8. Тапсырма. Сөйлемнің жалғасын табыңыз.
Қар көп жауып, жер ылғалды болса, ... .
A) астық мол болады
B) ауа ластанады
C) құрғақшылық болады
D) ауаға оттегі көп бөлінеді
Е) жер лай болады
Дұрыс жауабы:
9. Тапсырма. Адамның өзіне қатысты істейтін әрекетін көрсетіңіз.
A) бояу, тазалау
B) бояну, тазалану
C) бояту, тазалату
D) боясу, тазаласу
Е) бояндыру, тазаландыру
Дұрыс жауабы:
10. Сөйлемді толықтырыңыз.
Жағдай бақылауға ..., қар көшкіні қаупін жоюға болады.
A) қайталанса
B) алынса
C) сақталса
D) ескертілсе
Е) болса
Дұрыс жауабы:
11. Сөйлемді толықтырыңыз.
Айыпкер деп танылған жігіт өз кінәсіздігін ... .
A) мойнына алды
B) көмек көрсетті
C) дәлелдеп шықты
D) беріп жіберіпті
A) сенімді болды
Дұрыс жауабы:
12. Тапсырма. Қажетті сөзді қойыңыз.
Кездесу алдында ол ұзақ ... .
A) сәнденді
B) сәндеді
C) сәндендірді
D) сәндеген жоқ
Е) сән көрсетті
Дұрыс жауабы:
13. Тапсырма. Сөйлемді жалғастырыңыз.
Егер жәбірленуші кешірсе, ... .
A) сен түсіндің
B) онда сот болмайды
C) сондықтан ол білді
D) себебі біз қуандық
Е) іс қозғалады
Дұрыс жауабы:
14. Тапсырма. Сөйлемнің жалғасын табыңыз.
Менің ертең уақытым жоқ, ... .
A) сол себепті демаламыз
B) себебі мақала жазамын
C) әйтпесе қонаққа барамыз
D) егер фестиваль болса
Е) сонымен шығарып саламыз
Дұрыс жауабы:
15. Тапсырма. Сөйлемді мағыналас сөйлем түрімен аяқтаңыз.
Әлия күні бойы үй жинады, бірақ ... .
A) таңертеңнен сабақта болды
B) тамақ пісіруге уақыты жетпеді
C) күні бойы кітапханада отырды
D) күнұзақ достарымен серуендеді
Е) кешке үйіне зорға жетті
Дұрыс жауабы:
B) тамақ пісіруге уақыты жетпеді
|
Тақырып 1.4 1) Мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру
Мәтіндерге сәйкес тест тапсырмаларына дұрыс жауапты анықтау керек.
1-мәтін.
Ғалым туралы естелік
Омбыдағы Кадет корпусында Шоқан Потанинмен дос болады. Потанин – қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеуші, ғалым Шоқан туралы естеліктерінде былай деп жазады: «...Мен Шоқанмен корпусқа оқуға келгенде таныстым. Ол орысша білмеді, мен қазақша білмедім. Бірақ Шоқан орыс тілін тез үйреніп алды. Екеуміз де кітап оқуды жақсы көрдік, әсіресе саяхатшылар туралы кітапқа қатты қызығатынбыз, сондықтан екеуміз жақсы дос болып кеттік.
Мен қазақ даласы мен географиясы туралы білгенімді дәптерге жазып жүрдім. Шоқан сол жазуларды өз әңгімесімен толықтырады. Сөйтіп, біз қазақтардың бүркітпен аңға шығуын толық жаздық.
Шоқан кейіннен оқуда орыс достарынан да озып кетті. Ақылды, дарынды балаға үлкендер де қызыға қарайтын. Демалыс күндері оны офицерлер мен Сібір шенеуніктері үйлеріне шақыратын. Ол қаладағы өнерлі, білімді адамдармен көп араласып тұрды.
Шоқан өте көп оқитын, саяхатшы болуды армандайтын. Қаладағы кітапханадан кітап алу сол кезде тек Шоқанға ғана рұқсат етілді. Ол әкелген кітаптарды мен де оқитынмын.
Біз Шоқаннан үлкен болсақ та, білім жағынан ол бізден әлдеқайда жоғары еді. Корпус оқушылары үшін Шоқан «Еуропаға ашылған терезе» секілді еді.
Достарыңызбен бөлісу: |