6-сурет. Ұғымдарды бөлудегі толқу мысалы.
4. Бөлу өлшемді болу керек, түрлік ұғымның көлем суммасы бөлінетін түбірлік ұғымның көлеміне тең болуы керек. Бұл ереже бұзылса, екі қателік жіберіледі. Ұғымның көлемін ықшам бөлу және ауқымды бөлу қателігі
а) ұғым көлемін ықшам бөлу оның мәні: түбірлік ұғымды бөлуде оның көлеміне кіретін барлық түрлер аталмайды. Мысалы, элементар бөлшектердің сипаттамасын атағанда, тек заряд пен спин сөз болады.
б) ұғым көлемін ауқымды бөлу, оның мәні: бөлінетін ұғымның көлеміне кірмейтін түрлер енгізіледі, түрлік ұғым көлемінің суммасы түбірлік ұғым көлемінен көп. Мысалы, механикадағы СИ жүйесінің физикалық өлшемдерін өлшеу бірліктерін оқушы келесідей атады: метр, килограмм, ампер, ньютон, джоуль, секунд. Бірақ ампер, ньютон және джоуль көрсетілген ұғымның көлеміне кірмейді. Ампер – механикадағы емес, СИ жүйесіндегі өлшеудің негізгі бірліктері, ал джоуль мен ньютон - өндірістік бірліктер.
Салыстыру операциясында барлық ұғымдар салыстырылатын және салыстырылмайтын болып бөлінеді. Салыстырмалы дегеніміз – қандай да бір ортақ белгісі бар ұғымдар. Мысалы, «атом», «молекула» – бұл «заттың құрылымдық формалары». Салыстырылмайтын дегеніміз – көлемі, мазмұны жағынан да салыстыруға келмейтін ұғымдар. Мысалы: «үстел», «түйе», «бұлбұл», «карандаш».
Қатынас сипаты бойынша салыстырмалы ұғымдар екі топқа бөлінеді: үйлесімді және үйлесімсіз.
Үйлесімді дегеніміз – ортақ түбірлік ұғымы (түбірлік белгі) бар ұғымдар. Мысалы: «Социалистік мемлекет» - «СССР» (7.а.-сурет) немесе толықтай «Ұлы орыс өзені», «Еділ» (7.б.-сурет).
а) б)
7-сурет. Үйлесімді ұғымдар көлемі.
Үйлесімді ұғымдар 3 түрге бөлінеді: тең мәнді, бағынышты, қиылысатын (8-сурет).
Үйлесімді ұғымдар
Тең мәнді
Қиылысатын
Бағынышты
8-сурет. Үйлесімді ұғымның түрлері.
Тең мәнді ұғымдар – бұл берілген заттың түрлі тұсын сипаттайтын, тірлік белгісі бойынша ерекшеленетін үйлесімді ұғымдар (7.б.-сурет). Қиылысатын ұғымдар дегеніміз – ортақ түбірі бар, заттар мен құбылыстардың жалпы тұсын жеке және спецификалық бейнелейтін түрлік ұғымдар. Мысалы: «оқушы», «спортшы», «инженер», «өнер тапқыш». Мұндағы түбірлік ұғым – «адам» (9-сурет).
9-сурет. Қиылысатын ұғымдар.
Үйлесімсіз ұғымдар дегеніміз – бір-бірінен түрлік белгілерді жоққа шығаратын, ортақ жақын түбірлік ұғымы бар ұғымдар. Мысалы: «батыл» - «қорқақ», «ақ» - «қара», т.б. үйлесімді ұғымдар көлеміне жалпы элементтер кірмейді. Үйлесімді және үйлесімсіз ұғымдарға ортақ нәрсе – олардың ортақ жақын түбірлік ұғымдары (салыстырмалы) болады.
Бағынышты ұғымдар өздеріне ортақ түрлерді бейнелейді. Мазмұны жағынан олардың ортақ белгілері болады. Мысалы, рефрактор мен рефлектор – бұл аспан денелерін бақылауға арналған оптикалық құралдар. Алайда, оларды ажыратуға болатын белгілер бар, рефрактор – бұл телескоп, оның объективі жарық түсіретін линзалар, ал рефлектор – айналы объективі бар телескоп. Бағынышты ұғымдар арасындағы қатынасты Эйлер дөңгелегімен (4-сурет) көрсетуге болады (немесе 5,10-суреттер). Егер де бағынышты ұғымдар үйлесімсіз болса, онда олар ұғымдарды бөлудің барлық ережелеріне қатаң бағынады. Сондықтан олар қиылыспайды (10.а.-сурет).
Қозғалтқыш
Поршендік
Турбиндік
Реактивті
а)
Жазушы
Ақын
Романшы
Сыншы
Публицист
Драматург
б)
10-сурет. Бағынышты ұғымдар.
Бірақ бағынышты ұғымдар үйлесімді болуы мүмкін. Бұл жағдайда жалпы түбірге бағынышты түрлік ұғымдар қиылысуы мүмкін. Бұл жағдайда жалпы түбірге бағынышты түрлік ұғымдар қиылысуы мүмкін. Бұл жағдай 10.б.-суретте берілген. Оқыту процесінде ұғымдарды қателік жібермей орналастыра білу керек. Ол үшін төмендегі ережелерді басшылыққа алған жөн:
1. Бағынышты ұғымдар ортақ бір түбірдің жақын түрі болу керек.
2. Жақын ортақ түбірі бар бағынышты ұғымдарды бір қатарға орналастыру. Оқушылар мынадай қателік жібереді:геометриялық фигуралар деп – үшбұрышты, параллелограмды, ромбты, т.б. атайды. Мұндағы қателік, ромб – геометриялық фигураның емес, параллелограмның жақын түрі. Түрлік белгілері мазмұнындағы айырмашылықты шарттайтын үйлесімсіз ұғымдарды контрарлық деп атайды. Егер де түбірлікұғымдарды белгілі негіз бойынша түрлерге бөліп орналастырса, онда бағынышты ұғымдардың қатары құрылады. Мысалы:
1). Ақ, аппақ, ашық-сұр, сұр, қою сұр, т.б. Контрарлық ұғымдар көлемінің арақатынасын 11-суреттен көруге болады.
11-сурет. Контрарлы ұғымдар.
Қарсы екі ұғымның мазмұны белгілі, оң, сенімді сипатты. Бұл ұғымдар бір-бірінсіз болмайды. Мысалы, жоғарысыз – төмен, ақ болмаса, қара болмайды. Қарама-қарсы ұғымды білдіретін сөздер антоним деп аталады.
Қарсы айтылатын ұғымдар (контрадикторлық). Үйлесімсіз бағынышты екі ұғым қарсы айтылатын ұғымдар деп аталады. Олардың түрлік белгілері қарама-қарсы сипатта болады. Бір ұғымның белгісі келесі ұғымды толықтай жоққа шығарады, мысалы, «ақ» – «ақ емес», «жоғары» – «жоғары емес». Бұлардың контрарлық ұғымдардан айырмашылығы – олардың көлемінің суммасы түбірлік ұғымның көлеміне тең болады. Егерде контрарлы ұғымның екеуі де оң болса, онда қарсы айтылатын ұғым да – бірі оң, екіншісі теріс болады (12-сурет).
а) б) в)
12-сурет. Қарсы айтылатын (контрадикторлық) ұғымдар.
Жоғарыда қарастырылған ұғымдардың түрлерін схема түрінде көрсетуге болады (13-сурет).
Б айланыс пен қатынас бойынша ұғым түрлері
С алыстырмалы
Салыстырылмайтын
Ү йлесімді
Ү йлесімсіз
Тең мәнді
Қарама-қарсы
Қарсы айтылатын
Қиылысатын
Бағынышты
13-сурет. Ұғымдар арасындағы қатынас түрі (мазмұны мен көлемі бойынша).