2. Тапсырма. «Арқанның ... жақсы, әңгіменің ... жақсы» мақалына сай келетін антонимдік жұпты табыңыз А) алыс – жақын
В) қатты – жұмсақ
С) ұзыны – қысқасы
Д) көп – аз
Е) сулы – құрғақ
Дұрыс жауабы:
С) ұзыны – қысқасы
3. Тапсырма. Қазақ тілінде қанша септік бар А) Алты септік
В) Сегіз септік
С) Бес септік
Д) Жеті септік
Е) Тоғыз сетік
Дұрыс жауабы:
Д) Жеті септік
3. Тапсырма. Көптік мағына беріп тұрған жалғауды табыңыз. А) Ауылдың маңы - терең сай.
В) Тәуелсіздік біздің арманымыз еді.
С) Үй жиhаздарын жинау.
Д) Білімдіден шыққан сөз.
Е) Отаным - бақыт ордасы.
Дұрыс жауабы:
С) Үй жиhаздарын жинау.
4. Тапсырма. Сенің ойың орындалатын шығар? Сұраулық мағынаны туғызушы сөз табын табыңыз. А) Етіс.
В) Зат есім, етістік.
С) Есімдік.
Д) Көсемше.
Е) Көмекші етістік.
Дұрыс жауабы:
Е) Көмекші етістік.
5. Тапсырма. Болымды етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз А) ол өтірік атйқан емес
В) досын көрмеді
С) кітапты әкелген жоқ
Д) айтқан уақытында келген жоқ
Е) кітабын әкеліп берді
Дұрыс жауабы:
Е) кітабын әкеліп берді
6. Тапсырма. Құрмаластардың ішінен шартты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз: А) Ет жиналысымен, шай да келді.
В) Емтихан тапсырдық та, қайттық.
С) Таныс болмағандықтан, жақсы сөйлесе алмадық.
Д) Сен келмейінше, мен кетпеймін.
Е) Үзіліс болған соң, далада ойнады.
Дұрыс жауабы:
Д) Сен келмейінше, мен кетпеймін.
Тапсырма. Омонимді белгілеңіз: "Ол сенен он жас үлкен".
А) сенен
В) үлкен
С) он
Д) ол
Е) жас
Дұрыс жауабы:
Е) жас
Тапсырма. Барыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз. "Асқар көршісіне тез келуді ескертті"
А) тез
В) көршісіне
С) келуді
Д) Асқар
Е) ескертті
Дұрыс жауабы:
В) көршісіне
Тапсырма. Нақ осы шақты білдіретін сөйлемді табыңыз
А) Соны білгесін Орта жүз жақсылары салмақтана түсті
В) Қояндыға қарай жүріп кетті
С) Үкімет үйінің үстінде Республиканың туы желбіреп тұр
Д) Кер құнанды Жексенбі атасынан сұрап мінді
Е) Кеше Тұрар жатаған торы биемен жолға шықты
Дұрыс жауабы:
С) Үкімет үйінің үстінде Республиканың туы желбіреп тұр