Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


§6. Оқушыларда ғылыми ұғымдардың қалыптасуында «ғылымға дейінгі» түсініктердің рөлі



бет104/161
Дата04.11.2023
өлшемі2,59 Mb.
#121815
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   161
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

§6. Оқушыларда ғылыми ұғымдардың қалыптасуында «ғылымға дейінгі» түсініктердің рөлі

Жоғарыда айтылғандай, оқушыларда ғылыми ұғымдардың қалыптасуының басты көздері – бұл өмірлік тәжірибе, күнделікті бақылаулар. Осының негізінде «ғылымиға дейінгі» түсініктер қалыптасады. Мұндай ұғымдардың қалыптасуы екіжақты қалыптасуы рөль атқарады. Егер де олар ғылыми ұғымға қарсы сипатта болса, мұғалім осыған дер кезінде мән бермесе, онда бұл жағдай ғылыми ұғымдарды меңгеру процесін тежейді. Егер де олар ғылыми ұғымның мазмұнына қарсы болмаса, онда оларды оқыту барысында басшылыққа алуға болады.


Қате ғылыми ұғымдардың жағымсыз ықпалын жоққа шығару үшін, мұғалім ең алдымен оқушылардағы бұл түсініктің қаншалықты деңгейде екендігін анықтауы керек. Бұл қате пікірді дер кезінде жоққа шығарып, дұрыс ғылыми ұғымның қалыптасуына мүмкіндік береді.
«Ғылымға дейінгі» түсініктерді әңгімелесу, анкета арқылы анықтауға болады. Ғылыми ұғымдардың қалыптасуына әр сыныпта, әр сабақта алынған құбылыстар туралы білім, түсініктер маңызды рөль атқарады. Мысалы: 6-сыныптың физика курсында «зат», «молекула», «заттың күйі» деген ұғымдардың қалыптасуына 4-сыныптағы табиғаттану курсында алынған алғашқы мәліметтер ықпал етеді. Ал 6-сыныптың физика курсында «масса», «салмақ» деген ұғымдардың қалыптасуына 4-5-сыныптарда математика сабағында осы терминдерді қате қолдану кері ықпал етеді.


§7. Оқушылардың ұғымдарды меңгеру үдерсінің мәні.
Ұғымдарды меңгеру өлшемдері
Оқушылардың ғылыми ұғымдарды жоғары деңгейде меңгеруі үшін, алдымен меңгеру үдерісінің ерекшеліктерін, оны жүзеге асыру тәсілдерін, ұғымдарды қалыптастырудың рационалды тәсілдерін таңдауды білу қажет. Ол үшін мұғалім бұл үдерістің негізгі кезеңдерін (ұғымдардың байытылуы, әдіс-тәсілдер, т.б.) жақсы білу керек.
Ұғымдарды меңгеру үдерісінің мәні дегеніміз – ұғымның мазмұнын (белгілерін), оның көлемін (ұғым қамтитын нысандар жиынтығы), өзге ұғымдармен байланысы мен қатынасын меңгеру.
Оқушылардың ұғымдарды меңгеруінің сапасын және мұғалімнің қолданатын әдістемесінің тиімділігін бағалау үшін ұғымдарды меңгеру критерийлерін білу қажет. Ұғымдардың қалыптасу үдерісінің мәнін және негізгі сипаттамаларын талдау арқылы критерийлерді анықтауға болады. Меңгерудің негізгі критерийлері:
а) Ұғым мазмұнын меңгерудің толымдығы.
б) Жалпылау шегі болып табылатын ұғым көлемін меңгеру деңгейі.
в) Берілген ұғымның өзгелермен байланысы мен қатынасын меңгеру толымдығы. Осылармен қатар мыналарды да ажыратуға болады:
а) Ұғымның шынайы белгілерін ажырата білу.
б) Танымдық және практикалық сипаттағы тапсырмаларды орындауда ұғымдарды негізге ала білу.
в) Ұғымдарды классификациялау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет