Физикалық ластану – судың құрамында түрлі жаратылыстағы ерімейтін бөлшектердің болуы.
Маңызды мәнге ие болатыны, гидросфераның мұнай өнімдерімен ластануы. Мұнай өнімдері өзінің физика-химиялық қасиеттеріне байланысты, су беттігі бойынша тұнық жерлерінде тұрақты келетін жұқа қабыршақ түзіп, жылдам тарайды.
Мұнай және мұнай өнімдері Әлемдік мұхитты ластаушы заттардың ішінде ең көп таралғаны. Мұнай әлсіз флуоресценцті, күңгірт-қызғылт түсті, тұтқыр майлы сұйықтық. Мұнай алифатты және ароматты көмірсутектерден тұрады. Мұнайдың негізгі компоненттері – көмірсутектер (98 % дейін) 4 топқа бөлінеді:
а) парафиндер (алкендер) – (жалпы құрамының 90 % дейін) – тұрақты заттар, молекулалары көміртегі атомдарының тік тізбегі түрінде келеді. Жеңіл парафиндер барынша ұшқыш және суда жақсы ериді.
б) циклопарафиндер – (жалпы құрамының 30...60 % дейін) – сақинасында көміртегінің 5-6 атомы бар, қаныққан циклды қосылыстар. Мұнайдың құрамында циклопентан және циклогексаннан бөлек, осы топтың бициклды және полициклды қосылыстары да бар. Бұл қосылыстар өте тұрақты және биологиялық ыдырау баяу жүреді.
в) ароматты көмірсутектер – (жалпы құрамының 20...40 % дейін) –бензол қатарының қаныққан циклды қосылыстары. Сақинасындағы көміртегінің саны циклопарафинге қарағанда 6 атомға аз. Мұнайдың құрамында бір сақиналы ұшқыш қосылыстар (бензол, толуол, ксилол), сосын, бициклды (нафталин), полициклды (пирен) қосылыстар да кездеседі.
г) олефиндер (алкендер) - (жалпы құрамының 10 % дейін) – молекуласындағы көміртегінің өр атомында сутегінің бір немесе екі атомы бар қаныққан қосылыстар.
Гидросфераға келіп түсетін мұнайдың белсенді көздеріне жататындар:
- өндіру аудандарынан тасымалдау;
- мұнай тасымалдауыш көліктеріндегі апаттық жағдайлар;
- танкер борттарының және балласттық ағызындылар;
- теңіздегі ұңғымалармен өндіру кезіндегі жоғалулар (соңғы 40 жыл ішінде, 1964 жылдан бастап Әлемдік мұхитта 2500 жуық ұңғымалар бұрғыланған, оның 1000 жуығы Солтүстік мұхитта);
- мұнайдың көп мөлшері өзендер арқылы теңіздерге, тұрмыстық және тасқын сулар арықылы келіп түсуде.
Су ортасына келіп түскен мұнай:
а) су бетімен түрлі қалыңдықта қабыршақ түзіп таралып, күн сәулесінің түсу қарқынын және спектр құрамын өзгертеді;
б) сумен араласқан мұнай екі түрлі эмульсия түзеді:
- тік «мұнай суда», диаметрі 0,5 мкм дейінгі мұнай тамшыларынан тұрады, құрамында БАЗ бар тұрақсыз және мұнай сипаттас;
- қайтарма «су мұнайда», су беттігінде сақталып, толқынмен таралады, жағаға тасталады және су түбіне тұнады [29].
Достарыңызбен бөлісу: |