Физикалық өлшемдерді зерттеу жоспары: Берілген өлшем дененің қандай қасиетін сипаттайды?
Өлшемнің анықтамасы.
Осы өлшемнің спецификалық қасиеттері.
Анықтаушы формула.
Өлшем бірлігі.
Өлшеу тәсілдері.
Заңдарды зерттеу жоспары: Берілген заң қандай құбылыстың немесе өлшемнің арасындағы байланысты көрсетеді?
Заңның формуласы.
Заңның математикалық бейнесі.
Берілген заң қандай тәжірибелермен дәлелденді?
Заңды практикада қолдану мысалдары.
Теореманы зерттеу жоспары: 1). Теореманы құруға негіз болған тәжірибелік фактілер.
2). Теорияның негізгі ұғымдары.
3). Теорияның негізгі принциптері.
4). Теорияның математикалық аппараттары, негізгі бағыттары.
5). Берілген теориямен түсіндірілетін құбылыстар шеңбері.
6). Теориямен болжанатын құбылыстар мен дене қасиеттері.
7). Теорияның негізгі тұжырымының дәлелдейтін тәжірибелер.
Приборларды зерттеу жоспары: 1). Прибордың тағайындалуы.
2). Прибордың әрекет ету негізіне қандай құбылыс немесе заң негізделген?
3). Прибор құрылғысының принциптік схемасы.
4). Прибордың әрекеті.
5). Приборды эксплуатациялау ережелері.
Қазіргі мектептерге оқушыларды политехникалық тұрғыда дайындау міндеті қойылуда. Осыған орай, ғылыми пәндерді оқытуда технологиялық процестерді жете меңгеруге ерекше зейін қою ұсынылады. Ол үшін, В.А. Акулин ұсынған жоспарды қолдану керек.
Технологиялық үдерістерді зерттеу жоспары: 1). Технологиялық үдерістердің тағайындалуы.
2). Технологиялық үдерістердің ұлттық шаруашылық мәні.
3). Технологиялық үдерістердің негізіне алынған құбылыстар мен заңдар.
4). Технологиялық үдерістердің схемасы.
5). Технологиялық үдерісті жүзеге асыруда техникалық қауіпсіздік ережесі.
6). Технологиялық үдерістердің сапасын анықтайтын факторлар.
7). Технологиялық үдерісті жүзеге асыратын және бақылайтын мамандардың біліміне қойылатын талаптар.
Келтірілген жоспарлар жалпылама деген атауға ие болды, өйткені олар объектілердің кең класын зерттеуге жарамды. Сонымен қатар, жалпыланған жоспар оқушыға меңгерілген ұғымдарды өзіндік бақылауды жүзеге асыруға көмектеседі. Ал мұғалімдер осы жоспар арқылы меңгерілген ұғымның, заңның, теориялардың сапасын бақылай алады. Ең бастысы, ұғымдарды меңгеруде оқушылардың әрекеті саналы әрі мақсатты болады. Жалпыланған жоспар оқушыларға дайын күйде беріледі. Кейбір тәжірибеден кейін оқушылар өз жоспарын ұсынады. Жоспардың соңғы нұсқасы ұжымдық талқылаудан кейін алынады.