Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Мақсатты диагностикалық қою ұғымы



бет112/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

2.2. Мақсатты диагностикалық қою ұғымы.
Оқытудың (тәрбиелеудің) мақсаты диагностикалық тұрғыда қойылған, егер де;
а) қалыптасатын тұлғалық сапаға нақты сипат берілген, оны кез – келген сападан қатесіз айыруға болатын болса;
б) обьективті бақылау үрдісінде тұлғаның диагностикаланатын сапасын анықтайтын тәсілдің, «құралдың» болуы;
в) бақылау мәліметтері негізінде диагностикаланатын сапаның қарқындылығын өлшеу мүмкін;
г) өлшеу нәтижелеріне сүйенетін сапаларды бағалау шкаласы бар.
Орта және жоғары мектептің дамуының қазіргі кезеңінде аталған талаптарды педагогикалық жүйенің бірде-бір мақсаты қанағаттандырмайды.
Педагогикалық жүйе жұмысының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты өмірге дайындау, қоғамның әрекетіне белсенді қатыстыру. Яғни, педагогикалық жүйе қоғамдық қажеттілікті бейнелейді. Тұлғаны жан-жақты дамыту үшін, мамандарды дайындау үшін орта білім базалық болу керек.
Білім беру мақсаты анық болмағандықтан оқу-тәрбие үрдісінде оның реттеуші қызметі мүлдем сезілмеді. Соның салдарынан көптеген кері құбылыстар дамыды. Мектеп туралы бұрынғы бағдарламалық- әдістемелік құжаттарды бұл мақсат былай көрсетеді: «Оқушыларды дамуына қажетті біліммен қаруландыру, ұлттық шаруашылық жұмысына дайындау,білімді жалғастыру, маркстік-лениндік дүниетанымын қалыптастыру» немесе «оқушыларға күнделікті өмірге және еңбек әрекетіне қажетті білім мен икемдер жүйесін меңгеру».
Реформа негізінде кеңестік жалпы білім беру мектебінің дамуын келесіден көруге болады: қоғамның әрбір мүшесі өз қабілетіне қарай қоғам үшін еңбек етуі керек. Сондықтан жалпы білім берудің мақсаты - мұндай еңбекқорды тәрбиелеу мен кәсіби оқуға дайындау. Мұнда кәсіби шеберлікті әрекеттің белгілі түріне дайындық ретінде емес, мамандану ретінде түсіну керек. Осыдан мектеп жұмысының қазіргі жалпы мақсаты анықталады: оқушыларды ұлттық шаруашылық еңбегіне тұлғалық дайындау. Бұл мақсат диагностикалық болып табылады, егер де мектеп түлегінің келешектегі кәсіби мамандығы көрсетілсе, (разряд, категория немесе өзге көрсеткіштер). Қоғамның сұранысы жалпы білім берудің басты мақсаты, диагностикалық бағдары болуы керек. Дегенмен, ұлттық білім берудің әкімшілік қызметкерлері мен ғалымдар жалпы білім беретін және кәсіптік мектептер арасында айырмашылықтың болуын қалайды. Олардың пікірінше, шексіз жалпы білім беру-тұлғаның жан-жақты, әрі үйлесімді дамуының жолы, ал кәсіби бағдар мақсатымен шектелген жалпы білім беру тұлғаның дамуна нұқсан келтіреді.
Ғылымның, техника мен технологияның даму деңгейінде кәсіби бағдарланған білім беру - бұл тұлғаның қалыптасуының тиімді тәсілі. Бұл тұста мектептік педагогикалық жүйеде жалпы мақсатты диагностикалауда тұлғалық тұғыр қолданылылуы керек. Әлеуметтанушы Ю.Рюриков «Правда» газетінде (1988) жалпы білім беретін мектеп жұмысының мақсатын талқылай отырып,мына тұжырымды айтты: «Адамда негізгі үш сала бар- отбасы,жұмыс, қоғамдық өмір үш негізгі рөл- отағасы,қызметкер,азамат... Мектептің басты міндеті-балаларды осы ролге дайындау.
Көптеген зерттеулерден қорытынды шығарсақ, енбекке тәрбиеленген адамның үш компонентін айтуға болады: еңбектің жоғарғы өнімділігін қамтитын еңбексүйгіштік; өнім сапасын және келешектегі кәсіби мамандықты анықтайтын еңбек дағдылары; еңбекке деген қатынастың бағалы бағытын сипаттайтын еңбек адамгершілігі.
.Мақсатты білім берудің үш денгейі қарастырылады: жаһандық, кезеңдік және оперативті.
Жаһандық денгейде қоғамдық–мемлекеттік тапсырыстың педагогикалық түсінігі жүзеге асып, мектеп түлегінің тұлғасының моделі құрылады.
Мақсатты білім берудің кезеңдік денгейінде жаһандық мақсат дайындық кезеңдерінің негізгі мақсаттарымен салыстырылады. Қазіргі уақытта мектепте бастауыш дайындық кезеңінде оқу-тәрбие үдерісінің негізгі бағыты еңбек әрекетімен және оның үдерістерімен жалпы танысу міндетін бейнелейді. Орта мектеп кезеңіндегі басты міндет - бұл алғашқы білім мен икем денгейінде еңбек әрекетін меңгеру. Соңғы кезеңде болашақта кәсіби шеберлікті меңгеру үшін оқушылардың жалпы дайындығы іске асады.
Мақсатты білім берудің оперативті денгейі оқытудың мазмұнын құрайтын жеке оқу пәндерін зерттеудің мақсатын қалыптастырудан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет