Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет215/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

5.4 Топырақ және оның ластануы

Литосфера - жер қыртысының беткі қатты қабаты. Жер бетін дұрыс пайдаланбау, топырақ эрозиясына, оның бетін әр түрлі тау-кен өндірісінің қалдықтары мен шахта үйінділерімен лстануына әкеліп соқтырады. Литосфраның жоғарғы беткі қабатын топырақ құрайды.

Топырақ жамылғысы маңызды табиғи түрленуші болып табылады. Топырақ палнета тұрғындары үшін азық көзі. Жалпы тұтыну азығының 95-97% қамтамасыз етеді. Әлемдегі жер ресурсының ауданы 129 млн. км2. Егін және ауыл шаруашылығында қолданылатын ауданы 15 млн. км2 [13].

Топырақ қатты (минералды және органикалық), сұйық және газ тәрізді фазадан тұрады. Топырақтың жоғарыдан төменгі көкжиегіне (горизонт) қарай органикалық заттар мен тірі организмдердің мөлшері азаяды.

А1 көкжиегі – күңгірт түсті, құрамында гумус бар, минералды заттарға бай.

А2 көкжиегі – элювиалды қабат, ашық-қоңыр немес сарғыш-қоңыр түсті.

В көкжиегі – элювиалды қабат, әдетте тығыз, қою қызғыш түсті, коллоидті-дисперсті минералдарға бай.

С көкжиегі – топырақ түзуші үрдістермен өзгерген аналық жыныс.

D көкжиегі – бастапқы жыныс.



Топырақ - жердің құнарлы қабаты және жануарлар дүниесінің қатысуы мен климаттың әсерінен мыңдаған, миллондаған жылдар бойы қалыптасқан күрделі зат. Топырақтың ерекше қасиеті оның құнарлығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет