58
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын
бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес
білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу
жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын төмендетілген оқу
жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын өздері таңдап алады.
Төмендетілген оқу жүктемесі бар Үлгілік оқу жоспарлары бойынша
«Шетел тілі» оқу пәнінің Үлгілік оқу бағдарламалары «ҚР БҒМ кейбір
бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020
жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген.
«Ағылшын тілі» оқу пәні
«Ағылшын тілі» оқу пәндері
(оқыту қазақ тілінде, оқыту қазақ тілінде
емес) бойыншa оқу жүктeмeсінің көлeмі:
1-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 66 сағатты;
2-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты;
3-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты;
4-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.
«Ағылшын тілі» оқу пәндері
(оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде)
бойыншa оқу жүктeмeсінің көлeмі:
1-сыныпта – аптасына 0 сағат;
2-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты;
3-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты;
4-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағат.
Бастауыш мектепте «Ағылшын тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу
әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы
тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай
отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану (11-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: