Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет47/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Білімді қолдану. Мектептің оқушылар білімін және жаңаша оқытуды қолдану тәжірибесі, оны өмірмен байланысты жүргізуде, төмендегідей қорытындыға әкеледі.
Білімді практикада қолдану, оны өмірмен байланыстыру әрекеті, оқу үдерісінің барлық бөліктерінде жүзеге асады. Мұғалім оқу материалын түсіндіргенде, оқушы игеретін тақырыптарды өмірмен байланыстырып, оқушының қабылдауын жаттығу арқылы жүзеге асырады. Сонымен бірге білімді қолдана білу, оқу үдерісінің негізгі бөлігіне айналады. Оқушылар шынайы өмірдегі жағдайларды шешуде белсенділік көрсетіп, өз бетінше әрекет ете білуі тиіс. Оның өмірдегі практикалық міндеттерді шешу әрекеті, онан барлық күш-жігерін жинақтауды талап етеді.
Оқу пәндерінен берілетін білім түрлі формада жүргізіледі. Ол білімді игеруді қамтамасыз етіп, оларды практикалық әрекетке дайындаудың маңызды құралына айналады. Білімді қолдану түрлі формада жүзеге асырылады: мұғалімнің оқу-практикалық тапсырмаларын іске асыру, мектеп зертханасы мен өндіріс орындарындағы оқу-практикумдарын жүргізу, қоғамдық пайдалы жұмыс және өндіріс орындарында өнімді еңбек ету.
Білімді қолдану ең алдымен оны игеру барысында басталады. Бұл жолдың жағымды тұстары бар: оқушының жүйелі білімді игеру логикасы бұзылмайды. Білімді игеруден соң, оны қолдану немесе онымен қатар жүреді. Дейтұрғанмен де, оқушылар игерілген теориядан практикаға қарай жүруге әдеттенгендіктен, не нәрсеге біржақты көзқараста болады.
Білім практика жүзінде, қоғамдық пайдалы жұмыста, өнімді еңбекте қолданылады. Оқушылар белгілі бір қоғамдық пайдалы еңбекті атқару немесе өнімді еңбекке араласу арқылы, өз күш-жігерінің тиімділігін арттыруға ұмтылып, еңбектің негізін түсінеді. Осы үдерістерді түсіну үшін оқушылардың білімі мазмұнға, еңбек әрекетінің сипаты мен әдістеріне байланысты болады. Еңбектің ғылыми негіздерін саналы түсінуді қамтамасыз ету үшін, кейбір білім мен міндеттерді мазмұнға ендіру керек.
Оқушылардың білімді табысты игеруін және оларды еңбек әрекетіне дайындау үшін, алған білімдерін практикада кең ауқымда қолдана білулері тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет