Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Білімді бекіту және оқушыларға біліктер мен дағдыларды игерту



бет46/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Білімді бекіту және оқушыларға біліктер мен дағдыларды игерту. Білімді жетілдірудің түрлі жұмыстары (бекіту, күнделікті қайталау, қорытынды қайталау) оқу үдерісінде өзара тығыз байланысты болады. Білімді саналы игеру үшін білімді бектіру мен оны күнделікті қайталаудың маңызы орасан зор. Білімді бақылау мен тәжірибеге сүйенсек, оны алғаш рет бекіту, жаңа оқу материалын түсіндіру логикасына сәйкес жүргізілсе, оның тиімділігі ерекше болады.
Білімді күнделікті қайталау, яғни үнемі бұрынғы оқылған материалға оралу, оқушы білімінің беріктігін қамтамасыз етеді, ол түрлі формада іске асады. Оқу материалдарын қайталаудың жиілігі мен логикалық бірізділігі көптеген факторларға байланысты.
Қайталау арқылы оқушының бұрын түсінбеген материалды түсінуге мүмкіндігі болады. Осылайша оқушының жаңа материалды алғашқы қабылдауы мен саналы түсінуі, қайталауды қажет етіп қана қоймайды, сонымен бірге қайталау, алғашқы материалды игергенде жіберілген кемшіліктерді де жояды.
Қорытынды қайталау бұрынғы игерілген материалға жаңаша қарауға мүмкіндік береді және игерілген білімді тиянақтап, оны жүйелеудегі және терең мәнде түсінудегі маңызы ерекше болады.
Озық мұғалімдердің тәжірибесінен белгілі болғандай, біліктер мен дағдыны толық қалыптастыру екі логикалық жоспарда іске асады: ә) игерілген білімді өмірде және а) фактыдан (жалпы өмірден) игерілгенді ережеге қолдану.
Оқушылардың заңдарды, принциптерді, ережелерді, сонымен бірге қажетті біліктер мен дағдыларды игеру үшін, оқушылардың өзбетінше жұмыстарды орындау тәжірибесін қолдану қажет.
Сыныптағы сабақтың табыстылығы индивидуальды оқыту жүргізілгенде артады. Білімді игеру үнемі индивидуальды үдеріс арқылы, ал сыныптағы оқыту фронтальды сипатта жүргізілгендіктен, сыныптағы нашар оқушылардың артта қалуы байқалады. Оны болдырмау үшін алдын-ала оқушыларды оқу материалдарын саналы игеруге дайындау керек. Нашар оқушылардың білімі мен біліктерін жақсартумен қатар, бүкіл сыныптың жалпы білім деңгейін арттыру қажет, ол үшін мұғалім орташа және жақсы оқитын балалармен жұмыс жүргізуі шарт.
Еңбек мәдениетін қалыптастыру үшін, оқыту жоғары идеялық және практикалық бағытта болғаны жөн. Оқу жылының басынан бастап мұғалім оқушыларға оқу еңбегін дұрыс ұйымдастырудың маңызын түсіндіреді, олардың оқу мүмкіндіктеріне лайықты, оқу мазмұнын игерудің тиімді тәсілдерін қолдануды ұйымдастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет