Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


ІІІ тарау. Оқыту үдерісінде оқушыларда ғылыми ұғымдардың қалыптасу тәсілдері



бет107/161
Дата04.11.2023
өлшемі2,59 Mb.
#121815
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   161
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

ІІІ тарау. Оқыту үдерісінде оқушыларда ғылыми ұғымдардың қалыптасу тәсілдері
§1. Оқыту үдерісінде оқушылардың ғылыми ұғымдарды меңгеру үдерісінін ерекшеліктеріне деген көзқарастарды талдау

Қандай да бір ұғымды қалыптастырудың тиімді тәсілін таңдау мәселесін шешуде түрлі тәсілдерді, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, меңгеру үдерісінің ерекшеліктерін білу керек. Әсіресе, бұл бастапқы ұғымдардың қалыптасуына маңызды.


Ұғымдарды меңгеру үдерісінің ерекшеліктерін білу оқу жоспарын, бағдарламасын құруда қажет.
Оқушыларда ғылыми ұғымдардың қалыптасу теорияларын көптеген кеңес және шетел психологтары қарастырған (Л.С. Выготский, А.А. Смирнов, Д.Н. Богоявленский, Е.Н. Кабанова-Меллер, М.Н. Шардаков, П.Я. Гальперин және Н.Ф. Талызина, В.В. Давыдов, B.Rassel, W.Thompson, т.б.). Зерттеу нәтижесінде ұғымдарды меңгеру процесінің негізгі заңдылықтары анықталды.
Ұғымдарды меңгеру үдерісінің ерекшеліктеріне қатысты түрлі көзқарастар бар. Н.А. Менчинскаянын пікірінше:
1). Оқушылар ұғым мазмұнын бірден меңгермейді, меңгеру процесі әртүрлі уақытта әртүрлі жылдамдықта жүреді.
2). Ұғымның ғылыми белгілері ұзақ уақыт бойына жойылады.
3). Ұғымдардың басты және қосымша белгілері бірте-бірте бөлініп, жүйеленеді.
4). Ұғымдар уақыт өте жалпыланады.
Ал, П.Я. Гальпериннің және Н.Ф. Талызинаның пікірінше ғылыми, «ғылымға дейінгі» ұғымдардың болуы міндетті емес. Сонымен қатар олардың көзқарасы бойынша ұғымдарды қалыптастыруды ұзақ уақытқа созуға болмайды.
Дегенмен, оқушылар кейде күрделі ұғымдардың мазмұнын бірден ұғына алмайды. Мысалы, математикадағы «сан», химиядағы «химиялық элемент», физикадағы «энергия» деген ұғымдар. Сондықтан оны «бір тәсілмен», «бір уақытта» ашу мүмкін болмайды.
Осыған орай «ұғымдардың қалыптасуы» деген термин туындайды. Бұл кезең затты алғашқы қабылдаудан басталады. Ұғымның қалыптасуы негізгі белгілердің анықталуымен сипатталады. Бұдан кейін жаңа қасиеттерден, белгілерден, байланыстар мен қатынастардан тұратын ұғымның дамуы жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет