Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет132/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Педагогика әдіснамасының категорияары:

педагогикалық шындық болмыс;


педагогика ғылымы,
педагогикалық жүйе (кіші жүйе),
әдіснама (жалпы),
педагогика әдіснамасы, дидактика әдіснамасы, тәрбие теориясының әдіснамасы,
педагогикалық заңдылық,
педагогикалық категория,
педагогикалық түсінік,
педагогикалық тәжірибе (практика),
педагогикалық теория,
педагогикалық ақпарат (информатика),
педагогикалық зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу.


Педагогика әдіснамасындағы базалық (негізгі) ұғымдар:

педагогикалық мәселе,


педагогикалық үдерістің қарама-қайшылығы,
педагогикалық логика,
педагогикалық практиканың ғылыми қорытындыларға сұранысы,
педагогикалық тезаурус,
педагогикалық зерттеу әдісі,
педагогикалық зерттеу көзі,
болжам,
педагогикалық зерттеу құралдары,
педагогикалық зерттеу нәтижесі,
зерттеу нәтижесінің сапасын бағалау өлшемі,
педагогикалық үдеріс тиімділігін бағалау өлшемі.


Педагогика әдіснамасының шеткері түсініктері:

педагогикалық ақпарат көздеріне талдаулық шолу,


зерттеудің терминологиялық әдісі,
педагогикалық зерттеудегі байқау,
педагогикалық үдеріс,
педагогикалық құбылыс,
педагогикалық дерек,
педагогикалық тұжырымдар,
ғылыми-педагогикалық ұсыныстар,
педагогикалық дескриптор (АІТ лексикалық бірлігі).
Шеткері түсініктер базалық (негізгі) ұғымдар көлеміне кіреді. Мұнда көбірек қолданылатын, кең тараған бөлімдер енгізілген.


Педагогиканың әдіснамалық білімдерінің мазмұны

Педагогика саласында ғылым мен тәжірибенің алға қарай дамуын әдіснамалық жағынан қамтамасыз етуді сапалы басқару ең алдымен әдіснамалық білімінің мазмұнын қққайта қарауды талап етеді. Мұнда әдіснамалық білім педагогиканың әдіснамасының құрамын кеңейтіп, тәрбие мен білім, ғылым мен тәжірибенің қайта құрылуына әкеп соқтырар еді.


Ф.Энгельс: «Ғылым өткен ұрпақтан қалыптасып келе жатқан білімнің қатпарымен ілгері жылжиды» деп жазған еді. Ғылыми-техникалық төңкерістің шартында «білім қатары» қарқынының өсуі күрт жоғарылайды. Тәжірибе мен теорияның жедел дамуының жинақталған білімнің сәйкестенуін әдіснама осылайша жасайды.
Ғылымда әдіснамалық білімінің түрлі жіктелуі белгілі. Әдіснаманы мазмұндық және нақтылық деп бөледі. Мазмұндық әдіснамаға ғылыми білім құрылымы; ғылыми теорияның пайда болуы, өзгеруі және қызмет етуінің заңдардың,; ғылыми ұғымдар қоры; ғылыми әдістер құрамы; ғылымилықты өлшемдері мен шарттарцы кіреді. Әдіснаманың нақтылық түрі ғылым тілінің мәселелерін, білімдер жүйесі типологиясын, зерттеу әдістерін жасайды.
Педагогикадағы әдіснамалық білімнің құрамын қарастырмай тұрып, қооғамдық ғылымдар мен психологиядағы осы сұрақтарын шешімін қарастырайық.
Әдіснамалық білім мазмұнын философия аймағынан бастаймыз. Диалектикалық және тарихи материализм - ғылыми білімнің жалпы әдіснамасы және танымдық әдіс туралы ғылым.
Кеңес философтары жұмыстарында, әдіснаманы дамытуға деген қажеттілік ғылыми білім күрделілігінен, оның тез арада саралануынан,білімдердің жмнақталуының кешеуілдеінен туындап отыр.. Бұл әдіснамалық зерттеулер және олардың сапасының жоғарылауын талап етеді. Бүгін «әдіснамалық білім көлемі ғана өсіп отырған жоқ, ол қазіргі ғылымның арнайы бөлігі болып табылады» деген пікірде.
Әдіснама мәселелері философияда екі бағытта жасалуда: гносеологиялық–логикалық жалпы зерттеулер мен шынайы өмір әрекеті үдерістері және зерттеу нысандарын зерттеу.
Ертеңгі күні педагогика әдіснамасы қандай болу керек? Оның мәртебесін қалай өзгертуге болады? Академиялық ғылым бөлімшесінен әдіснаманы педагогикалық практикадағы нақтылы құралға қалай айналдыруға болады? Қимыл-қозғалысқа оның талдаушылық және қайта құрушы құралдарын қалай әкелуге болады? Арнайы т қамтамасыз етілетін педагогика ғылымының мүмкіндіктерін талдау құрастырушылық іс-әрекеттегі жағдайды талдауға мүмкіндік береді.
Педагогика әдіснамасын анықтауда келесі келісген анықтамаларды қабылдауға болады: бұл педагогикалық болмыстағы қайта құру және зерттеу әдістері және зерттеу ұстанымдары енетін педагогика ғылымының бөлімі.
«Педагогика әдіснамасы» ұғымы көлеміне әдіснама иерархиясы әсер етеді: жалпы әдіснама, педагогика әдіснамасы, педагогика ғылымындағы пәндердің (мысалы, дидактика әдіснамасы, білім мазмұны әдіснамасы, зерттеу негізінің әдіснамасы және оқушыларды дайындаудағы политехникалық қайта құрулар және т.б.) және нақтылы білімдердің әдіснамасы.
Бірақ қазіргі жағдайда педагогикадағы жеке зерттеулер және сол сияқты ірі зерттеулерді жинақтауда әдіснамалақ қамтамасыз етудің иерархиялық модельдері қажет. Әдіснамалық зерттеудегі негіз және қайта құру бізге жалпы және жеке педагогикалық білімдерді бөлмеуге мүмкіндік береді.
Әдіснамалық білім құрамы мәнді жааңартуды күтеді. Педагогикадағы әдіснамалық білімнің құрылымдық-мазмұндық анықтылығы, қайта құру іс-әрекетінде және зерттеуді жақсартуда осындай дамыту маңызды рөл атқаратын қырларын дамыту өте маңызды.
Педагогикадағы әдіснамалық білім құрамына оның келесі топтарын теңқосу керек:
1 2
Мемлекеттік құжаттарда қойылған Тәрбие туралы
педагогикалық практика және философиялық ілім
ғылымының арнайы әлеуметтік
мақсаттары
3 4
Педагоикадағы білімдер туралы
білімдер Педагогика теориясының
түсініктілік қоры
5 6
Педагогикалық зерттеулер әдістері Педагогикалық болжаудағы
әдістер мен ұстанымдар
7 8
Педагогикалық болмысты қайта Педагогикалық зерттеу нәтижелерін құрудағы әдістері
және ұстанымдары түсіндіру ұстанымдары интерпретация
9
Педагогиканың өлшемді аппараты

Көрсетілген топтарды әдіснамалық білім құрамына енгізуде объективті себептер кездеседі. Біріншіден, әрбір топтағы білімнің педагогикалық болмысқа қатысты жалпылығы және қайта құру және зерттеу әдістері және ұстанымдары туралы педагогика ғылымының саласы ретіндегі педагогика әдіснамасының ғылыми анықтамаға сәйкес келуі. Әдіснамалық білімге келтірілген топтардағы қатынас негізі және педагогикалық ғылым және практиканың, олардың жаңаруының өзара әрекеттегі тиімді формалары, олардың іргелілгіне негіз болады. Педагогика әдіснамасы білімінің ұсынылған құрамының логикалық негізгі сапасына оның кешенінің біртұтастығы, практикамен және теоректиктермен шешілетін міндеттерге сәйкес әдіснамалық білім құрылымдарын қайта құрлулардың мүмкіндігі. Сонымен жалпы әдіснамадағы әдіснамалық білім құрылымдары туралы берілгендерге назар аударылды .


Педагогиканың әдіснамалық біліміндегі әрбір блок ғылыми және практикалық міндеттерді шешіп, әдіснамалық қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. 1. Мемлекеттің тәрбие практикасында және ғылым алдына қойған әлеуметтік міндеттері педагогика әдіснамасында өзіндік орын алады. Үкіметтің құжаттары педагогика әдіснамасы қорытындыланған сипаттамасы және оларды шешу бағыттарынан тұрады. Педагогика ғылымы және практиканың әлсіз жағына мемлекеттік мақсатты жеке кәсіптік, атқарушылық, орындаушылық міндеттерге ауыстыру үдерісі жатады.
2. Екінші топтағы әдіснамалық білімді философтық, гносеологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар, еңбектер құрайды.
3. Педагогикадағы білімдер туралы білімдер - өзгермелі, әрі педагогика әдіснама құрылымындағы үлкен көлемді блок. Тәрбие және тәжірибе туралы ғылым теориялық және эмиприкалық материалдың үлкен қорын жинақтады. Бірақ та ғылыми-тәжірибелік мақсатта пайдалануда жинақталған байлықтың дұрыс сақталмағаны қиыншылық туғызды. Әдіснамалық білімнің дамуының – педагогика мәліметтер банкін жасау. Бұл педагогикалық тәжірибе теориялық зерттеулер мен эксперименттермен қамтамасыз етілген.
4. Педагогикада ұғымдар қоры тәрбие және әдіснаманың мазмұндық компоненті ретінде педагогика үдерістің дамуында және педагогика ғылымы мен тәжірибесі ұштасуында ерекше рөл атқарады. Мұнда ғылым алдында ақпараттар қорын құру туралы мәселе туындайды.
5. Педагогикалық зерттеулер әдістері – әдіснамалық білімнің негізгі блогы. Педагогикалық зерттеулер әдістерінің қайта құрылуы бірнеше бағытта іске асуы керек. Бәрінен бұрын, дәстүрлі әрбір әдісті оның негізгі сапалары мен сипаттамалары және мүмкіндіктерін танымдық құрал ретінде бағалау керек. Педагогика ғылымы әдістерін сапалы жетілдіруде ұжымдық ғылыми әдістерді жасау маңызды болып табылады.
6. Педагогикалық болжаудың әдістері мен ұстанымдары. Кезкелген ғылыми ізденістің бөлігі педагогикада жаңа шешім, әдістемелік, ұйымдастырушылық немесе басқа да құрастыру элементтерін көрсетеді. Біра қта осы зерттеу қорытындысы әдіснаманың ұстанымдық деңгейінде қарастырылған жоқ.
7. Педагогикалық болмысты қайта құрудың әдістері мен ұстанымдары. Осыларға қарағанда диагностикалық, түсініктемелік әдістер қарқынды дамуда. Жаңа теория мен практиканың әсері – жедел ғылыми шешім қабылдауға және практикалық міндеттер едагогикалық болмысты қайта құрудың әдістері мен ұстанымдарын жедел дамытуды қажет етеді.
8. Педагогикалық зерттеулер нәтижелерін және бағыттарын идеологиялық тұрғыдан түсіндіру.
9. Педагогиканың өлшемдік аппараты педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми және тәжірибелік түрлерінің сапасы мен тиімділігін жеткілікті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Өлшем жүйесінің әдіснамалық негізінсіз шынайы жетістіктің сапасын тиімді бағалау және басқару қызметін жүзеге асыру мүмкін емес. Көрсеткіш пен өлшем жүйесінің болмауы педагогикалық үдерісті тежейді.
Сонымен, педагогикадағы әдіснамалық білімнің құрамы осындай. Мұны қолдану педагогиканың әдіснамасын жоғарысатыға көтеріп, оны педагогикалық үдерісті жеделдетудің стратегиялық құралына айналдыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет