлесе  қызмет 

атқара  отырып,  бір-бірлеріне  жәрдемдесуге,  толыққанды  өмір  сүруге 

тиіс.


Надан  қалада  жағдай  мүлдем  басқаша:  бұл  жерде  адамдар  бақыт 

дегеннің  не  екенін  білмейді,  сондықтан  оған  ұмтылмайды,  оған 

сенбейді.  Өмір  мұраты  деп  олар  денсаулықты,  байлық  пен  рақат-

қызыққа  жетуді,  еш  кедергісіз  құмарлықтарға  берілуді,  атақ-даңққа 

бөленуді  ойлайды.  Бұл  мақсат-мұраттардың  әрқайсысы,  олардың 

пікірінше,  бақытқа  жеткізеді,  ал  егер  ойлағандарының  барлығы  іске 

асса, одан асқан бақыт жоқ.

Әл-Фараби надан қалаларды жіктеп, саралап шыққан.



Қажеттілік  қаласында  адамдар  ең  өмірлік  маңызды  өнімдер  мен 

заттарды  өндіру  мақсатында  бір-бірлерімен  бірігеді,  сөйтіп,  жан 

сақтайды.

айырбас қаласында барлық адамдар байлыққа ұмтылады.

күйреген қалада адамдар өмірлерінің мәнін ұғынудың орнына, тек 

өз құмарлықтарын қанағаттандыруға ұмтылады.



биліксүйгіш қалада адамдар басқаларға жоғарыдан қарайды. Олар-

ды жеңіс қана қуантады.



ізгіліксіз  қалада  адамдар  ізгілікті  жақсы  біле  тұра,  бәрін  де  кері-

сінше істейді.



адасқан қалада адамдар өз өмірлерінің мәнін жоғалтқан және т.б.

1

 Флюид (лат. fluidus – «ағатын» деген ұғым). Бұл жерде байқалмайтын «психикалық әсер» 



деген мағынада.   

89

Қоғамның  жай-күйі  және  дамуы  халифке  тәуелді  болғандықтан, 

Әл-Фараби  билеушінің  жеке  басына  аса  қажетті  алты  қасиетті  жеке 

бөліп көрсетеді:



даналық,  яғни  билік  жүргізу  халықтың  тарихи  тәжірибесіне, 

дәстүрлеріне,  адамгершілік  ізденістеріне  сүйене  отырып,  терең  ой-

толғаныстар негізінде жүзеге асырылуға тиіс;

білімділік,  яғни  басшы  өз  заманының  талаптарына  жауап  беруге 

әзір, озық білімді адам болуға тиіс;



тапқырлық, яғни жаңа жағдайда, күрт өзгерістер туғанда қоғамда 

пайда болған мәселелердің шешімін жедел табуға қабілетті болу;



болашақты  көре  білу,  демек,  бүгінгі  күнді  ғана  емес,  алыс 

болашақта не болатыны туралы да ойлау;



сөзбен  халықты  шабыттандыра  білу,  оның  істерін  игі  мақсаттарға 

бағыттау;



денсаулығының  мықты  болуы,  өйткені  оған  үлкен  күш  және 

жауапкершілік  жүктеледі,  әсіресе  соғыс  қимылдары  орын  алған 

кезеңдерде.

Бірақ  барлық  осы  қасиеттердің  ішінен  ең  бастысы  ретінде  Әл-

Фараби даналықты әділетті бөліп көрсетеді.

Көріп  отырғанымыздай,  бұдан  мың  жылдан  артық  уақытта  өмір 

сүрген  Әл-Фарабидің  ойлары  бүгінгі  күні  де  өзектілігін  жойған  жоқ. 

Кеңірек айтқанда, қай дәуірді алсақ та, философия тарихы ешқашанда 

«ескірмейді»,  онда  жинақталған  ойлар  жаңа  шығармашылық 

ізденістерге шабыт береді.



2.6. ибн-сина мен ибн-Рушд

Ортағасырлық  ірі  ғалым-энциклопедистердің  бірі  әбу-әли  ибн-



сина (980-1037) Бұқараға жақын жерде дүниеге келген. Ұлты – тәжік. 

Еуропаландырылған  есімі  –  авиценна.  Негізгі  еңбектері:  «логика», 



«метафизика», «Риторика» («Шешендік») және басқалары.

Ибн-Сина  әлемнің  білімді  адамдарына  өз  қызметінің  екі  жағымен 

танымал: ол дәрігер және философ. Оның «Сауығу кітабы» төрт ғасыр 

бойы еуропалық студент-дәрігерлердің қойын кітапшасы болған.

Оның  философиялық  идеяларына  тоқталар  болсақ,  оның  болмыс 

туралы  ілімі  де  эманация  қағидасына  сүйенеді.  Әлем  Алланың  – 

бастапқы себептің жан-жақты жетілуіне және кемерінен асып төгілуіне 

байланысты  пайда  болған.  Алғашқы  себеп  кемерінен  аса  отырып, 

иерархиялық тәртіппен Әлемдік Ақыл-парасатты, Жанды, қозғалыссыз 


90

Аспан әлемдерін және, ақырында, Ай астындағы, біз өмір сүріп жатқан 

әлемді  тудырады.  Көріп  отырғанымыздай,  Ибн-Синаның  көзқарасы 

Әл-Фарабидің болмыс туралы түсініктеріне жақын.

Ибн-Сина  болмыстың  «өмір  сүру»  және  «мән»  сияқты  санаттары-

на айтарлықтай көңіл бөлген. Алғашқысы – нақты, ал мән – дерексіз 

(абстрактілі).  Мысалы,  жер  бетінде  өмір  сүретін  нақты  тірі  адамдар, 

аттар,  иттер  және  басқалары  бар.  Ал  олардың  мәні  «адамдық»  және 

«хайуандық»  ұғымдарды  құрайды  –  олар  жалаң,  дерексіз.  Әлемнің 

нақты денелері мен заттары бұл дүниеге келеді және уақыт өте келе – 

кетеді, ал олардың мәндері қалады, өйткені олар мәңгі және кемеліне 

келген.


Табиғатта  бар  заттар  мен  денелер  ықтимал,  болуы  мүмкін  бол-

мыс  қана  болып  табылады,  өйткені  олардың  өзіндік  негіздемелері 

жоқ.  Олар  бұл  дүниеге  жағдайлардың,  кездейсоқтықтардың  тоғысуы 

нәтижесінде келеді. Негізінде, олардың пайда болмауы да мүмкін. Ал 

егер қажеттіні, яғни бар болуды қарастырсақ, онда Ол бар және оның 

болмыссыздығы  (болмаушылығы)  мүмкін  емес,  өйткені  оның  өмір 

сүруінің өзіндік негіздемелері бар. Ол – Алла.

Ибн-Сина  «жоқтан  бар  жасау»,  яғни  әлемді  жоқтан  тудыру 

қағидасын сынға алады. Егер Құдай бұл әлемді жоқтан тудырса, онда: 

«Ол осыған дейін не істеген?» – деген сұрақ туады. Егер Оның осыған 

дейін «ештеңе жасағысы келмесе», онда Құдайдың Бар Ізгілігі жойы-

лады.  Ал  егер  «жасай  алмаса»,  онда  Оның  Құдіреттілігі  қайда?  Бұл 

жағдайда  Жан-жақты  жетілгендік  қағидасына  айтарлықтай  нұқсан 

келеді, ал егер Құдайдың кемістіктері бар болса, онда Ол өзінің ғажап 

Мәнін жоғалтады.

Ғұламаның бұл сынынан маңызды қорытындылар келіп шығады. Ол 

Жаратушы ретіндегі Құдайды жаратылған Табиғатқа қарсы қоймайды. 

Құдай  Алғашқы  себеп  болып  табылатындықтан,  материалдық  Әлем 

Құдайсыз өмір сүре алмайды, ал Ол, өз кезегінде, материалдық Әлемсіз 

өмір сүре алмайды. Бұндай ұстаным, негізінен, пантеизмге (Құдайды 

Табиғатпен біртұтас деп сендіретін ілім) жақын.

таным  туралы  ілімінде  Ибн-Сина  әлемді  логика  (оны  кез  кел-

ген  ғылымға  кіріспе  деп  мойындай  отырып)  арқылы  танып  білу 

мүмкіндігіне  ерекше  назар  аударады.  Ол  адамның  жан-дүниесінде 

әлеуетті ақыл-парасаттың бар екенін мойындайды. Адамның қоршаған 

әлемдегі заттардың мән-мағынасын ашып көрсете білу мүмкіндігі бар. 

Бірақ бұл – өте күрделі үдеріс. Таным түйсік сезімдерінен басталады: 



91

ол оны «сезімдік тәжірибе» деп атайды. Жалпы қорытындыларға адам 

зерттеліп жатқан нәрселердің қасиеттерін салыстыру арқылы келеді.

Шындық – заттардың ішкі мәні. Әрбір заттың шындығы өзіне тән 

асылдығын құрай отырып, оның өмір сүру ерекшеліктерінен көрінеді. 

Логика  бізге  заттардың  мәнін  ашуға  көмектеседі,  сол  арқылы  біз 

дара  және  жалпы  деген  ұғымдар  туралы  ойлай  аламыз.  Жалпы  дара 

заттардың мәнін құрайды.

Өзінің  әлеуметтік-саяси  көзқарастарында  Ибн-Сина  әділеттілікке 

айтарлықтай  көңіл  бөледі  және  оны  кез  келген  қоғамның  орнық-



тылығына  негіздеме  болады  деп  санайды.  Данышпанның  ойынша, 

егер қоғам әділетсіз жолмен басқарылатын болса, онда халық қарулы 

көтеріліске шығып, ондай үкіметті құлатуға құқылы.

Арабтілді  аристотелизмнің  дамуын  аяғына  дейін  жеткізген  ұлы 

араб философы ибн-Рушд (1126-1198) Испанияда, Кордово қаласында 

дүниеге келген. Ұлты – араб, латынша есімі – аввероэс. Кейіннен оны 

Данте  «білгіштердің  ұстазы»  деп  атаған.  Оның  негізгі  еңбектері: 

«алғашқы  қозғаушы  туралы»,  «терістеуді  терістеу»,  «аспан 

денелерінің қозғалысы жайында» және басқалары.

болмыс  туралы  ілімінде  ибн-Рушд  Әлемнің  мәңгілігі  мен 

шексіздігі туралы айтады. Сөз жоқ, ол өз заманының ұлы болды және 

Құдайды мойындады. Алайда философия мен діннің арақатынасы ту-

ралы мәселені зерттей келе, оларды алған бағыттарында ұқсас деп са-

нады. «Философия – ол діннің серігі және қандас туысы, олар табиғаты 

бойынша  серіктер  болса,  мәні  мен  тума  бейімділігіне  қарай  достар 

болып  табылады»,  –  дейді  ойшыл  (А.В.Сагадеевтен  дәйексөз.  –  Ибн-

Рушд.  –  М.,  1973.  –  198-бет).  Философияның  да,  діннің  де  зерттейтін 

тақырыбы – Құдай, бірақ Ол туралы мүлдем әртүрлі ойлайды. Сөйтіп, 

егер  ұмытпасаңыздар,  философияны  «Құдай  сөзінің  қызметшісі»  са-

найтын  схоластикадан  Ибн-Рушд  жоғары  көтеріле  білді.  Егер  Құдай 

шындықтың  мәңгі  бастауы  болса,  онда  материя  –  мүмкін  болатын 

әлемнің мәңгі бастауы. Егер Құдай мәңгілік болса, онда Ол жаратқан 

Әлем де мәңгілік. Құдай – қажетті бар болушылық, бар болуы мүмкін 

материяға  бітім-пішін  бере  отырып,  оны  шындыққа  айналдырады. 

Дүниеде ештеңе де пайда болмайды және құрымайды: өзгеру барысын-

да зат басқа затқа айналады. Егер материя заттардың ішкі мүмкіндігін 

құраса, ал пішін оны сыртқы іске асуға, шындыққа айналуға келтіреді.

Ибн-Рушд ары қарай Аристотельдің: Пішінсіз материя жоқ және ма-

териясыз пішін жоқ» деген негізгі қағидасын жетілдіреді. Егер біз мате-

рияны пішіннен ажыратып бөле алмасақ, онда мүмкіндік пен шындық 

та  біртұтас,  олардың  айырмашылығы  салыстырмалы  ғана.  Әлем 



92

мәңгілік болғаннан кейін, ерте ме, кеш пе, әлемнің бар мүмкіндіктері 

іске асырылатынына ойшыл кәміл сенеді.

Ибн-Рушд  таным  туралы  ілімінде  ой-санаға  басты  орын  береді. 

Әлбетте,  Құранда  да  әлем  туралы  белгілі  бір  шындықтар  берілген, 

бірақ сонда, сенім мен ақыл шындықтары қалай өзара қатынаста бола-

ды? Өз заманында өзгеше батылдыққа барып, ол екі шындық жоқ деп 

жариялады.  Шындық  –  жалғыз  және  ол  ақылға  негізделуге  тиіс. 

Құранның  шындықтары  бұқара  халыққа  арналып,  соларға  түсінікті 

болу  үшін  жазылған.  Ал  философиямен  танымы  терең  адамдар  ай-

налысады,  олар  өздері  жасаған  қорытындыларға  саналы,  ақылды 

негіздемелер  бере  алады.  Демек,  Құран  қағидалары  мен  ғылыми 

нәтижелер  арасында  қарама-қайшылықтар  туғанда,  діни  қағидаларға 

жаңа түсініктемелер берілуі керек, яғни оларды заманға сай жаңартып 

отыру қажет. Егер Ибн-Рушд осы уақытқа дейін тірі болғанда, қазіргі 

ғалымдар оның осындай ойын, сірә, кешіре қоймас еді.

Ибн-Рушд  әлеуетті  парасат  деп  адамзатты  тұтастай  танып  білу 

мүмкіндіктерінің  жиынтығын  түсінеді.  Шындығында,  әрбір  тірі 

адамның уақыты шектеулі және ол өтпелі тіршілік иесі болып табыла-

ды, сол себепті әлеуетті парасатсыз, биік ой өресінсіз ол әлемнің уни-

версалияларын аша алмаған болар еді. Сөйтіп, Ибн-Рушдтың әлеуетті 

парасаты  қазіргі  заманғы  философияның  қоғамдық  сана  түсінігіне 

жақын.

Адамның  қоршаған  дүниені  танып  білуіне  Алланың  белсенді 



ақыл-парасаты  көзге  көрінбей  ықпал  етеді.  Алайда  ол  тікелей 

емес,  адамдардың  сезімдерін,  қиялдары  мен  елестерін  оята  отырып 

ықпал  етеді.  Соған  орай  ойдың  белсенділігі  артады  және  заттардың 

мән-мағыналары  ашылады,  демек,  адамзаттың  әлеуетті  параса-

ты  байи  түседі.  Бүгінгі  күні  біз  адамның  сезімдері  мен  әсерлерінсіз, 

құштарлықтарынсыз  болмыстың  терең  қойнауларына  жету  мүмкін 

еместігін айтар едік. Ибн Рушдтың ойынша, әлеуетті парасат әрдайым 

Алланың  белсенді  ақыл-парасатына  жақындаумен  болады,  бірақ 

ешқашан  онымен  толық  бірігіп  кете  алмайды.  Шындығында,  егер 

біз  Әлемнің  бар  құпияларын  ашып  қойсақ,  онда  өзіміз  Құдайларға 

айналған болар едік, бұл, әлбетте, мүмкін емес.

Ибн-Рушдтың  екінші,  өз  заманы  үшін  «заңға  қайшы»  тұжырымы 

мынада:  адам  –  өтпелі.  Адамның  денесі  өлгеннен  кейін,  оның  жаны 

да өледі. Яғни бұдан адам өмірінің мағынасыздығы келіп шықпай ма? 

Бұл тығырықтан Ибн-Рушд адамзаттың әлеуетті ақыл-парасаты ажал-

сыз деп мәлімдей отырып шыққан. Демек, адам бәрін жасауға, өзінен 



93

кейін  әлеуетті  ақыл-парасатта  шығармашылық  із  қалдыруға  тиіс  дей 

алады екенбіз.

Әрине,  адамның  құндылық  бағдарларына  байланысты  Ибн-

Рушдтың  бұл  «заңға  қайшы»  тұжырымынан  екі:  бірі  –  тақуалық, 

ал  екіншісі  гедонистік

1

  ұстаным  келіп  шығады.  Егер  адам  өлсе  де, 



бірақ  мәңгі  әлеуетті  ақыл-парасат  қалады,  сондықтан  ол  тақуалық-

мистикалық өмір салтына бейімделуге тиіс. Екіншіден, егер адам бұл 

дүниеде бір-ақ рет өмір сүрсе және оның жаны өзімен бірге өлсе, онда 

ол  бұл  өмірден  барынша  мол  ләззат  алып,  барлық  мүмкін  болатын 

рақаттарға батуға тиіс.

Жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылай  келе,  Ибн-Рушдтың 

бүгінгі таңда да біздерді өзінің философиясымен таңдандыратын терең 

сезімтал және батыл ойшыл болғанын ерекше атап айтқымыз келеді.



2.7. ибн-Хальдун – қазіргі заманғы әлеуметтік философияның 

және саясаттанудың негізін салушы

ибн-Хальдун (1332-1406) – тарихшы және философ, сондай-ақ араб 

Шығысының  жарқын  ойшылдарының  бірі.  Оның  негізгі  еңбектері: 



«әл-мүккадима»,  «арабтардың,  парсылардың  және  берберлердің 

тарихы...», «өнеге-өсиет үлгілерінің кітабы» және басқалары.

болмыс туралы ілімінде Ибн-Хальдун әлем тәртіпке келтірілген, 

үйлесімді,  денелер  мен  заттар  бір-бірімен  өзара  байланыста  дегенді 

айтады.  Заттардың  негізінде  сол  баяғы  төрт  элемент:  жер,  су,  ауа, 

от  жатыр.  Олардың  заттарға  араласып  кеткеніне  қарамастан,  сол 

элементтердің  біреуі  басым  болуға  тиіс,  олай  болмаса,  зат  өмір  сүре 

алмайды.  Заттардың  бұл  өмірде  болуында  дүние  элементі  саналатын 

оттан шығатын «туа біткен жылу» шешуші рөл атқарады.

Әлемде болып жататын алуан түрлі үдерістер адамға тәуелді емес. 

«Табиғатта  даму  бар  ма?»  –  деген  сұраққа  ол  оң  жауап  қайтарады. 

Табиғаттағы  ең  бір  күрделі  түпнегіздерге  қараңызшы:  минералдар, 

өсімдіктер, жан-жануарлар бұл дүниеге бірінің артынан бірі келіп жа-

тады.  Аса  күрделі  минералдар  мүкке  айналса,  ал  ең  жоғары  тұрған 

өсімдіктер  қарапайым  жәндіктер  –  ұлуларға  айналады.  Жануарлар 

әлемі  көбейе  және  өне  бойы  тіршілік  иелерінің  жаңа-жаңа  түрлерін 

тудыра  отырып,  ақыр  соңында,  ақылы  бар  тіршілік  иесі  –  адамның 

пайда болуына жеткізеді. Маймылдарға қараңызшы: олардың түйсіну, 

1

 Гедонизм – адам рақат тұрмысқа ұмтылады дейтін көне грек ілімі.   



94

қабылдау сезімдері бар, бірақ ойлау қабілеті жоқ. Сөйтіп, Ибн-Хальдун 

Ч.Дарвинге  дейін  400  жыл  бұрын-ақ,  рас,  тым  қарабайыр  болғанмен, 

өмірдің дамитыны туралы идеяға келген.



табиғат  пен  қоғамның  өзара  қарым-қатынастары  мәселелерін  де 

алғашқылардың бірі болып Ибн-Хальдун қойған. Адамдар бір-бірімен 

азық  тауып  жеу  қажеттілігіне  бола  бірігеді,  өйткені  онсыз  өмір  жоқ. 

Адамдарды  бірігуге  келтіретін  екінші  фактор  –  ол  жабайы  жан-

жануарлардан, тіпті адамдардың өздерінен де қорғану қажеттігі.

Сөйтіп, адамдардың табиғаттан шыққанына қарамастан, олар, қалай 

болғанда  да,  әлеуметтілік  деңгейіне  дейін  көтеріледі.  Бірақ  Табиғат 

туындысы  болғаннан  кейін,  адам  оның  ықпалынан  толықтай  шығып 

кете алмайды.

Табиғат  қоғамға  бәрінен  бұрын  өзінің  климаты  (ықылым)  арқылы 

ықпал  етеді.  Ол  жер  бетіндегі  климатты  жеті  белдеуге:  ең  суық 

аймақтар  (7-6-белдеу),  ең  ыстық  (1-2-белдеу),  қалыпты  (4-белдеу),  ау-

ыспалы  (3  және  5-белдеу)  ажыратып  бөледі.  Ең  суық  және  ең  ыстық 

аймақтардағы  адамдар  қызба  мінезді,  ұшқалақ  болып  келеді,  өйткені 

олар  қиын  жағдайларда  өмір  сүреді.  Тіпті  олардың  дене  құрылысы 

мен  бет  әлпеттері  де  соны  айтып  тұрады.  Африкалықтар  денелерінің 

қара  түсі,  ал  солтүстіктегілердің  бозғылдығын  ол  осы  факторлармен 

түсіндіреді.  Табиғат  адам  жанының  толғаныстарына,  мінез-құлқына, 

ал жейтін тағамдары дене құрылысына әсер етеді. Бүгінгі күні ондай 

ой-пікір географиялық детерминизм

1

 деп аталады.



Ойшылдың  осындай  пікірлерінде  ұтымды  мән-мағына  бар  ма? 

Әрине,  бар.  Оның  үстіне,  теориялық  қана  емес,  практикалық-саяси 

да мәні бар. Бүгінгі таңда дамыған елдердің тәжірибесін үйрене оты-

рып,  біз  өз  еліміздің  ерекшеліктерін  ескермейміз,  яғни  қыстың  жеті 

айға  созылатынын,  судың  тапшылығын,  халықтың  аз  қоныстанатын 

аймақтарын, көп жерлердің бос жатқанын естен шығарып аламыз. Де-

мек, біз, сірә, елімізді еуропалық мәнермен өзгерте алмаспыз. Еліміздің 

болашақтағы  бейнесі  өзіндік  болмақ.  Мүмкін,  халық  аз  қоныстанған 

көптеген жерлер ұлттық саябақтарға айналар, ал біз бүгінгі күні құрып 

бара жатқан өсімдік әлемі мен жануарлар әлемін қалпына келтірерміз. 

Демек, біз ата-бабаларымыздың тәжірибелерін ұмытпауға тиіспіз.

Сонымен бірге Ибн-Хальдун барлығының да табиғат факторларына 

тәуелді еместігін айтады. Климат жағдайлары бірдей елдерде өмір сүріп 

1

 Детерминизм – табиғат пен қоғам құбылыстарының объективтік заңдылығы мен себептік 



байланыстылығын мойындайтын философиялық тұжырымдама.   

95

жатқан  әртүрлі  халықтардың  өмір  сүру  деңгейі  де  әртүрлі:  біреулері 

бай,  ал  екіншілері  кедей  дегендей.  Ибн-Хальдунның  данышпандығы 

оның осы фактіні айтқандығы емес, ол сонымен қатар оның себептерін 

де көрсетеді емес пе! Қоғамдар өзара нені және қалай өндіретіндігіне 

және  алған  игіліктерді  қалай  бөлетіндігіне  қарай  ажыратылады. 

Сөйтіп,  Ибн-Хальдун  К.Марксқа  дейін  400  жыл  бұрын-ақ  қоғамның 

материалистік түсінігіне дейін көтеріле алған.

Ибн-Хальдун  терең  ойшыл  ретінде  қоғам  дамуындағы:  бидави 

және хидари деген екі ірі кезеңді ажыратып көрсетеді. Бұл сөздердің 

шығу тегі мынадай: «бидави» ауылдық, бастапқы, көшпенді қоғамды, 

ал  «хидари»  қалалық,  астаналық  қоғамды  білдіреді.  Егер  бастапқы 

кезеңде адамдар мал шаруашылығымен және жер өңдеумен айналысса, 

ал  хидари  кезеңінде  қалалар,  әртүрлі  кәсіптер,  сауда-саттық,  ғылым 

мен  өнер  пайда  болады.  Бұл  –  іс  жүзінде  кейіннен  еуропалықтар 

«жабайылық пен озбырлық» және «өркениет» деп атаған кезеңдер.

Оған  қоса,  ол  тарихта  осы  екі  кезеңнің  болғанын  айтып  қана 

қоймайды, сонымен қатар біріншісінен екіншісіне өтудің себептерін де 

көрсетеді. Бұл өндірістің дамуына және өнім молшылығының пайда бо-

луына байланысты, өйткені өнімнің артық болуы қымбат тауарлардың 

шығуына және оларды алуға ұмтылуға әкеліп соқтырады. Әдемі киім, 

дәмді тамақ, жайлы тұрғын үй, әлбетте, көпшілікті қызықтырады. Со-

нымен бірге олар өндірістің дамуына, бұрынғыдан да көп алуан түрлі 

тауарлардың  пайда  болуына  (жұп-жұқа  былғарыны  илеу  және  бояу 

технологиясы,  әртүрлі  әшекей  бұйымдарды  жасау,  минералдар  мен 

тастарды өңдеу технологиясы және басқалары) серпін береді. Ақыл-ой 

қызметімен  айналысатын  адамдардың  ерекше  топтары  пайда  болып, 

ғылым мен өнердің жедел дамуына себепкер болады.

Ары  қарай  –  одан  да  көбірек...  Ибн-Хальдун  әлемдік  философияда 

алдыңғылардың бірі болып бастапқы салыстырмалы теңдіктен толық 

теңсіздікке  өтудің  қалай  орын  алғанын  айқын  көрсетіп  берді.  Бұл 

жерде ол тағы: «асабийя» және «мүлік» деген екі жаңа санат енгізіп, 

қоғамның  әлеуметтік-саяси  өмірін  талдауға  дейін  көтеріледі.  Бұл 

ұғымдардың шығу тегі мынадай: «асабийя» ру-тайпаның бірлігі, өзара 

байланыс дегенді, ал «мүлік» байлық, меншік дегенді білдіреді.

Ибн-Хальдун  адамдардың  бастапқы  байланыстары  қандық-

туыстық  болғанын  ғана  айтып  қойған  жоқ,  сонымен  қатар  оның 

материалдық  мұқтаждықтардың  және  әртүрлі  қауіп-қатерлерден 

қорғану қажеттілігінің маңыздылығын да көрсеткені ғажап болды. Сол 

себепті  кей  кезде  қандық-туыстық  әлеуметтік  құрылым  айтарлықтай 



96

өзгерістерге ұшырап, күрделене түседі. Мысалы, ру-тайпа мүшелігіне 

басқа  жерлерден  келгендер  қабылдануы,  ал  кейбір  топтар  қорғаныш 

және қолдау іздеп, бір тайпаның құрамына кіруі мүмкін.

Бастапқы кезеңде адамдық қатынастар теңдік қағидасына негізделіп 

құрылады,  өйткені  әлі  өнімдер  молшылығы  бола  қойған  жоқ.  Ру-

тайпалардың  көсемдері  тайпаны  басқарумен,  ру-тайпаішілік  және 

оның шекараларынан тыс қатынастарды реттеумен айналысады. Бірақ 

дәл  осы  басқару  ісінде  болашақ  теңсіздіктің  ұрығы  жасырынған. 

Басқарушы барлықтарын да өз еркіне бағындыруға, ал көнбегендерді 

жазалауға  тиіс.  Ал  бұл  ру-тайпа  мүшелерінің  көсемге  тәуелді 

болуының  күннен-күнге  арта  түсуіне  әкеп  соқтырады.  Бастапқыда 

көсемнің жанында тең дәрежеде болғандар енді оның еркіне бағынуға 

мәжбүр. Билікке қолы жеткен билеуші енді ешқашанда одан бас тарт-

пайды, керісінше, бар күшін салып, оны нығайтуға ұмтылады.

Билікпен  бірге  көсем  басқа  да  артықшылықтар  иеленеді,  бұл, 

ақыр  соңында,  мүліктің  (жеке  меншіктің)  қалыптасуына,  сондай-

ақ  теңсіздіктің  пайда  болуына  жеткізеді.  Бұл  жерде  «мүлік»  сөзінің 

«билік» деген басқа бір мағынасына назар аударған жөн. Қазақ тілінде 

«бай»  –  дәулетті,  ал  «би»  –  билеуші  дегенді  білдірсе,  орыс  тіліндегі 

«власть» және «владеть» сөздері бір түбірден шыққан.

Тайпа ішіндегі теңсіздіктің пайда болуы басқа тайпаларды күшпен 

басып  алу  немесе  қорқыту  арқылы  оларды  «өз  еркімен»  бағынышты 

болуға келтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет