Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Педагогика негіздері. Қолданбалы философияға кіріспе



бет34/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   160
Педагогика негіздері. Қолданбалы философияға кіріспе


Тірі бастау: С.И.Гессеннің педагогикалық тұжырымдамасы. С.И.Гессеннің «Педагогика негіздері» кітабы, ғасырдың соңындағы, ең озық педагогикалық кітап болып саналады. Бұл еңбекті жазу төңкеріске дейін Петроградта басталады және алғашқы төңкерістен кейінгі кезеңде Томскіде тәмәмдалып, эмиграцияда (1923) басылып шыққан, бұл кітап Шетелдердегі орыстардың білім беруді ұйымдастыруына бірнеше ондаған жылдар бойы басшылық жасайды.
Көрнекті педагог және философ, Париждегі Православтық дінтану институтының профессоры В.В.Зеньковский 1950 жылы С.И.Гессеннің осы еңбегінің «озық ойлы кітап» (Зеньковский В.В. Орыс философия тарихы. –Л., 1991. -Т.II. - Ч.1. -С. 246) екенін атап көрсетті. Онда көп ғасырлық әлемдік педагогика тәжірибесі мен Ресейдегі озық педагогикалық дәстүр, Ресей, Еуропа, АҚШ-тағы ғасырдың бірініші шерігіндегі маңызды педагогикалық ой-пікірлердің бағыттары талданып, педагогиканың болашақ идеалары негізделіп көрсетіледі. Қазіргі кезеңдегі Ресейдің жағдайында бұрын қалыптасқан құндылықтар мен бағыттар қайта қаралып, жаңа идеялар ізденісі жүріп жатқанда С.И.Гессеннің кітабымен танысу (еңбек отанында алғаш рет басылып отыр), педагогиканың күрделі мәселелері мен білім беру саласында ойлануға көмектесетін еңбек болып саналады.
Кітаптың авторы - С.И.Гессен (1887-1950) - өз кітабы басылып шыққан кезеңде, Ресейде және шетелдерде ғалым-педагог, философ, публицист және аудармашы ретінде кең танымал болған. 20-шы жылдары Гессеннің ұйымдастырушылық қабілеті табысты болған. Ол Прагада 1923-1931 жылдары «Шетелдердегі орыс мектебі» журналын құрған және оның редакторларының бірі болған. Сол кезеңде бірнеше рет орыс тілінде шыққан педагогикалық журналдар жабылған болса, бұл журнал сол кезеңдегі жалғыз эмигранттық педагогикалық басылым болды. 20-шы жылдары С.И.Гессен орыс эмиграциясындағы педагогикалық сьезд ұйымдастырушыларының және қатысушылардың бірі болды.
С.И.Гессен өзінің педагогикалық қызметін Берлиннен Прагаға көшкен кезде де үзбеді, ол 1924 жылдан Орыс педагогика институтында, педагогика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1934 жылы ол Варшавадағы Ерікті Жалпыпольшалық мектептегі педагогика философиясы кафедрасына шақыртау алып, сол елдің азамттығын қабылдайды. Соғыстан кейінгі кезде біраз уақыт Лодзь университетінде педагогика профессоры болып қызмет етеді.
Ұлттық және жалпыадамзаттық идеяның бірлігі (Гессен бойынша –ұлттықтан жоғары) оның педагогикалық тұжырымдамасының өзекті идеясы, және оның әлеуметтік позициясы болды. 1910 жылы мәдениет мәселесіне арналған «Логос» журналының редакторлық мақаласында (Ф.А.Степунмен бірге жазған), С.И.Гессен рухани мәдениет мәселесін шешуде тар ауқымды ұлтшылдық пен космополитизмге жол жоқ екендігін көрсеткен. Редакциялық мақалада жоғары ұлтшылдық ұлтты төмендетпейді, керісінше, оның көп қырлы болуын талап ететінін айтқан. «Педагогика негіздері» кітабында С.И.Гессен жалпы білім беру саласында ұлтшылдыққа жол бермеу керектігін сенімді түрде көрсеткен. Бөліктің, бүтіннен бөлінген бөлігі, онан кейін өзара байланысы жоқ ұсақ бөлшектерге ыдыраса, ұлтшылдық та өзі басымдылық танытатындықтан, біртіндеп ұлттығын жойып ыдырай бастайды. Немістерге тән ұлтшылдық - деп жазады С.И.Гессен, бұл жағдайда пруссиялыққа, ол өз кезегінде – гогенцеллерно-брандербугтікке айналады; орыстың ұлтшылдығы, ұлы орыстықтан, ұсақ мәскеулік-суздальдыққа дейін бөлшектенеді. «Ұлттың осылайша ыдырауы мен ұсақталуы, онан әрі үдеп, адамзатты біртұтастықтан ажыратады. Ұлт... ыдырайды... Ұлттың осылайша ұлтшылдыққа ұсақталуы, ұлттың өз ерекшеліктерін жоюға соқтырады. Шынайы «ұлттық білім беру», «жоғары ұлттық білім беруді» (жалпыадамзаттық), «федералдық» (немесе обылыстық) білім беруді жоққа шығармайды. «Кез келген жақсы жолға қойылған білім беру, өзінің қажеттілігіне байланысты ұлттық бола алады, керісінше нағыз ұлттық білім беру, шынайы жасампаз болады, ол ұлтты бүлдіруші емес, тек жақсы жолға қойылған адамгершілік, ғылыми және эстетикалық білім беруді жүзеге асырады. «Обылыстық білім беру» мәселелері, тілдің диалектілік ерекшеліктерін, табиғаты мен жергілікті жердің тарихына және т.б. ұлттық білім берумен тығыз байланысты болуы тиіс. «Орыс халқының белгілі бір бөліктерін әлемдік мәдениетке кіріктіру жеңілірек, әрине, жалпы орыс мәдениеті арқылы, обылыстық бөліктерінің құрамын толық қамтуға болар еді, дегенмен де обылыстық бөліктердегі ұлттық басымдылықты қорғаушылар мен біртұтастыққа қарсы келетін жекеленгендер де кездеседі». Білім беру жүйесін ұйымдастырған тәрізді, ұлттардың еркін жарысқа түсуін ұйымдастыру қажет, олардың жеке және жалпы бастамаларына (соның қатарында «обылыстық педагогикада»), дәл сол тәрізді мұғалім мен оқушы қарым-қатынасындағы еркіндік принципіне жетекшілік беру қажет, беделге мойын ұсыну, міндеттеу немесе қысым көрсету түсініктерін оқушының өзі таңдап, оны еркін қолдана білуі тиіс. Тәртіп тек еркіндік арқылы іске асады, ал еркіндік - заң арқылы міндетті болады.
Индивидтің еркіндігі, С.И.Гессеннің пікірінше, тек қажеттілікті тану ғана емес, тіпті таңдау мүмкіндігі де емес. «Еркіндік - жаңа шығармашылық, әлемде бұрын болмаған жаңалық... Еркіндік бірнеше дайынды өз бетінше таңдау емес, дегенмен де, түрлі жолдардың болуы мүмкін, бірақта, бұрын оның шығу мүмкіндігі болмаған, ерекше жаңа жол ашу керек».
Еркіндіктің мәнін шығармашылық ретінде, дидактикада қолдануды жалпы түсінсек, жеке жағдайда, мұғалім оқушылармен жұмыс жүргізу әдісіне ерекше тоқталып, оны өзбетінше қолдана алады. Оқыту мақсаты - деп көрсетеді С.И.Гессен - әдісті қолдану. Маңызды әрбір білім өзі үшін берілмейді, бастаудың ар жағындағы терең білімді оқытуды және онан туындайтынды көре білуге оқытады. Мысалы, қарапайым түрде үш бұрыш теоремасының теңдігін түсіндіруге болады. Бірақта осы теореманы оқушыға оқыту барысында, оқушы бұл әдістің артындағыны, оның ашылғанын және дәледенгенін сезінеді. Осы геометриялық теореманың құрылу жолын көріп, оқушы ойын қозғап, өзбетінше аяқ астынан осыған ұқсас теореманы ойлап тауып, дәледей алады.
Екінші оқыту типі оқушыны шығармашылыққа баулып, жаңаны тудырады. Мұғалім сөзінің күші – тек оның айтқанында ғана емес, оның не айтқысы келуінде. «Айтқысы келген, барлық ойды білдіретін сөздің артында не бар екенін тыңдаушы сезінбесе, ол үстірт және ұсақ мәнді білдіретін сөз болғаны... Жеке білім, білім ретінде мүмкін... оны тудыратын әдістен жоғарыны білдіреді, сондағы өзіндік құбылысты көрсеткендей болады».
Мұғалімнің орнын білім беру өнерінде ешнәрсе баса алмайтын тәрізді, оның үлгісі - әдісті қалай қолдануында жатыр. Мұғалімнің мақсаты ғылыми тұрғыдан ойлауы және әдісті еңбек құралы ретінде қолдана білуі керек. «Мұғалімнің үнемі ойланып, іс жүзінде қолданатын әдісі, оқытуда қолданылатын тірі ғылыми танымдық әдіс қана, сынып оқушыларының алдына мәселе қойып, олардың қойылған сұрақтарға жауап табуы, күрделі сұрақтың пайда болуы, оқушылардың әрқайсысын таңдандыруы тиіс, тек осылайша оқушыларды ойландыру қабілеті, оқушының әдісті мейілінше түсінуін қалыптастырады... Осылайша бірігіп жұмыс жасау, оның бағытын анықтау, жұмыс барысында туындаған сұрақтарға жауап іздеу және оны шешу жолдарын қарастыру, шешім тапқан оқушыларды қолдау – мұғалімнің нағыз мақсатын білдіреді».
С.И.Гессен бойынша білім берудің мақсаты, оқушыны мәдениетке, ғылым мен адамзаттың жетістіктеріне кіріктіру. Оның мақсаты жоғары адамгершілікті, ерікті және жауапкершілікті біртұтас тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаның ерекшелігі оның руханилығында. Жеке бастың күштілігі деп көрсеткен С.И.Гессен, оның табиғи психофизиологиялық ағзасының мықтылығында емес, оның жанына рухани құндылықтардың ықпалының болуында. Жеке тұлға «жоғары тұлғалық міндеттерге байланысты қалыптасады. Ол тек шығармашылықпен сомдалады, ғылымның жоғары мақсаттары, өнердің, құқықтың, діннің, шаруашылықтың және осы мәдени тапсырмалар бағытында адамның қолымен жасалған жиынтықты меңгереді».
С.И.Гессен кітабының тағы бір ерекшелігі – оның педагогикалық тұжырымдамасының философиямен тығыз байланысты болуында. Сол кезеңде КСРО білім жүйесі пролетарлық, таптық, индустриализм және жаратылыстанушылық рационализм тұрғысынан қарастырылып, «буржуазиялық», «ақыл-ойлық», «философиялық» педагогикаға ашық күрес жарияланған болса, С.И.Гессен педагогиканы Ресейдің алдыңғы қатарлы педагогикалық дәстүрлеріне негіздей отырып түсінуді, бастауыш, орта және жоғары білім беруде руханилық пен жалпыадамзаттық құндылық бағдарды ұстану қажеттігін көрсеткен. Еңбек мектебінің идеясын қолдай отырып, оның пайымдауынша, білім беру кең ауқымды философиялық түсініктерге негізделуі тиіс екенін айтқан. Оның «Педагогика негіздері» кітабы философиялық мазмұнға бай. Кітаптың атауындағы («Қолданбалы философияға кіріспе») – деген тақырыпша, педагогиканың өз мәнінде - философия екендігін білдіреді. Ол осы кітабында «философияның практикалық мықтылығын көрсетпек болған, кез келген философиялық ойдың практикалық мәні бар және философияны ескермеу, табиғи заңдарды ескермеу тәрізді, өмірден өз кезегінде өшін алатынын жазған. Осы тұрғыдан С.И.Гессен кітабында адамгершілік пен құқықтық білім беру және ғылыми білім беру теориясын (университет теориясын қоса) және еңбек мектебі тұжырымдамасының дұрыс емес тұстарын көрсетті. Ол мектеп пен мемлекеттің ара қатынасын, тиімді оқу жоспарын құру, мектептің өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру, еркіндік пен беделдің, сабақ пен ойынның, мадақтау мен жазалаудың ара қатынастарын, мектеп дәстүріндегі және басқа да көптеген мәселелерді ашып көрсетті. С.И.Гессеннің педагогикалық идеялары батыста бой көрсеткен жаңа бағытты және ресейлік ғылымдағы «білім беру философиясы» арнасына сәйкес келетін еңбек.
Жауапты редактор және құрастырушы
философия ғылымының докторы П.В. Алексеев




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет