Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


«Абай мектептері» желісіне жаңа оқу пәні –



Pdf көрінісі
бет82/263
Дата21.05.2022
өлшемі3,91 Mb.
#35213
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   263
«Абай мектептері» желісіне жаңа оқу пәні – «Абайтану» пәні енгізілді.
«Абайтану» пәні бойынша оқу процесі ҚР БҒМ 2020 жылғы
27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 
қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы 
мамандандырылған желілік «Абай мектептері» желісінің 5-9-сыныптарына 
арналған «Абайтану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу 
бағдарламасы негізінде (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.
«Абайтану» пәні 3 бағытта оқытылады:
1) тілтанымдық: Абай шығармаларын талдау; 
2) тұлғатанымдық: Абай Құнанбайұлы туралы естеліктер мен ғылыми 
еңбектерді оқыту; 
3) дүниетанымдық: интеграциялық байланыс.
«Абайтану» 
пәнінің 
жаңартылған 
мазмұндағы 
үлгілік 
оқу 
бағдарламасының мақсаты – Абай шығармаларының тілдік ерекшелігі арқылы 
қазақ әдеби тілінің құнарын, көркем сөздің қуатын, эстетикалық күшін, 
идеялық мазмұнын меңгертіп, ұлттық мінез-құлық, сапалық ерекшеліктерді, 
ұлттық кодты таныту, гуманистік-көркемдік, мәдени-тарихи, ұлттық 
құндылықтарды бағалай алу құзыретін дамыту; Абайдың «Толық адам», ар 
ілімі, адамгершілік мұрат-мақсаты, пәлсапалық көзқарастары арқылы тұлғалық 
қасиеттерді танытып, білімгерлердің өзіндік даму бағытын, сыни ой-пайымын 
қалыптастыру; әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе 
алатын, өзіндік ұстанымы бар, түрлі жағдайда оңтайлы шешім қабылдауға 
қабілетті тұлға қалыптастыру. 
«Абайтану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
3) 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
4) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 
5) 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды. 
«Абайтану» пәні білімінің мазмұны келесі бөлімдерге бөлінген: 
1) оқу және түсіну; 
2) талдау және жинақтау; 
3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім). 
«Оқу және түсіну» бөлімінде: мәтінді түсініп, мәнерлеп негізгі ой 
түйіндерін пайымдап оқу, мәтіннің тілдік ерекшелігін (лексикалық, образдық 
мәнін) игеру, шығарма үзінділерімен жұмыс, шығармадағы өзекті мәселе, 
идеялық мазмұн, (ауызша, жазбаша) интерпретация; 


111 
«Талдау және жинақтау» бөлімінде: әдеби шығарманың композициялық 
құрылымы, көркем шығарманың идеялық мазмұны, образдар жүйесі, типтік 
характер, көркем шығарманың тілі, стилі, көркемдік тәсілдер; 
«Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)» бөлімінде: 
шығармадағы тарихи шындық және көркемдік шешім, рухани және көркем-
эстетикалық құндылық; әдеби шығармашылық; әдеби сын бөлімшелері 
қамтылған. 
Оқытылатын көркем шығармалар тізімінде Абайдың өлеңдері, 
қарасөздері мен поэмалары, сондай-ақ М.Әуезовтің «Абайдың өмірбаяны», 
«Зерек те талапты жас» мақалаларымен қатар қосымша оқуға да шығармалар 
тізімі ұсынылған.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет