ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет3/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

шығармашылық ұрлық (плагиат) жасады, яғни өзгелердің идеяларын 

иеленіп алды деп айыптаса, ондай ғалымға деген жеккөрініштіліктен 

асқан ештеңе бола қоймас;

б)  сонымен  бірге  ғылымның  жетістіктері  көлеңкеде  қалып  қоюға 

тиіс  емес,  ал  қоғам  өз  «батырының  бет-жүзін  тануға»  және  оның 

қызметіне деген құрметін әркез білдіріп отыруға тиіс. Демек, жалғыз 

моральдық  қолдау  жеткіліксіз  екен.  Сол  себепті  мемлекет  оның 

зияткерлік меншігін тиісті заңдық кепілдіктермен қамтамасыз етуге 

міндетті. Ғалым өз қызметінен материалдық та, моральдық та қолдау 

көрген жағдайда ғана оның одан арғы шығармашылық қызметіне кең 

жол ашылады;

в)  ғалым  әртүрлі  сертификаттар,  марапаттар  мен  дипломдар 

және  т.б.  түріндегі  ресми  заңдық  танылуға  қол  жеткізуді  ойламай, 



шындықты  ашу  үшін  риясыз,  бәрін  бойына  сіңірген  құлшыныспен 

ілгері ұмтылуға тиіс;

г)  алдыңғы  аталғандарға  бой  алдыру  –  жең  ұшынан  жалғасу, 

сыбайласқан  жемқорлық  сияқты,  ғалымның  әртекті  пайдалар  алуға 

бағытталған  қызметінің  көлеңкелі  жақтарына  әкеп  соқтырады;  бұл 

жағдайда шындықты іздеу «арзанқолды жұмысқа» айналады;

д) сонымен, бүгінгі күні, Р.Декарттың уақытында да болғандай, бір 

немесе  басқадай  ғылыми  жетістіктерді  бағалау  кезінде  күмән,  сын



қисынды дәлелдеушіліктің ұстанымдары олардың шынайылығын та-

нып білудің таптырмайтын құралдары болып қала береді. 

Әлбетте, адамдардың мүдделері мен мақсаттары тоқайласып жата-

тын нақты өмірде жоғарыда аталған құндылықтар толығымен жүзеге 

аса бермейді. Сол себепті ғылымның нормалары мен құндылықтарына 

Мертон  жасаған  талдау  сан  рет  сынға  ұшырады.  Алайда  қазіргі  за-

ман  ғылымының  этосын  әзірлей  отырып,  Мертонның  өзектілігі  аса 

жоғары, бірақ қозғалыссыз жатқан адамгершілік-этикалық мәселелерге 

жан бітіргенімен келіспеуге болмайды. Сондықтан да әрбір ғалымның 

ғылыми этиканың жоғарыда аталып өткен құндылықтары мен норма-

ларын іс жүзіне асыруға ұмтылғаны абзал.


24

Қазіргі  заманғы  ғылымда  ғылыми  зерттеулердің  15000-ға  жуық 

бағыты бар, ал әрбір 20 жыл өткенде, ақпараттар көлемі екі есе ұлғайып 

отырады  деп  есептеледі.  Есте  қаларлығы,  әлемдік  тарихта  қайсыбір 

замандарда  өмір  сүрген  барлық  ғалымдардың  90%-ы  біздің  заман-

дастарымыз  екен.  Бүгінгі  таңда  өмірімізді  ғылымсыз  көзге  елестету 

тіпті  мүмкін  емес.  Көз  жетерлік  әлдебір  болашақта  Жердің  үстіңгі 

қабаты  ноосфераға  (ноосалаға)  айналғанда  (Ж.Леруа,  В.Вернадский, 

Т.де Шарден), бүкіл өмірдің алуан түрлілігі барысында коэволюцияға

яғни  бірлесе  дамуға  (Н.Моисеев)  қол  жеткен  кезде,  адамзаттың 

болашағы ғылыммен ғана байланысады. Бұл Жер дамуының шынайы 



антропогендік тарихының бастамасы болмақ.

Нақты-тарихи  қоғамның  құндылықтары,  солардың  негізінде 

қалыптасатын қоғамдық қатынастар, өндірістік күштер дамуының қол 

жеткен деңгейі және басқалары таным үдерісіне әсер етеді. Олай болса, 

алдымен  танымға  әсер  ететін  басты  факторды  айқындап  алу  қажет. 

Сонда ғана оның тереңде жатқан мәнін ашу мүмкін болады.

Білімдер  санадан,  рухани  болмыстан  келіп  шығатын  туынды 

болғандықтан,  көптеген  ғасырлар  бойы  ойшылдар  таным  негізін 

адамның санасынан көріп келді. Олардың ойынша, «ақыл жаттығуы», 

«танымға құштарлық», «шығармашылық ізденіс», «тума дарын» және 

басқалары  таным  негізі  бола  алады.  Әлбетте,  көрсетілген  факторлар-

ды  есептен  шығарып  тастауға  болмас.  Алайда  солардың  негізінде 

ғана  танымның  толыққанды  теориясын  құра  алмаймыз.  Ол  үшін  біз 

адамның  өмір  сүруінің  барлық  басқа  тірі  тіршіліктен  өзгеше  бөлек 

тәсілін айқындауға тиіспіз. Ал бұл бізді: адам хайуан құсап, «алғашқы 

жаратылғандай  таза  табиғатты»  сол  күйінде  қанағат  тұта  алмай-

ды,  ол  өзінің  жан-жақты  дамыған  қызметі  барысында  оны  өзгертуге, 

түрлендіруге  ұмтылады  дегенге  келтіреді.  Философия  тілінде  ол 



«тәжірибе» деп аталады.

1.6. жаратылыстану, техникалық және әлеуметтік-

гуманитарлық ғылымдардың қалыптасу ерекшеліктері

Зерттеу нысанына сүйене отырып, бүгінгі таңдағы ғылымды төтен-

ше  күрделі  құбылыс  ретінде  төмендегі  белгілері  бойынша  бірнеше 

үлкен топқа бөлуге болады:

–  көлемі  (табиғат,  қоғам  және  адам;  техника  және  нысандар 

жүйесі);


25

–  мейлінше  күрделі  салалар  деп  түсіндірілген  зерттеу  нысанасы 

(шынайы табиғат пен өмір бар; қоғам мен адам деген не; екінші табиғат 

пен техникалық жүйелердің мәні);

–  әдістері  (номотетикалық  –  ортақ,  яғни  құбылыстардағы  ұқсас, 

етене жақын, олардың заңы деп қаралатын нәрсені анықтауды мақсат 

еткен таным әдісі; идиографиялық – мақсаты нысанның даралығы және 

қайталанбастығын сақтап, оны біртұтас бірегей бүтін деп бейнелеу бо-

лып табылатын таным тәсілі; жүйелі).

–  әдістемелік  («туралы»  білімдер,  «сияқты»  білімдер)  және 

әлеуметтік-институттық («үшін» білімі) ұстанымдары. 

Табиғат құбылыстарын зерттеу барысында астрономия, математика, 

механика, физика, химия, биология, геология негіздері қаланады. Олар 

табиғи-ғылыми  танымға  жатады.  Адамды  және  қоғамды  зерттейтін 

ғылымдар,  әдетте,  гуманитарлық  білімдер  және  қоғамтану 

түсініктерімен  бірігеді.  Олардың  қатарына  философияны,  психоло-

гияны,  саясаттануды,  әлеуметтануды  және  басқа  пәндерді  жатқызуға 

болады.

Гуманитарлық  пәндердің  ерекшелігі  –  олардың  мазмұнында 



нақты  тарихи  қоғамның  әртүрлі  әлеуметтік  топтарының  мүдделері 

мен  мақсаттары  сөзсіз  баяндалатыны  болып  табылады.  Сол  себепті 

бір  құбылысқа  әрбір  әлеуметтік  топ  басқалардың  пікіріне  пара-

пар  келмейтін,  өзінің  дербес  бағасын  бере  алады.  Сонымен  бірге 

гуманитарлық  ғылымдар  ортақ  құндылықтар:  адамды  сүю, 

жақсылық,  әсемдік,  әділеттілік,  еркіндік  және  теңдік  және  т.б. 

негізінде біріккен.

Гуманитарлық  танымда  көркемдік  таным,  өнер  оқшау  тұр.  Ол 

әдебиетті, поэзияны, көркемсуретті, мүсін өнерін, музыканы және т.б. 

қамтиды. Ғұлама А.С.Пушкин кезінде өнерге «бізді көкке көтеретін ал-

дау» деген анықтама берген, өйткені сахнада өтіп жатқан әрекет нақты 

өмірде  көбінесе  бола  бермейді,  бұл  жерде  жақсылық  пен  жамандық, 

сұлулық  пен  сұрықсыздық  араласып  жатады.  Бір  кездері  Г.Гегель 

айтқандай,  өмір,  негізінен,  сұр  бояулармен  жазылған.  Алайда  өнерге 

жанасу біздің жарқын, шуақты сезімдерімізді оятады, біз катарсисті – 

іштен  тазаруды  сезінеміз,  жамандыққа  қарсы  иммунитет  тудырамыз, 

эмпатияға – ортақ күйзелуге қабілетті бола бастаймыз.

Қоғамның  рухани-адамгершілік  тұрғысында  тазаруында  бүгінгі 

күні  діндердің,  демек,  дінтану  деген  ғылыми  пәннің  рөлі  өзгеше 

көтеріліп тұр. 


26

Үшінші  топқа  техникалық  деп  аталатын  ғылымдар  жатады. 

Гректің  «техне»  дегені  бастапқыда  өнерлілік,  шеберлік  мағынасында 

қолданылатын. Қазіргі заманға сай мағынасында техника деп қоғамда 

қолданылатын  әртүрлі  құралдарды  түсінеміз.  Ф.Энгельсті  есімізге 

түсірейік:  адамзат  өзінің  дүниеге  келгені  үшін  еңбек  құралдарының 

дайындалуына және олардың жүйелі түрде пайдаланылуына қарыздар.

Қазіргі  уақытта  компьютерлік  техниканың  өркендеуі  қажетті 

ақпаратты  жылдам  таңдауды,  оны  жүйелеуді,  топтарға  бөлуді  іске 

асыруға  мүмкіндік  беріп  отыр,  ал  бұл,  өз  кезегінде,  өндірістегі 

өзгерістерге  жедел  дайын  болу,  тиісті  шешімдерді  шапшаң  қабылдау 

және оларды өндірісте іске асыру сияқты әрекеттерге жағдай туғызады.

Сөйтіп,  жаратылыстанудың,  техникалық  ғылымдардың  және 

әлеуметтік-гуманитарлық  пәндердің  эпистемологиялық  (танымдық) 

мәртебесінің  әртүрлі:  нысандық,  технологиялық,  түрлендіруші 

(өзгертуші) және аксиологиялық (құндылықтардан тұратын) тармақтары 

бар  болып  шықты.  Бұрынғы  Кеңес  Одағының  ғалымы,  ғылым  мен 

жүйелі  зерттеулер  әдістемесі  саласының  маманы  Э.Г.Юдиннің  (1930-

1976)  жаратылыстануды  –  қызмет  (өзекті  де,  әлеуетті  де)  шарттары-

мен,  техника  ғылымдарын  –  қызмет  құралдарымен,  ал  әлеуметтік-

гуманитарлық  ғылымдарды  әлеуметтік  қызметтің  ықпалдасуына 

мүдделі әртүрлі әлеуметтік топтардың құндылықтарымен сәйкестікке 

келтіріп, арақатынастарын белгілеуді ұсынғаны кездейсоқтық емес.

Сонымен,  өз  мәні  бойынша  әлемді  танып  білу  –  адам  өзінің 

жаны  мен  тәнінің  барлық  мүмкіншіліктерін  пайдалануға  тырыса-

тын  өзгеше  күрделі  құбылыс.  Нақты-тарихи  өмір  сүретін  қоғамның 

құндылықтары, солардың негізінде құрылатын қоғамдық қатынастар, 

өндірістік  күштер  дамуының  қол  жеткен  деңгейі  және  басқалары 

таным  үдерісінде  өздерінің  белгілі  бір  орнын  иеленеді.  Ғылымға 

келер  болсақ,  ол:  а)  білімнің  ерекше  формасы;  ә)  шындыққа  қол 

жеткізуге бағытталған рухани қызмет және, ақыр соңында, б) күрделі 

ұйымдастырылған әлеуметтік институт болып табылады.



екінші  бөлім

ғылым мен ФилОсОФиЯның 

таРиХы

28

1-тарау. антика ДәуіРінДе ғылым 

бастаулаРының паЙДа бОлуы 

1.1. ғылымның пайда болуы мәселесі

Ғылымның  пайда  болуы  туралы  мәселе  өзгеше  күрделі.  Бүгінгі 

таңда да ол туралы көзқарастар әртүрлі. Негізінен, пікірлер, біріншіден, 

ғылымның  пайда  болған  уақыты  мәселесіне,  екіншіден,  ғылымның 

шыққан орнына, үшіншіден, ғылымның пайда болуын негіздеуге бо-

латын белгілерге қатысты өрбиді.

Әдебиетте  ғылымның  пайда  болған  уақыты  туралы  бірқатар 

көзқарастар бар. Оның үстіне, ең негізгі ұстаным – ғылымның алғаш-

қы  бұлақтары,  –  адамның  еңбек  құралын  дайындауды  бастағанын 

жан-жануарлар  әлемінен  бөліп  көрсету  шамасына  қарай,  –  сол  ең  бір 

алыс  замандардан  (1,5-2  млн.  жылдар  бұрын)  бастау  алады  деген 

тұжырым  болып  табылады.  Бірақ  бұндай  жорамалдың  мүлдем 

ақылға  қонымсыздығы  көзге  ұрып  тұр:  ол,  шамасы,  адамның  шығу 

тегі  туралы  энгельстік  еңбек  теориясының  әсерінен  пайда  болған. 

Зинджантроптың немесе неандерталдықтың көзінен ақыл-парасаттың 

ұшқыны  көрінетінін  жорамалдау  үшін,  ерекше  қиялшыл  болу  керек 

шығар.

Көпшілік ғалымдар ғылым – ол қазіргі заманғы адамзат дамуының 



өркениетті кезеңінің жемісі деген ойға ден қояды. Б.з.д. VI-V ғғ. адам-

зат  тарихында  күрт  өзгерістер  орын  алғаны  белгілі.  Шығыста  да, 

Батыста  да,  «адамзаттың  ұлы  әкелері»:  Лао-Цзы  мен  Кон-Фу-Цзы 

Қытайда,  Махавира  мен  Гаутама  Сидхартха  (Бұдда  деп  аталып  кет-

кен)  Үндістанда,  Зороастр  (Зәрдүшт)  Парсыда,  Сократ,  Фалес,  Солон 

және  басқалары  Грекияда,  Иса,  Илья,  Иеремия  Палестинада  дүниеге 

келіп, таңғажайыптарды іске асырып жатты. Дүниенің мифологиялық 

түсінігіне қанағаттанбаған олар дүниенің жаратылысы және адамның 

қалай  өмір  сүруі  керектігі,  оның  өмірінің  мән-мағынасы  туралы 

өз  идеяларын  уағыздай  бастады.  XX  ғасырдың  ұлы  неміс  философы 

К.Ясперс  бұл  жағдайды  «адамзаттың  түпқазықты  уақыты»  деп 

атаған.  Шын  мәнінде,  адамзаттың  осы  уақытқа  дейін  жалғасып  келе 

жатқан  өз  дамуының  өркениеттік  тарихына  енуі  сол  заманнан  баста-

лады.  Ал  философияға  қатысты  айтар  болсақ,  К.Ясперс  оның  пайда 

болуын  адамның  рухының,  сана-сезімінің  оянуымен,  яғни  ол  кезде 

оның өзін басқалардан бөлектеп қана қоймай, бүкіл әлемге қарсы қоя 

білгенімен  байланыстырады.  ғылым  бастамалары  мыңжылдықтар 


29

бойы  философия  аясында  дамып  келді.  Математика  негіздері  –  жер 

өлшеу,  арналар  мен  әртүрлі  құрылыстар  салу  қажеттілігінен,  астро-

номия – жұлдыздар мен планеталар бойынша бағдар жасау үшін пай-

да  болса,  Орта  ғасырларда  алхимия  байлықты  молайту  (қорғасынды 

алтынға айналдыру) әрекеттерінен келіп шықты. 

Әлбетте,  адамзат  тарихындағы  осындай  ірі  өзгерістердің  себебін 

әлдебір  «рухани  сілкіністен»,  «Құдайдың  ісінен»  іздеуге  болар  еді. 

Ал  біз  қола  дәуірінен  темір  заманына  ауысу  кезеңі  болған  бұл 

күрт  өзгеріс  уақытын  материалдық  тұрғыда  талдап  түсіндіріп 

беруге  әрекет  етпекпіз.  Ж.Ж.Руссоның:  «Темір!  Қазіргі  заманғы 

өркениетті  тудырған  –  осы!»  –  деген  сөздерінде  үлкен  шындық  жа-

тыр.  Соқаға  кигізілген  темір  түрен  жерді  терең  қаза  отырып,  оны 

өңдеудің  түбегейлі  жақсаруына  себеп  болды.  Нәтижесінде,  өнімділік 

артты,  азық-түліктің  молдығы  оларды  айырбас  жасауға,  нарықтық 

қатынастар  бастауларының  пайда  болуына  келтірді.  Кезінде  К.Маркс 

айтқандай,  адамдар  алтынның  сезімталдық-бұйымдық  бетінен  осы 

уақытқа  дейін  беймәлім  болған  «ерекше  сезімтал»  қасиетін  –  сонша-

ма  әртекті  заттар  құнының  баламасы  болу  қасиетін  ашты.  Мысалы, 

алтынның  әлдебір  санын  бір  сиырға  немесе  төрт  қойға,  тіпті  болма-

са  30  қап  астыққа  айырбастауға  болады  дейік.  Бұл  адамдардың  жал-

пылама ойлау деңгейінің артуына, қоғамдық сананың пайда болуына 

жеткізді.

интеллигенцияның  (зиялы  қауымның),  яғни  өздерін  тұтастай 

және  толығымен  ақыл-ой  қызметіне  арнаған  адамдардың  шығуы, 

шын  мәнінде,  сол  заманның  ерекше  оқиғасы  болды.  Азық-түлік 

артықшылығының,  байлықтың  пайда  болуы  негізінде  қоғамға  енді 

белгілі  бір  адамдар  саны  үшін  шығармашылық,  ақыл-ой  жұмысы 

үшін қажетті жағдайлар жасау мүмкіндігі туды. Сөйтіп, жыраулар мен 

ақындар, философтар мен көркем суретшілер, математиктер мен актер-

лер  және  т.б.  шыға  бастады.  Сол  сәттен  бастап-ақ  әлемдік  тарихтың 

шапшаң  қадамы  бірден-бірге  қарқын  ала  берді.  Тағы  да  К.Ясперске, 

оның  көрегендігіне  жүгінейік:  адам  рухының  оянған  сәтінен 

бастағанда, барлық ғылымдардан бұрын философия пайда болды.

Бірақ, шын мәнінде, қазіргі заманғы ғылым өзінің дүниеге келгені 

үшін  жаңа  заманға,  яғни  капитализмге  қарыздар.  Оның  отаны  –   

еуропа. Егер Жаңа заман орнағанға дейін Шығыс пен Батыс өздерінің 

даму  деңгейі  бойынша  парапар  болса,  енді  Еуропа  алға  ұмтылып 

шықты. Шығыс елдерінің дамуы бәсеңдеп, артта қала бастады. бұның 

себебі неде? Әдебиетте бұл күрделі сұраққа әрқилы жауаптар беріледі.


30

К.Ясперс  оның  терең  бастауларын  христиан  дінінің  рухани  бағ-

дарларынан  көреді.  Біріншіден,  Библия  этосы,  адам  сол  жолда 

қаншалықты  шаршап-шалдықса  да,  одан  шындыққа  жетуді  талап 

етеді. Екіншіден, Әлемді Құдай жаратқандықтан, оны (Әлемді) танып 

білу – Құдай берген ойдың ізімен жүру дегенді білдіреді. Үшіншіден, 

бүл дүние азап, қайғы-мұңға толы болғандықтан, олардың себептерін 

зерттеп,  Құдайды  ақтау  үшін  солармен  күрес  жүргізу  керек. 

Әлбетте,  бұл  рухани  себептердің  болуы  орынды.  Бірақ  К.Ясперс 

Құдайдың адамға Әлемді билеуші болуды бұйырып, оны Өзіне ұқсас 

бейнеде  жаратқаны  туралы  христиан  дінінің  белгілі  қағидасына 

назар  аудармаған  сияқты.  Біздің  ойымызша,  дәл  осы  қағида 

ғылымның христиандық әлемде жедел дамуына себепші болған. Егер 

жаратылыстанудың  негізгі  бағыттары  жүзжылдықтар  бойы  нақ  сол 

табиғат құпияларын ашуға, оларды өз мақсаттарына пайдалануға және 

табиғатты  түбегейлі  бағындыруға  арналды  десек,  шындықтан  онша 

алшақ  кете  қоймаспыз.  Сол  себепті  батыстық  зерттеушілердің  Еуро-

атлантикалық өркениеттің терең рухани-адамгершілік дағдарысын нақ 

осы қағидадан көретіні кездейсоқ емес.

Алайда бұл мәселенің тағы өз әлеуметтік-экономикалық жағы бар. 

Ол Еуропа топырағына Қайта өрлеу дәуірінің (XV-XVI ғғ.) аяқ басуы-

на  байланысты  болды,  ол  кезде  Италияда  алғаш  рет  капиталистік 

қатынастар  бастаулары  пайда  болып,  еркін  жалдамалы  еңбек  және 

т.б.  қолданыла  бастаған.  Содан  кейін  орын  алған  буржуазиялық-

демократиялық  революциялар  адамдарға  еркіндік  беріп,  сословиелік 

қатынастарды  жоя  отырып,  барлықтарының  құқықтарын  теңестірді. 

Жаңа жағдайда әрбір адам өзінің әл-ауқатын қалай жақсартуды, отба-

сын қалай асырауды ойлайтын болды. Бұл миллиондаған адамдардың 

белсенділігін, олардың шығармашылық ізденіс-шабытын оятты, соның 

нәтижесінде  өндірістік  күштер  қуатты  дамуға  жетті.  Бұл  ғылым  мен 

техниканың қарқынды дамуының жетістігі еді.

Айтылғандарды қорытындылай келе, ғылым мен техниканың даму-

ын төмендегідей тәртіпте көрсетуге болады:

1.  Қоғам  дамуындағы  ғылымға  дейінгі  кезең  (көне  заманнан  XV 

ғасырға дейін). 

2.  Заманға  сай  ғылымның  қалыптасуы  (XVI  ғасырдан  XIX  ға-

сырдың 70 жылдарына дейін).

3.  Ғылым  мен  техника  дамуындағы  классикалық  (айқын)  кезең  –  

XIX ғасырдың 70 жылдары – XX ғасырдың ортасы).


31

4.  Ғылым дамуындағы классикалықтан кейінгі кезең (XX ғасырдың 

ортасынан осы уақытқа дейін).

Сөйтіп, ғылым бастаулары антика дәуірінде философия аясында 

пайда  болған.  Бұл  тұжырымды  қабылдауға  болады.  Бірақ  ғылымның 

дүниеге келген орны – антикалық грекия (б.з.д. V ғасыр) деп жүрген 

пікірмен келісуге бола ма? Ал сонда Ежелгі Шығыс қайда?

Шығыста  ғылымның  алды  ғана  болған  дейтін  еуропалық  және 

ресейлік  бірқатар  ғалымдардың  пікірлерімен  келісуге  бола  қояр 

ма  екен,  сірә?  Осы  жорамалды  жақтаушылар  қандай  дәлелдер 

келтірсе  де,  бір  нәрсе  анық:  бұл  қалай  болғанда  да,  еуроцентризм-

ге,  Шығыс  халықтарының  жалпыадамзаттық  өркениет  дамуына 

қосқан  үлесін  кемсітуге  әкеп  соқтырады.  Ал  бұл  –  маңызды  мәселе. 

Олжас  Сүлейменовтің  таныс  сөздерін  басқашалап  айтқанда,  «тау-

ды  асқақтатамыз  деп,  даланы  аласартуға  болмайды».  Сондықтан 

ғылымның шығу тегіне мейлінше егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, ол 

мәселеге келесі параграфты арнағанымыз дұрыс болар.

1.2. ежелгі Шығыста ғылым бастауларының пайда 

болуының алғышарттары туралы

Ең  бір  ежелгі  өркениеттердің  Шығыста  (Месопотамия,  Қытай, 

Үндістан,  Парсы  елдері,  Мысыр  және  т.б.)  пайда  болғаны  белгілі. 

Әдебиетте  қоғам  өмірінің  көпшілік  салаларында,  атап  айтқанда,  жер 

өңдеу,  кәсіппен  айналысу,  сауда-саттық,  қару  жасау  және  басқа  сала-

ларда б.з.д. V ғасырдағы Шығыс елдерінің басым рөлі мойындалады. 

Солай  болса  да,  ғылымның  шығу  тегіне  қатысты  көптеген  авторлар 

ғылымның  пайда  болуын  ертедегі  грек  мәдениетімен  байланыстыра 

келе, бұл жерде ғылымның жоқтығын айтады (қараңыз: Философия на-

уки. Академический проект. – М.: 2006. – 37-38-беттер).

Бізге ондай көзқарас негізсіз болып көрінеді. Кез келген танымдық 

белсенділіктің  (оның  ішінде  ғылымның  да)  тереңде  жатқан  тамыр-

лары  тәжірибеден,  қоғам  алдында  үздіксіз  туып  отыратын  нақты 

өмірлік мәселелерді шешу қажеттігінен бастау алады емес пе. Үлкен 

өзендердің  жайылуы  және  кең  алқаптарды  су  басып  жататыны  адам-

дарды бөгеттер салуға мәжбүрледі, ал бұл, өз кезегінде, жердің үстіңгі 

бетін, оның өлшемдерін мұқият зерттеуді талап етті. геометрия бас-

таулары  осылай  пайда  болды.  Сауда-саттықтың  өркендеуі  сол  бойда 

үлкен  сандармен  шұғылдануға  келтірді,  сөйтіп,  математиканың  да-

муына себеп болды. Аса үлкен инженерлік жобалар (Вавилон мұнара-


32

сы, Ұлы Қытай қорғаны, Мысыр пирамидалары, Семирамиданың аспа-

лы бақтары және басқалары) математиканың, механиканың, матери-

алдар  кедергісі  мен  басқаларының  бастау-көздерінің  пайда  болуына 

ықпал  етті.  астрономия  туралы  алғашқы  білімдер  де  (көшпенділік, 

сондай-ақ теңіз кемелері үшін жұлдыздар мен планеталардың орнала-

суына бағдарланған жолдар салу, кейіннен оларды діни салт-жораларда 

пайдалану үшін, Күн мен Айдың тұтылатын мерзімдерін анықтау және 

т.б.) сол уақытта дами бастады.

Мысалы, Мысырда б.з.д. 4241 жылы-ақ адамдар уақытты күнтізбе 

бойынша  есептеуді  білген,  жазу-сызудың  шыққанын  да  сол  кезеңге 

жатқызуға  болады.  Мысыр  пирамидалары  көптеген  геометриялық, 

математикалық  ұғымдардың  сол  кездің  өзінде-ақ  айтарлықтай 

дамығанын  көрсетеді.  Ол  пирамидалардың  ішіндегі  ең  биігі  –  Хеопс 

пирамидасын  алып  қараңыз:  ол  өзінің  алдыңғы  орнын  1889  жылы, 

Эйфелев  мұнарасы  пайда  болған  кезде  ғана  беріп  отыр.  Немесе  Ұлы 

Вавилонды  –  ежелгі  «Әлем  астанасын»  (басқа  атауы  –  «Баб  Эл  – 

Құдай қақпасы») қараңыз. Ол туралы хикаялардың тіпті қазіргі заман 

адамының да қиялын қобалжытатыны сөзсіз. Сөйтіп, Геродот бойын-

ша, ол қаланың жалпы аумағы 60 миль (квадраттың әр бетіне 15 миль-

ден келеді) құрайтын. Қабырғаларының үстіне 250 мұнара орнатылған. 

Қаланың  ішіне  жезден  құйылып  салынған  жүздеген  қақпа  арқылы 

кіруге болады.

Жеті сатыдан тұратын, шығар басына шағын ғибадатхана салынған 



Вавилон  мұнарасының  атағы  да  кем  емес.  Мұнараның  биіктігі 

қабырғаның бір бетін құрайтын ұзындыққа – тоқсан метрге тең.

Аммизадуги  патша  (б.з.д.  1646-1626  жж.)  билік  құрған  уақытта 

Вавилонда  Шолпан  планетасы  фазаларының  (белгілі  мерзім 

аралықтарында  өзгеруінің)  кестелері  жасалған.  Ол  мағлұматтардың 

дәл  болғаны  соншалық,  бұрыштық  өлшемдердегі  қателіктер 

секундтың бір үлесінен аспайтын. Қазіргі заманғы жетілген оптикасыз 

дәл сондай дәлдікке жетудің мүмкін болғаны әлі күнге дейін беймәлім 

күйінде  қалып  отыр.  Вавилон  астрономдары  осы  уақытқа  шейін 

мұсылман  елдерінде  және  Исраил  мемлекетінде  пайдаланылатын  ай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет