Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Оқыту мақсаты, оқыту тәсілдері және оның нәтижесі. Оқу міндеттері мен оқыту тәсілдерінің өзгешеліктері



бет55/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Оқыту мақсаты, оқыту тәсілдері және оның нәтижесі. Оқу міндеттері мен оқыту тәсілдерінің өзгешеліктері. Оқу үдерісінде қаралатын маңызды мәселелер – оқытудың мақсаты, оған тән белгілер, оқытудағы оның орны мен рөлі. Дидактикада оқыту мақсаты түрлі қырынан қарастырылған. М.А.Даниловтың пікірі бойынша «оқу үдерісіндегі арнайы қайшылық оқытудың барысымен сипатталады, оқушылар алдына оқу үдерісінің логикасына сай, үнемі түрлі жағдайға қарай жаңа міндеттер қойылып отырады, олар оқушыларға түсінікті, оны олар қабылдайды және ақыл-ой күшін қолданып шеше алады». Ұсынылған қағиданың бірнеше сәттеріне көңіл бөлейік. Бірінші контексте оқыту үдерісінің обьективті барысын сипаттайтын міндет қарастырылады. Мұндағы міндет мұғалімге де, оқушыға да байланысты емес: екеуіне де бұл сырттан белгіленген. Келесі сәттері оқу міндетінің оқушы санасында бейнеленуін білдіреді: ұсынылған міндет оқушыға түсінікті және оны ол қабылдайды. Осы сәттерді шынайы обьективті мектеп жағдайына қатысты қарастырсақ, бұл ең жақсы сәттер. Сонымен, осы көрсетілген арнайы қайшылықтар ықпалынан, оқушылар оқу міндеттерін шешеді.
Оқытылатын материалға «кіріспені» мұғалімдер әр түрлі етіп жүргізеді. М.А.Данилов Пифагор теоремасын оқытуға «кіріспені» әр түрлі етіп беруге болатынын айтады. Ол Пифагор теоремасын оқытуға ұсынған үшінші бір тәсілдің, сол жаңа материалды теориялық және практикалық жағынан оқуға түрткі тудыратынын көрсетеді.
Оқу міндетін жан-жақты қарастыру, осы мәселені зерттеуге жағымды жағдай тудырады. Оқу міндеттерінің ерекшеліктері әр түрлі. Біріншіден, оқу міндеті локальды: әр міндет, сол пән бағдарламасындағы тақырыпқа сай болады. Екіншіден, уақытқа сәйкес оқу міндеттері үнемі өзгеріп отырады, мысалы, орыс тілі сабағында бүгін – бір міндет, ертең – басқа міндет, т.с.с. Оқу міндетінің локальдық сипатына байланысты оқу міндеттері және оқыту әдістері мен тәсілдерінің байланыстары жеке сипатта болуы мүмкін және қорытындылау қасиетіне ие болмайды.
Е.И.Перовскийдің «Оқытудағы әдіс мәселесі» атты мақаласында «жақын дидактикалық мақсат», яғни оқушыларды жаңа материалдармен таныстыру, білімдерін жетілдіру және оны бақылауы көрсетіледі. Е.И.Перовскийдің «жақын дидактикалық мақсатын», оқу міндеті деп қарастыруға болады. Онда оқу міндеттерін қарастыруға және оқу үдерісінің бөліктеріне сәйкес, оның алуан түрлері болады.
Біздің зерттеулеріміз мұғалімнің сөзі мен оқытудағы көрнекі құралдардың, өзінің жалпы сипатымен ерекшеленетін кейбір оқу міндеттерінің, бағдарлама тақырыптарымен және оқу пәндерімен байланысы жоқтығын көрсетті. Бұл міндеттер оқу үдерісінің бөліктерімен де үйлеспейді. Міндет оқушыны обьектінің сыртқы түрімен таныстыруды көздейді. Оқудың міндеттері құбылыстар арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерден тұруы мүмкін, дегенмен де, бұл байланыстар мен тәуелділіктер тікелей қабылданбайды. Осы - оқу міндетінің екі түрі, бірі -бірінен өте ерекшеленеді.
Оқу міндеттерінің мәселесі, тағы басқа тұрғыдан талдауды қажет етеді. Оқуда қойылатын міндеттер, білім мен дағдыны меңгеру деп қарастырылады. Дидактикалық еңбектерде оқушыларды дамытуға байланысты жалпы айтылған пікірлер болмаса, оқушыларды дамыту оқу міндеттерінде іске асырылмайды. Оқу міндеттерінің оқушының білім мен дағдыны меңгеруін іске асыруы күмән тудырмайды. Бірақта, біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, оқыту мен дамыту мәселесі, балалардың дамуын қамтамасыз ететін материалдарда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарда, оқыту тәсілдерінде және міндеттерінде ескерілуі керек.
Ең маңыздысы, оқу міндеттерін оқыту тәсілдері мен оған қол жеткізетін нәтижесі арасындағы обьективті байланыстарды зерттеу қажет. Мұндай зерттеусіз оқыту үдерісінің заңдылықтарын ашып, жетістікке жету мүмкін болмайды.
Оқу міндеттері ажыратылмаған, олар шын мәнінде алуан түрлі, міндет пен оқыту тәсілдері арасындағы байланыстарды ескермеу, оқу үдерісінің теориясы мен практикасының дамуына кедергі келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет