ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


өмір  сүр,  содан  кейін  философиямен  айналыс»



Pdf көрінісі
бет13/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47

өмір  сүр,  содан  кейін  философиямен  айналыс»  (лат.  –  privus  vivere 

deinde philosophari).

Макиавелли  мұрасында  жетекші  орындардың  бірі  адам  мәселесі 

болып  табылады,  оны  ойшыл  діни  көзқарастан  тыс  қарастырады. 

Адам – табиғат туындысы, демек, барлық тірі тіршілік иелері сияқты, 

ол  да  жан  сақтауға  ұмтылады.  Ол  –  табиғатынан  өзімшіл.  Осындай 

идеяларға: капитализмнің дамуы, бастапқы капиталдың жинақталуы, 

жұртшылықтың  белсенді  бөлігінің  жеке  меншікке  ұмтылуы  се-

беп  болған,  шамасы.  Саудагерлер  мен  кәсіпшілердің,  яғни  сол  заман 

жұртшылығының  белсенді  бөлігін  мұқият  зерттей  келе,  Макиавел-

ли  адам  қызметінің  қозғаушы  күші  –  ол  оның  мүддесі  екеніне  көз 

жеткізеді.  Әлбетте,  адамның  мүдделері  сан  алуан,  бірақ  олардың 

ішіндегі ең бастысы – өзінің жеке меншігін сақтауға және көбейтуге 

деген  ұмтылыс.  «Адам  өзінің  меншігінен  айырылғаннан  гөрі,  әкесін 

біреудің  өлтіргенін  оңай  кешіреді»,  –  деп  сендіреді  ол.  Меншік  иеле-

ну  сезімінен  кейінгі  екінші  орында  адамның  «атақ-абырой»,  «сый-

құрмет» сияқты қасиеттері тұрады.

Адамды осылай түсінуді жан-жақты ете отырып, ол антика дәуірінің 

тарихына осы көзқарастар тұрғысынан талдау жасайды. Нәтижесінде, 

Н.Макиавелли  адамның  мәні  туралы  тым  көңілсіз  қорытындыларға 

келеді.  Оның  ойынша,  адам  туралы,  жалпы,  мынаны  айтуға  болады: 

олар  қатыгез  және  тұрақсыз,  алдауға  және  екіжүзділікке  бейім,  кез 

келген қауіп-қатерден безіп кетеді, оңай олжаға ұмтылады.

Адам  табиғатының  түзелмейтін  өзімшілдігі  асқан  қажеттілікпен 

мемлекеттің  және  оның  әртүрлі  институттарының  пайда  болуына 

келтіреді. Мемлекеттік билік пен күш қана адамдарға бірлесе өмір сүру 

нормаларын бере және басқа да игіліктерді көрсете отырып, олардың 

өзімшіл  пиғылдарына  тосқауыл  қоя  алады.  Сөйтіп,  Макиавелли  бо-

йынша, мемлекет адамдардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде пайда бо-

лады, ал бұған Құдайдың еш қатысы жоқ.

Н.Макиавеллидің  пікірінше,  христиан  діні  бастапқы  мақсат-

мұраттарынан айтарлықтай ауытқыған. Шіркеу қызметшілері Папаның 

өзімен  бірігіп  алып,  сыбайласқан  жемқорлық,  халықты  алдау  жолы-

на  түскен.  Христиан  дінінің  екінші  бір  осалдығын  ойшыл  ол  діннің 

белсенді,  күш-қайраты  мол  адамдарды  емес,  керісінше,  басылып-

жаншылған, өмірге құштарлығын жоғалтқан әлсіз адамдарды ізгілікті 



115

және қасиетті деп санайтындығынан көреді. Азап шеккен, барлығына 

да бас шұлғып келісе беретін құлықты адам ғана болашақтағы, жерден 

тыс жұмаққа лайық. Бұл, Н.Макиавеллидің пікірінше, тоқырауға және 

кері  кетуге  әкеліп  соқтырады.  Кейіннен,  енді  XX  ғасырда,  Ф.Ницше 

христиандықтың  моральдық  нормаларын  Н.Макиавелли  рухында 

сынап-мінеуді жалғастырды.

Н.Макиавелли көпқұдайлық орын алған, адамдардың белсенділігі, 

батырлығы мен өмірге құштарлығы нағыз адамдық құндылықтар бо-

лып  саналған  Италияның  ерте  тарихындағы  сол  бір  кезеңге  ерекше 

ілтипатпен қарайды.

Соған қарамастан, оның ойынша, дін қажет: бақытсыз, азып-тозған 

адамдар  одан  рухани  қолдау  көріп,  тағдыр  салған  қиындықтарды 

көтере  алады.  Ойшылдың  пікірінше,  дін  болмаса,  мемлекет  қоғамда 

тәртіп орната алмайды.

Қайта өрлеу дәуірінің көпшілік ойшылдары сияқты, Н.Макиавелли 

де өмірге белсенді көзқарасты жақтайды. Бұл жерде өз көзқарастарын 

негіздеу үшін, ол фатума (жазмыш, тағдыр) түсінігіне қарсы фортуна 

(сәттілік, кездейсоқ бақ қону) ұғымын енгізеді. Фатализм, яғни тағдырға 

сену, жазмышқа мойынсұну: адамның өмірін, мінез-құлқын, қызметін 

алдын  ала  белгіленіп  қойған,  онда  ешқандай  таңдау,  кездейсоқтық 

жоқ,  адам  өз  тағдырына  қарсы  шыға  алмайды  деп  санайды.  Фортуна 

қоғамдық  қажеттілік  болып  есептелсе  де,  бірақ  адамның  тағдырын 

өзгертуге  бағытталған  еркін  қызметін  толық  теріске  шығара  алмай-

ды. Шамасы, Н.Макиавелли «50 де 50» формуласын қабылдауға бейім 

болған. Егер фатум бізді өзіне жартылай бағындырса, онда екінші жар-

тымыз  біздің  белсенділігімізге,  ерік-жігерімізге,  табандылығымызға, 

күшіміз бен мақсатқа ұмтылуымызға байланысты болады. Сондықтан 



«сақтықтан  гөрі,  батылдық  қажет»,  өйткені  фортуна  –  ол  әйел, 

онымен  ортақ  тіл  табысу  үшін,  ара-тұра  оны  сабап  алу  керек,  себебі 

ол  жастардың  құрбысы  болғандықтан,  олар  оны  көп  ойланбастан  өз 

жақтарына тартып, өздеріне бағындырып алады. Фортуна жайында ол 

осылай жеткілікті дәрежеде бейнелеп айтып отыр.

Адамның алдына қойған мақсаттарын іске асыруға бағытталған ба-

тыл  да  тиімді  іс-әрекеттерін  Н.Макиавелли  вирту  (лат.  –  virtu  –  ай-

бын, ерлік) деген сөзбен атайды. Бірақ әрбір адам ерлікке – айбынды 

әрекетке  қабілетті  емес  қой.  Жай  адамдар,  әдетте,  «ортадағы  жолды» 

ұстанады.  Ал  бұл  айтарлықтай  бір  нәтижеге  жеткізе  қоймайды.  Та-

рихи  тұлғалар  ғана  вирту  әрекетке  қабілетті:  олар  алдарына  әлдебір 

ұлы  мақсаттарды  қойып,  соған  өздерінің  бар  білімдерін,  күштерін, 



116

ерік-жігерін,  табандылығын  бағындырады.  Алайда  барлығы  да  та-

рихи  тұлғаның  айбыны  мен  табандылығына  байланысты  емес.  Бұл 

қызметтің «заман қажеттіліктерімен» сәйкес болуы қажет.

Сонымен,  адам  –  азат,  айбынды,  күш-қуаты  мол,  істің  мән-жайын 

біліп әрекет ететін тіршілік иесі. Ол өзінің алдына қойған мақсаттарын 

іс  жүзіне  асыра  алады.  Н.Макиавеллидің  нақ  осы  идеялары  Батыс 

адамының жанына жағып, оның ақыл-ой қасиеттеріне айналды.

Бірақ  тарихта  Н.Макиавелли,  негізінен,  саясат  туралы  ой-

пікірлерімен  қалды.  Ал  бұл  кездейсоқтық  емес,  өйткені  сол  уақытта 

феодалдық саяси жүйенің әлсіреуі орын алып, капиталистік қатынастар 

қалыптаса  бастаған.  Егер  оған  дейін  саясат  діннің  қолдауында  бо-

лып  келсе,  енді  оның  шешімдерін  тиісті  мораль  ақтайтын  болды, 

жалпы  алғанда,  саясат  аристократияның  ісі  еді,  ал  енді  жағдай  күрт 

өзгерді.  Кедейлерден  шығып,  азғантай  уақыт  ішінде  байып  кеткен 

адамдар  билікке  ұмтылды.  Осындай  жағдайда  саясат  бірте-бірте  дін 

ықпалынан шығып, дербес әлеуметтік құбылысқа айналады.

Саяси  ғылымның  міндетін  Макиавелли  жағдайдың  шынайы  жай-

күйін  түсіндіруден  көреді.  Құдайдың  барлығын  алдын  ала  белгілеп 

қоятыны  туралы  ортағасырлық  тұжырымдаманы  ол  объективті  та-

рихи  қажеттілік  –  тағдырмен  алмастырды.  Бірақ  тағдыр  –  бәрін  ба-

сып-жаншитын алапат күш емес, ол адамның азат ерік-жігеріне орын 

қалдырады,  адамдарды  саясатқа  белсенді,  жасампаз  ой-пікірлерімен 

қатысуға бағыттайды.

Макиавелли  Жаңа  заманның  саяси  ғылымының  негізгі  термин-

дерінің  бірі  –  Stato  (мемлекет),  ағылшынша  –  State,  ал  французша  – 



Etat деген терминді енгізді. Мемлекет қоғамның саяси ахуалын: билік 

ұстағандар мен соларға тәуелділердің қарым-қатынасы, тиісті дәрежеде 

құрылған,  ұйымдастырылған  саяси  биліктің,  сондай-ақ  заңдардың 

болуын  білдіреді.  Оның  үстіне,  бұл  қозғалмайтын,  қатып  қалған 

құрылым  емес,  күресуші  күштердің  арасалмағына  тәуелді,  өзгермелі 

ахуал болып отыр.

Макиавеллиге  дейін  барлық  саясаткер-теоретиктер  үшін  басты 

мәселе  –  мемлекеттің  мақсаты  болды.  Билік  тек  әділеттілікке,  әл-

ауқатқа, азаттыққа немесе Құдайға қол жеткізу құралы деп ұғынылды. 

Ал  Макиавелли  мақсатты  биліктің  өзі  деп  сендіреді  де,  мақсатқа 

жету  құралдарын:  билікті  қалай  алуды,  ұстап  қалуды  және  таратуды 

ғана  талқылайды.  Ол  билікті  моральдан,  діннен  және  философиядан 

бөліп,  мемлекетті  басқа  бастауларға  тәуелсіз,  құндылықтардың  дер-

бес  жүйесі  ретінде  қарайды.  Макиавелли  еш  жерде  моральсыздықты 



117

дәріптемейді,  ол  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  жоққа  шығар-

майды.  Оның  пікірінше,  билік  пен  моральдың  жай  қағидалары  бір-

бірімен қиыспайды. Мемлекет қайраткерінің мұқтаждықтары мораль-

дан жоғары тұр.

Мемлекет туралы макиавеллилік ой-пікірлердің сипатты үлгілерін 

оның «Тақсыр» атты кең танымал еңбегінен көреміз: «... Адамдардың 

көзіне жаны ашығыш, ізгілікті болып көрініп қана қоймай, іс жүзінде 

де  сондай  болу  керек,  бірақ  іштей,  егер  қажет  болса,  қарама-қарсы 

қасиеттеріңді  де  көрсетуге  дайын  болған  жөн»;  «...Құзырындағылар 

үшін  лайықсыз  істерді  тақсырлар  басқаларға  жүктеуге,  ал  лайықты 

істерді өздері орындауға тиіс» және т.б.

Демек, Н.Макиавелли алғаш рет саясатты моральдан ажыратып, 

оның  қоғамды  қайта  құрудағы  орасан  зор  маңызын  көрсетеді.  Егер 

мораль нақты жағдайға қатыссыз, қоғам қандай болуға тиіс дегеннен 

келіп  шығатын  болса,  онда  саясат  –  бар  нәрсеге,  айқын  нақтылыққа, 



«нәрселердің  ащы  шындығына»  сүйенеді.  Саясат  –  бәрінен  бұрын 

билікті  алу  және  оны  ұстап  қалу  үшін  күрес.  Саясат  –  ол  қоғамның 

тұтастығын сақтау үшін, әртүрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін 

келістіруі.  Саясаткер  мүмкіндігінше  ізгіліктен  ажырамауға,  бірақ 

қажет  болса,  жамандықтан  да  шошымауға  тиіс.  Бірақ,  дегенмен  сая-

сатты мораль шектерінде ұстап тұру мүмкін емес. Қашанда өзінің іс-

әрекеттерінде мораль талаптарына сүйенетін саясаткер, ақырында, өз 

қабірін өзі қазған болып шығады.

Н.Макиавеллидің  саясат  жайындағы  жоғарыда  келтірілген  ой-

пікірлері  кейіннен  философия,  саясаттану  тарихында  «макиавел-



лизм»  ұғымын  тудырды.  «Макиавеллизм»  деп  арсыз  саясат,  алдап-

арбау, зұлымдық, фактілерді бұрмалау әрекеттерін түсіну керек, яғни 

жалпыадамзаттық  адамгершілік  нормаларын  аяққа  басу  туралы  сөз 

болып отыр, өкінішке қарай, әлемдік саясатта ондайлар әлі күнге дейін 

орын алып келеді.

Біз  Н.Макиавеллидің  философиясын  «макиавеллизмнен»  ажыра-

тып көрсетуге тиіспіз, өйткені ол кез келген күш көрсету, саясаттағы 

зұлымдық  атаулыдан  аулақ  болды.  Алайда  саясатта  әртүрлі 

жағдайлардың,  «нәрселердің  ащы  шындығының»  қысымымен 

саясаткердің  күш  қолдануға  мәжбүр  болатын  сәттері  кездеседі. 

Бұндай  жағдайда  ол  қорқытып-үркітумен  әуестенбеуге  тиіс.  Сая-

си  қарсыластарын  тез  тізе  бүктіріп,  күш  қолдануды  тоқтатуға  әрекет 

етуі  керек.  Бірақ  ол  кезде,  ойшылдың  пікірінше,  қатарынан  екінші 

рет күш қолданудан сақтану керек. Іс жүзінде қазіргі заманғы сая-


118

сат  технологтары  да  осына  айтады.  Саясаткер  бір  мезгілде  арыстан 

да,  түлкі  де  болуға,  қажеттілігіне  қарай  сақ  болумен  қатар,  батыл  да 

болуға тиіс дегенге келсек, онда бұл қағидат бүгінгі күні де өзекті бо-

лып табылады. Демек, Н.Макиавелли адамгершілікке негізделген сая-

сатты жүргізу қажеттігі туралы айтқан.

XX  ғасырдың  екінші  жартысында  ғана  Н.Макиавеллидің 

шығармашылығын  терең  зерттеу  негізінде  одан  «азғын  саясаттың 

ақтаушысы» деген қорлық таңба алынып тасталды. Н.Макиавеллидің 

шығармашылық  мұрасын  терең  зерттей  келе,  көрнекті  ағылшын  фи-

лософы  Бертран  Рассел  оны  «Қайта  өрлеу  дәуірінің  ең  терең  ақыл-

ойы»  деп  атады.  Бүгінгі  күні  Батыста  Макиавелли  «қазіргі  заманғы 

саясаттанудың әкесі» саналады. Ал біздің ойымызша, бұл бағаға әбден 

лайық  деп  араб  ойшылы  Ибн-Хальдунды  айтуға  болады,  өйткені  ол 

Макиавеллиден  тұтас  бір  ғасыр  бұрын  өмір  сүрді  ғой.  Алайда  бұл 

адамзаттың  философиялық  ойы  тарихындағы  Н.Макиавеллидің  ала-

тын орны мен маңызын ешбір кемсітпесе керек.

3.5. Діни реформация және оның еуропалық капитализм 

дамуындағы маңызы

Еуропаның  рухани  өмірінде  де  Қайта  өрлеу  дәуірі  айтарлықтай 

өзгерістерімен әйгілі болды. XVI ғасырда христиандықтың көп зардап-

тар әкелген екінші ірі жікке бөлінуі орын алды және ол жаңа басталған 

антифеодалдық  әлеуметтік-саяси  қозғалысқа  байланысты  болды. 

Ал  католицизм  феодализмнің  идеологиялық  тірегі  болғандықтан, 

алғашқы  соққы  католик  шіркеуіне  бағытталды.  Қозғалыстың  өзі  Ре-

формация (лат. – reformation – түрлену, түзету) деген атқа ие болды.

Осындай  жағдайда  рухани  өмірді  жаңартудың  алғашқыларының 

бірі  болып  немістің  діни  қайраткері  мартин  лютер  шықты.  Ол  өте 

дарынды адам-тын. Діни ілім профессоры, неміс тілінің білгір маманы 

(Библияны алғаш неміс тіліне аударған да – сол), композитор және му-

зыка теоретигі болды.

1517  жылдың  қазан  айының  31-інде  ол  өзі  діни  қызметші  болып 

еңбектенетін  ғибадатхананы  жауып  және  есікке  сол  кезде-ақ  жұрт 

танып  білген  95  тезисті  іліп,  ашық  қарсылық  әрекетке  шықты.  Бұл, 

Ф.Энгельстің бейнелеп айтуы бойынша, «отқа май құйған» әрекет-тін. 

Оған түрткі болған М.Лютер тұрып жатқан және еңбек ететін Виттен-

берг  қаласына  жаппай  индульгенция  сатуға  Рим  елшісінің  келуі  еді. 

Бастапқыда бағынушылар үшін үшін бұл татымды сый көрінгенімен, 


119

сол уақытта индульгенция өтімді тауарға айналып та үлгірген еді. Бұл 

жолы да жиналған ақша Римдегі Петр соборының құрылысына жұмсау 

мақсатында сатылып жатқан-ды. 

Лютер  Рим  католик  шіркеуінің  бұл  құтқарылу  ісіндегі  делдалдық 

рөлін  сынға  алды  және  құтқарылу  үшін  адамның  Жаратушыға  де-

ген  жалғыз  сенімін  жеткіліксіз  деп  санады.  Құдайға  діни  ұйым  ғана 

емес,  әрбір  сенуші  адам  қызмет  етуге  тиіс.  Протестантизм  адамның 

салт-жораларды  ғана  емес,  өзінің  барлық  міндеттерін  адал  орында-

уы  маңызды  екеніне  үйретті,  сондықтан  жеті  міндеттің  ішінен  ол 

шоқынуды және дұға айтуды қалдырды. Дұға айтылатын үй-жайлардан 

барлық икондар шығарылды.

Ресми  Римнен  түбегейлі  қол  үзу  1521  жылы  орын  алды.  Солай 

қол  үзу  оның  досы  Ф.Меланхтон  жасаған  және  жүйелеген  «Аугсбург 



ғибадаттары» деп аталатын құжат түрінде рәсімделді.

Бастамасынан-ақ  реформаторлық  қозғалыс  әлеуметтік  тұрғыда 

біртекті  бола  алмады,  өйткені  неміс  қоғамының  әртүрлі  топтарының 

мүдделері  де  тым  әртүрлі  еді.  Сол  себепті  онда  екі:  Лютердің  өзі 

басқарған  қалыпты  (бюргерлік-князьдік)  және  Германиядағы  1524-

11526  жылдардағы  Шаруалар  көтерілісі  көсемдерінің  бірі,  өзі 

ұйымдастырған  жасақ  жеңіліске  ұшыраған  соң  жазаға  тартылған  То-

мас Мюнцер (1490-1525) басшылық еткен радикалдық ағым (шаруалар 

мен плебейлер – төменгі тап өкілдері) пайда болды.

Лютердің  реформаторлық  идеялары  Швейцариядан  да  өзінің  тым 

батыл ізбасарларын тапты, олар – Ульрих Цвингли (1484-1531) мен Жан 

Кальвин (1509-1564) еді.

У.Цвинглидің  тағдыры  аянышты  болды:  ол  протестанттардың 

әскеріне  діни  қызметші  ретінде  ілесіп  жүріп,  католиктермен  ұрыста 

қаза тапты.

Кальвин өз ілімін құруға қол жеткізіп, оны «Христиан сеніміндегі 

өсиеттер»  деген  еңбегінде  баян  етті,  аталған  еңбектің  түпкілікті 

нұсқасы  1559  жылы  басылып  шықты.  Кальвинизмде  реформацияның 

буржуазиялық мәні жүйелі түрде көрсетілген. Ол діни басшылық инс-

титутын  құлатып,  консисториялар  (пастор,  диакон  және  діндарлар 

сайлайтын ақсақалдар) басқаратын әрбір жеке діни қауымның (конгре-

гация)  толық  тәуелсіздігін  орнатты.  Кальвин  бойынша,  әрбір  діндар 

адамның  өмірін  Құдай  әуел  бастан-ақ  белгілеп  қояды,  сондықтан 

ол  фортунаға  (сәттілік,  кездейсоқ  бақ  қону)  қарсы  шығып,  фатум 

(тағдыр,  жазмыш)  ұғымын  жоғары  қояды.  Бірақ  бұл  ойшылдың  бас-

ты  еңбегі  –  капиталдың  бастапқы  жинақталуы  дәуірінде  үлкен  рөл 



120

атқарған  протестанттық  деп  аталатын  этиканы  жасағаны  болды. 

Оған  қоса,  ол  Библияның  «шақырылғандар  көп,  ал  таңдаулылар 

аз» деген белгілі қағидасын пайдаланады. Жаңаша түсіндірменің мәні 

мынада:  «Құдайдың  кімді  таңдағанын  ешкім  білмейді»,  сондықтан 

әркімнің  жүрегінде:  «Құдай  мені  таңдады»  деген  үміт  оты  сөнбеуі 

керек.  Егер  адамның  шаруашылық  істерде  жолы  болса,  егер  «ақшаға 

ақша  қосылып»  жатса,  онда  бұл  –  Құдайдың  рақымшылығының 

белгісі.  Оған  жауап  ретінде  адам  да  игілікті  істер  атқаруға  тиіс, 

яғни  жаңа  жұмыс  орындарын  ашуы,  мұқтаждарға  жәрдемдесуі, 

тұрмыста  қарапайым  болуы,  өзін  айналасындағылардан  жоғары 

қоймауы керек. Сөз жоқ, бұндай этиканың еуропалық капитализмнің 

қалыптасуында, оның «адамдық бет-бейнесін» сақтауында үлкен рөл 

атқарғаны күмән тудырмаса керек.

Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі қазақстандық қоғамды жаңарту 

үдерісінде,  өкінішке  қарай,  біз  ондай  этиканы  жасай  алмадық.  Тарих 

та бізге ол үшін уақыт бермеді. Сондықтан жаңартудың алғашқы жыл-

дары  қоғамды  халықтың  рухани  тәжірибесімен  үйлеспейтін,  шектен 

шыққан  дарашылдық  (индивидуализм)  оты  шарпыды.  Қазір  жағдай 

біршама  жақсарып  келеді.  Бірақ  әлі  күнге  дейін  қоғам  халықтың  бай 

рухани-адамгершілік тәжірибелеріне негізделген кәсіпкерлік этикасын 

қалыстастыруға тиісті назар аудармай келеді.

Англиядағы  реформаторлық  қозғалыс  англикан  шіркеуін  – 

протестантизмнің аса бір радикалдық емес жаңа түрін құрудың баста-

масы болды. Бұл қозғалысты король Генрих XIII (1491-1547) басқарды. 

Ал  1554  жылы  ағылшын  парламенті  Англия  шіркеуін  Римге  тәуелсіз 

етіп жариялады. Сол уақыттан бастап және күні бүгінге дейін англи-

кан  шіркеуін  не  король,  не  королева  басқарады,  ал  олар  Кентербер 

және  Йорк  архиепископтарын  тағайындайды.  Англикан  шіркеуінің 

орталығы – Кентербер епархиясы. 

Кальвиннің  Франциядағы  ізбасарлары  атақты  гугеноттар,  ал 

Англия  мен  Шотландияда  пресвитериандар  болды.  Протестан-

тизм  ортағасырлық  схоластиканың  бұғауларын  түпкілікті  үзе  оты-

рып  және  ғылыми  ойдың  шығармашылық  ізденістің  азат  жолына 

шығуына мүмкіндік туғызып, ғылымның өркендеуінде орасан жасам-

паз  рөл  атқарып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  феодалдық  Еуропаның 

әлеуметтік-экономикалық тұрмыс салтын да түбегейлі өзгертті.

Жаңа дәуір басталды.


121

4-тарау. жаңа ДәуіР ғылымы және ФилОсОФиЯсы

4.1. жаңа дәуірдің әлеуметтік-экономикалық және 

рухани өмірінің ерекшеліктері

Сонымен,  Ортағасыр  мен  Қайта  өрлеу  дәуірлерінің  орнына 

тарихтың  жаңа  кезеңі  келеді.  Әлі  күнге  дейін  оны  қай  кезден  бастап 

есептеу туралы нақты ештеңе белгілі емес. Көбінесе Жаңа дәуір Қайта 

өрлеуге еніп кетеді, бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша, оның баста-

уын XVII ғасырдан санағанымыз негізді болатын сияқты.

Ол  уақыт  Еуропада  буржуазиялық  қатынастардың  қарқынды 

дамуымен  сипатталады.  Капиталистік  өндірістің  қажеттіліктері 

адамдардың  ғылымға,  адам  танымының  мақсаттары  мен  маңызына 

деген  көзқарасын  түбегейлі  өзгертеді.  Алдыңғы  орынға  табиғатты 



тәжірибе арқылы зерттеу шығады, ал соның нәтижесінде тұтас жа-

ратылыстану өркендейді. Бұл жағдай философияда да көрініс тапқан: 

онтологиялық  (болмыс  туралы  ілім)  мәселелерден  гносеологиялық 

(теориялық-танымдық)  мәселелерді  зерттеп  білуге  көшу  басым  бола-

ды.  Алдына  ғылымды  дамыту  мақсаттарын  қойған  жаңа  мекемелер 

мен ұйымдар ашылады. Олар, Платонның мысалы бойынша,  «акаде-



миялар» деп аталатын болды.

Осы уақытта танылып үлгірген ғылымдар ішінен механика суыры-

лып алға шығады. Ол түсінікте де: жаңа машиналар, механизмдер мен 

станоктар  жасау  қажет  болды.  Сөйтіп,  Жаңа  дәуірдің  материализмі 



механистік түрге айналады.

Әлбетте,  діннің  ол  кезде  де  қоғамдық  санаға  ықпалы  бар  бола-

тын.  Бірақ  жаратылыстанудың  қуатты  дамуының,  философияның 

жыл  өткен  сайын  күшейе  түскен  материалистік  бағытының  әсерімен 

қоғамда  діни  фанатизм  азайып,  «ар-ождан  азаттығы»  біртіндеп 

өмірге  ене  бастайды.  Ал  философияда  бұрынғыша  «сенім  шындығы 

мен  «ақыл-парасат  шындығы»  бір-бірінен  ажырап  және  сол  уақытта 

Құдайды  осы  Әлемнің  Жаратушысы  ретінде  танитын,  ары  қарай 

өзінің меншікті заңдары негізінде әрекет ететін философиялық ағым –

деизм (лат. deus – Құдай) күш ала береді. Құдай енді Өзі құрған Әлемге 

араласпайды. Дүниеге деген дәл осындай көзқарас жаратылыстанудың 

ары қарай өркендеуіне себеп болды. 

Ал  енді  сол  заманның  жаратылыстануына  келсек,  бір-біріне 

қарама-қайшы  екі  бағыт:  эмпиризм  мен  рационализм  шықты.  Егер 


122

эмпиризм  ғылымдарды  тәжірибелер  арқылы  дамытуды  құптаса,  ал 

рационализм,  керісінше,  барлығын  да  ақыл-ой  сүзгісінен  өткізуді  та-

лап етеді. Алайда екі бағыттың екеуі де оптимизмге, яғни Табиғаттың 

ең  бір  құпия  сырларын  танып  білу  мүмкіндігіне  деген  сенімге  толы. 

Ортағасырлық схоластика қатты сынға ұшырайды: «Ешқандай бедел-

абыройға  қарау  деген  болмауы  керек!»,  «Бұрынғы  дәуірлердің  ұлы 

адамдарының  көзқарастары  ғылымға  ықпал  етуге  және  шекараларын 

шектеуге тиіс емес!». Толықтай еркін ойлау жағдайында ғана ғалымдар 

өз идеяларын дамытып, таңдаған ғылымдарының тақырып аясын зерт-

тей алады. Тағы бір нәрсені ерекше атап өткен жөн. Егер Ортағасыр за-

манында адам ақылының күш-қайраты Құдайдың бар екенін негіздеуге 

және оның жаратуының ұлылығын, құдіретін дәлелдеуге бағытталса, 

енді  Қайта  өрлеу  заманында  және  әсіресе  Жаңа  дәуірде  ғылым  мен 

оның құралы – ақыл – әлемнің жасампаздығы мен түрленуінің негізгі 

элементтері және құралдары ретінде қарастырылатын болды.

Сол уақытта ғылым табиғаттың терең құпияларын аша отырып, сол 

арқылы Құдайдың Өзінің тудырғыш қуатын көрсетеді, демек, ғылым 

Құдайға қарсы тұрмайды деген ой кең тараған-ды.

Жаңа  дәуірдің  философияның  дамуына  ықпал  еткен  кейбір  аса 

маңызды ерекшеліктері осындай.

4.2. жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм мен 

рационализм және олардың ғылымның дамуына ықпалы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет