Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Оперативті мақсаттың құрылу кезеңіндегі оқушылардың тәжірибе қалыптасу мақсатын диагностикалық сипаттау әдістемесі



бет113/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

2.3.Оперативті мақсаттың құрылу кезеңіндегі оқушылардың тәжірибе қалыптасу мақсатын диагностикалық сипаттау әдістемесі

Қазіргі уақытта оқушылардың әрекет тәжірибесі мынадай диагностикалық өлшемдермен сипатталады: тәжірибенің кеңдігі, оны ғылыми сипаттау сатысы, деңгейі, меңгеру сапасы мен беріктілігі, икемділіктерді автоматтандыру, білімді қолдану саналығы. Келешекте адамның шеберлігін дәл сипаттайтын өзге де өлшемдер табылуы мүмкін.Тәжірибенің кеңдігі өлшемін сипаттайық. Адамның мақсатты әрекеті әрдайым сәйкес ақпаратты меңгеру негізінде орындалады. Мұнда әрекетті орындау әдісі мен ережесі әрекеттің бағдарлық негізі (ӘБН) деп аталады. Олар (әрекет ережелері) оқытудың мазмұнын құрайды. Тұлғаның әрекеті мен тәжірибесін ӘБН-н меңгерудің толымдығы мен дәлдігі анықтайды.


Дидактикалық теория мен практиканың типтік мәселесі, яғни мектептегі оқыту мазмұнының қалыптасуы - қазіргі мәдениет пен ғылымнан оны іріктеу. Ғалымдардың мәліметтері бойынша, қазір ақпарат 200 млн сөз (немесе термелік мәтіннің 5000 парағы) жылдамдығымен өтуде (1 сағат).Ал бұл уақыт ішінде адам орташа алғанда жаңа ақпараттың 0,1 парағын меңгеруге қабілетті.
1.Тәжірибенің кеңдігін өлшеу және сипаттау. Кез келген пәннің мазмұны – бұл берілген кәсіпке тән нысан, үдеріс немесе әрекет әдісі туралы белгілі ақпарат. Тек нысанның, құбылыстың және әрекет әдісінің құрамы арқылы оқу пәндері ерекшеленеді (мысалы, физика мен химия, тарих пен әдебиет, т.б.). Кейде кейбір оқу пәндерінің ортақ ннысандары болады. Онда олардың арасында пәнаралық байланыс болады.
Ғылымнан таңдалынған және оқу бағдарламасына енгізілген нысандарды, құбылыстарды және әрекет әдістерін « оқу элементтері» (ОЭ) деген ортақ терминмен атайық.
Кез келген оқу бағдарламасы ОЭ-нен тұрады, ал оқу пәндері ОЭ-ң санымен, құрамымен айрықшаланады. Логикалық құрылым (ЛҚ) гафикалық классификациялық сызбаны береді (дөңгелектер мен дөңестер бар). Логикалық құрылымның шеңберінде ОЭ-і болады, ал дөңес ОЭ-і болады, ал дөңес ОЭ-ң иерархиялық байланысын көрсетеді. Графикалық ағаштың жоғарысында орналасқан ОЭ-н бастапқы деп атайды. Одан өндіруші ОЭ-не сәуле тарайды.Әрбір градация логикалық негізбен құрылған. Оқыту мазмұнының логикалық құрылымы градация мен ОЭ-ң соңымен шектеледі.
2.Тәжірибенің меңгеру деңгейін өлшеу және сипаттау (α).
Адам кез-келген саналы әрекетті бұрын меңгерілген ақпарат негізінде орындайды. Адамның шеберлік деңгейі әрекет туралы ақпаратты меңгеру деңгейімен шартталған. Әрекет туралы ақпаратты қолдану жеке ОЭ-қ сипатын меңгеру сапасына тәуелді. Мұнда меңгерілген ӘБН-і меңгерілген түрінде немесе әрекеттің шартына қарай өзгеріліп қолданылуы мүмкін. Меңгерілген ақпаратты қолдану тәсілі бойынша әрекеттің екі түрін ажыратуға болады: репродуктивті және продуктивті.Әрекеттің екі түріне ажыратудың ортақ ұстанымы - бұл туындаған міндеттерді шешуде бастапқы ақпаратты қолдану тәсілі.
Репродуктивті әрекетте меңгерілген ӘБН, оның алгоритмдері мен ережелері тек түрлі қосылыста жаңғыртылады. Репродуктивті әрекетке алгоритмдік сипат тән.
Продуктивті әрекет үдерісінде оқушылар әрдайым жаңа ӘБН-ді құрады. Мұндағы жаңа ақпараттың құрылуы ізденіс әрекетінің алдыңғы тәжірибесіне негізделген.
Әрекеттің екі түрі бір-бірімен генетикалық байланысты, тәжірибені меңгеруде сәйкес құрылымды құрады. Әрекеттің әрбір түрінде әрбір операцияны оқушы міндетті шешу үдерісінің элементі ретінде орындайды. Психологияда және педагогикада міндет дегеніміз - мақсат. Белгілі әрекеттің көмегімен оған қол жеткізуге болады. Осылайша, міндеттің компоненті – мақсат, әрекет және жағдай.
Адам әрекетінің құрылымын келесі төрт деңгей түрінде көрсетуге болады (меңгеру деңгейі).
Оқыту үдерісінде оқушы тәжірибесінің дамуын көрсететін төрт деңгей:
1- деңгей. (α1). Егер де тапсырмада мақсат, жағдай және шешу әрекеті берілсе, ал оқушыдан тапсырма құрылымындағы барлық үш компоненттің сәйкестілігі туралы қорытынды беру талап етілсе, онда бұл - тану әрекеті. Оқушылар оны нысан, үдеріс немесе әрекет туралы бұрын меңгерілген ақпаратты қайта қабылдау арқылы орындай алады.(Әрекеттің «оқушылық» деңгейі).
2-деңгей. (α2). Егер тапсырмада мақсат, жағдай берілсе, оқушыдан бұрын меңгерілген әрекетті қолдану талап етілсе, бұл – репродуктивті алгоритмдік әрекет. Бұл тапсырма типтік (мысалы, жобаны есінде жаңғырту арқылы алыннған әдістеме, ереже немесе алгоритм бойынша орындау) деп аталады.
3-деңгей. (α3). Егер де тапсырмада мақсат берілсе, бірақ жағдай айқын болмаса, ал оқушыдан жағдайды толықтырып, бұрын меңгерілген әрекетті қолдану талап етілсе, онда бұл – эвристикалық типтегі продуктивті әрекет. Оқушылар әрекетті орындау үдерісінде субьективті жаңа ақпаратты алады.
4-денгей. (α2). Егер тапсырмада әрекеттің жалпы мақсаты белгілі болса, ал сәйкес жағдай мен әрекет ізденіске түссе, онда бұл – шығармашылық типтегі продуктивті әрекет. Нәтижесінде әрекеттің жаңа бағдарлық негізі құрылады .Әрекетті орындау үдерісінде объективті жаңа ақпарат алынады. Адам ережесіз әрекет етеді, әрекеттің жаңа ережелерін құрады-бұл шығармашылық (зерттеушілік) әрекет.Мысалы; ғылыми-өндірістік проблемарды шешу,т.б .
Орта білім беру практикасында оқушылардың білімі сапасын ағымды және емтихандық бақылаудың түрлі әдістері белгілі. Кең таралған әдістемелер – ауызша жауап алу және жазбаша бақылау жұмыстары. Ауызша жауап алуда түрлі сұрақнамалар (билеттер), ал жазбаша үшін – тапсырмалар қолданылады. Бақылаудың ауызша әдістері мұғалімнің оқушылармен тығыз қарым – қатынас жасауы үшін жарамды(семинар, әңгімелесу барысында). Ол қажетті педагогикалық әрекетті жүзеге асыруға, оқу материалын меңгеру туралы кейбір мәліметті алуға көмектеседі.
Жоғарыда аталған тәжірибені меңгеру денгейлері бойынша оны меңгерудің дәрежесін анықтау үшін сәйкес тест (ссынау) құрылуы керек. Тест – меңгеру фактісін анықтауға (В) мүмкіндік беретін құрал. Тест әрекетке арналған тапсырмалар деңгейінен (3) және эталоннан (Э) тұрады. Эталон бойынша тестті өлшеуге мүмкіндік беретін операциялар санын анықтауға болады.(р).Оқушылардың тест операцияларын (а) дұрыс орындау санын эталондармен салыстыру меңгеру коэффициентін (кα) анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, Кα=а / р, Кα анықтамасы меңгеру сапасын өлшну (Өл) операциясы болып табылады.
Меңгеру коэффициенті-0≤ Кα ≤ 1. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, Кα ≥ 0,7 болса,оқыту үдерісін аяқталған деп есптеуге болады,оқушы өз білімін алдағы уақытта жетілдіре алады. Кα˂0,7 болса,оқушы қателіктер жібереді, оны түзетуге қабілетсіз. Өзіндік оқу кезеңінде (Кα-0,7-ден 0,1-ге дейін) оқушылар шеберлігін қателіктер жіберіп жетілдіреді. Әрекеттің кейбір түрінде шеберліктің мұндай жетілуі орынсыз. Өйткені ол әлеуметтік қауіпті болуы мүмкін. (мысалы, жүргізушінің, ұшқыштың, дәрігердің жұмысы). Бұл жағдайда оқыту үдерісінің аяқталу шегін жоғарылатады. Мысалы, мемлекеттік автоинспекция органында жол қозғалысы ережелері бойынша емтихан тапсырғанда тесттің бірінші деңгейі (α1) қолданылады.Мұнда деңгейлердің «жабылу» эффектісі қолданылады және бағалаудың екі-баллдық шкаласы («тапсырды», «тапсырмады») әрекет етеді 3.Тәжірибені меңгеру деңгейін бақылауға арналған тесттер
Аталған тесттерді құруда бірқатар талаптар қойылады. Біріншіден, анықталатын меңгеру деңгейіне сәйкестілікті білдіретін тесттің қызметтік валидтілігі қажет. Төменде түрлі деңгейдегі тесттерді құру әдістемесі көрсетілген.
Меңгерудің бірінші деңгейі (α1) бойынша бұл тесттер зерттелінген нысандарды тануға, айыруға және жіктеуге арналған.Педагогикалық университеттің студенті кейбір әрекетті «көмекші сілтемемен» орындайды, тапсырманы толық құрамға сәйкес шешеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет