ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ДАРЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН
ҰТЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Нұр-Сұлтан | 2020
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕРЕК
МҰҒАЛІМ ҮШІН ІС-ӘРЕКЕТ ЖОСПАРЫ
Құрметті мұғалімдер!
Егер сіздерге оқушыларды қашықтықтан оқытуды жоспарлау қажет болса, онда бұл әдістемелік ұсынымдар сіздер үшін. Қашықтықтан оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты техникалық және әдістемелік мәселелерді қарастырайық.
Мұғалім үшін іс-қимыл жоспарын ұсынамыз.
Қашықтықтан оқытуды қалай жүргізетініңізді анықтаңыз. Бірінші кезекте, оқушылармен қалай жұмыс істейтініңізді ойлаңыз. Қашықтықтан жұмысты төменде сипатталған тәсілдердің бірімен немесе олардың комбинациясын пайдалана отырып өткізуге болады.
Нақты уақыт режиміндегі кездесулер:
Сіз оқушылармен тікелей эфир өткізілетін немесе онлайн-кездесу тағайындалған уақыт туралы келісесіз. Онлайн-сабақта сіз материалдарды түсіндіресіз, оқушылардың сұрақтарына жауап бересіз және оларға сұрақ қоясыз. Мақаланың соңында сіз онлайн-кездесулер өткізуге мүмкіндік беретін қызметтер тізімін табасыз.
Интерактивті оқу материалдары арқылы қашықтықтан оқыту:
Оқушыларды оқытуды интерактивті оқу материалдары арқылы: нұсқаулықтар, оқу контенті (бейне, интерактивті бейне, мәтін, суреттер), өзін-өзі тексеру, сілтемелер және т. б. құруға болады. Осындай оқу материалдарының көмегімен оқушы жаңа тақырыпты өздігінен оқиды. Оқушылар қиындықтарға тап болса да, сұрақ қою арқылы тапсырмаларды орындауды жалғастыру үшін сұхбат чатын жасау керек.
Жұмысты жоспарлаңыз:
Бір апта сияқты уақыт бөлімін алып, оқушылардың оқу пәніңіз бойынша жұмысын ұйымдастырыңыз. Жұмысты тұтас ұйымдастыру үшін, оқушылар қол жеткізуге тиіс оқу нәтижелерінен бастаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |