Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


§10. Оқушылардың ұғымдарды меңгерудегі типтік қателіктері



бет106/161
Дата04.11.2023
өлшемі2,59 Mb.
#121815
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   161
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

§10. Оқушылардың ұғымдарды меңгерудегі типтік қателіктері,
олардың туындау себептері, алдын алу жолдары

Психологтар ұғымдарды меңгерудегі типтік қателіктерді, олардың пайда болу себептерін анықтады. Мұғалім осындай қателіктің алдын алу үшін олардың пайда болу себептерін білуі керек.


Бірінші типтік қателік – бұл алғашқы генерализация. Ол зерттелінетін құбылыстың жеткіліксіз анализімен сипатталады.
Екінші типтік қателікті Н.Д. Богоявленский анықтады. Ол – ұғымішілік генерализация. Оның мәні – ұғымдар белгісінің барлық кешенінен кейбір «күшті» белгілер ажыратылады. Осының салдарынан, жеке белгілер арасында қате арақатынас қалыптасады. Мысалы, оқушылар молекулалар арасындағы өзара әрекетті оқығанда, тек тартылыс күшін меңгереді, ал тебілік күші «санадан» тыс қалады. Осыдан, олар кейбір құбылысты түсіндіре алмайды. Психологтардың зерттеулері көрсеткендей, генерализацияны туындататын «күшті» белгілер мыналар:
1) Оқушылардың сезімдік қабылдайтын белгілері (мысалы, 6-сыныптың оқушылары машинаның жұмыс белгісі – бұл қозғалтқыштың шуылы деп есептейді);
2) Тұрмыстық тәжірибеде қалыптасқан түсініктермен байланыс (мысалы, оқушылар қозғалтқыш күшінің шынайы белгісі – бұл «үлкен күштің әрекеті» деп есептейді);
3) Ұғымдарды қолдануға арналған жаттығуларда кейбір сыртқы белгілердің бірнеше қайталануы;
Ұғымдарды меңгерудегі үшінші қателік – бұл ұғымаралық генерализация. Ол бір ұғымның екінші ұғымға шексіз ықпалынан көрініс береді.
Қарастырылған қателіктермен қатар, келесі кемшіліктер байқалады:
1) Ұғымды білдіретін терминдерді негізге алады, бірақ оның мазмұнын, шынайы белгілерін көрсете алмайды.
2) Ортақ түбірге қатысты ұғымдардың белгілерін араластырады, мысалы, ішкі энергияның белгілерін механикалық энергияның белгілерімен араластырады.
3) Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынасты нашар меңгереді.
4) Ұғымдарды классификациялауды білмейді.
Ұғымдарды меңгерудегі кемшіліктердің бірі – оқушылар ұғымдарды оқу практикасында негізге алады, бірақ мазмұнын анықтай білмейді. Бұл – мұғалімнің кемшілігі. Тағы бір кемшілік – ұғымның ғылыми анықтамасын дұрыс еске сақтамау. Бұл кемшілікті алғаш рет М.Н. Шардаков анықтады.
Әрбір ұғымның шынайылығы сөйлеуде көрініс береді. Ұғым сөздер мен тілдік терминдер базасында туындайды. Сөздер мен терминдер – ұғымдарды таратушылар. Сөйлеуде ұғымның шынайы белгілері анықталады. Егер де оқушы ұғымды дұрыс айта алмаса, жаза алмаса, онда ұғымды меңгермегендігі.
Жоғарыда аталған қателіктердің пайда болуының басты себептерінің бірі – мұғалімдердің меңгеру заңдылықтарын, шарттарын білмеуі.
Зерттеулер көрсеткендейұғымдарды меңгеруде оқушылардың зейіні мен ойлауын, танымдық әрекетін белсенді ететін жаттығулар үлкен рөл атқарады. Белсенді танымдық әрекетінсіз ұғымдарды меңгеру мүмкін емес.
Меңгеру үдерісінсін психологиялық-педагогикалық талдауда оқушылардың белсенді танымдық әрекетін ұғымдарды меңгеруін барлық кезеңдерінде ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Ол үшін өзіндік жұмыстың келесі жүйесі қажет болады:

  1. Ұғыммен алғашқы танысу (оқулықпен өзіндік жұмыс, бақылау, эксперемент, графиктерді құру және талдау).

  2. Ұғымдардың белгілерін нақтылау (мұғалімнің материалды түсіндіруінен кейінгі оқулықпен жұмыс, тәжірибелер көрсету).

  3. Ұғымдарды салыстыру (жаңа меңгерілген ұғымды ертеректе меңгерілген ұғымның белгілерімен салыстыру).

  4. Берілген ұғымның өзгелермен байланысы мен қатынасын анықтау (эксперемент, графиктерді құру, талдау, эксперементтік мәліметтерді өңдеу нәтижесінде алған формуларды талдау).

  5. Ұғымдарды классификациялау (классификациялық схемалар мен кестелерді құру).

  6. Ұғымдарды нақтылау (физикалық өлшемдері бар кестемен жұмыс, материалдар жинау, күнделікті тәжірибелер мен бақылау мысалдарын талдау).

  7. Ұғымдарды қолдану (шығармашылық сипаттағы оқу тапсырмаларын орындау).

Осыған орай нақты бір жаттығуды келтірейік. Оқушылар күш қысымына қатысты қате жалпылаудың алдын алу үшін графикалық бейнемен берілген жаттығуларды ұсұнуға болады (14-17-суреттер).
Ұғымдарды қалыптастыруда проблемалық жағдайды құру маңызды рөл атқарады. Ол оқушылардың эмоциялық күйін жаңа нәрсені зерттеуге деген қызығушылығын жоғарылатады, ойлауын, зейінін белсенді етеді.
Мұғалім оқушыларға жаңа ұғымды меңгертуге дайындалғанда ғылыми әдебиетті басшылыққа алып оның мазмұнымен жан-жақты танысу керек.
Осылайша оқушылардың қандай да бір ұғымды меңгеруі үшін келесі жағдайлар қажет:
1). Әрбір жаңа ұғымды енгізі үшін қажетті базаны құру (оқушылардың өмірлік тәжірибесі мен күнделікті бақылаулары).
2). Проблемалық жағдайды құру.
3). Жаңа ұғымның туындауын қамтитын фактілерге ғылыми талдау жасау.
4). Ұғымдарды қалыптастыру тәсілін таңдауда оқушылардың білімі мен ойлауының даму деңгейін ескеру.
5). Ұғымдарды қалыптастырудың барлық деңгейлерінде оқушылардың белсенді танымдық әрекетін ұйымдастыру.
6). Ұғымдардың үздіксіз дамуына негіз болатын жағдайлар құру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет