Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Электр тогынан зардап шегушіге алғашқы көмек



бет240/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   264
7.3 Электр тогынан зардап шегушіге алғашқы көмек

Электр тогының әсерінен босату

Электр тогымен зақымданған жағдайда зардап шегушіні токтың әсерінен тезірек босатылады, өйткені оның ұзақтығынан электрлік жарақаттың ауырлығы байқалады.

Қысыммен жұмыс істейтін ток бөлу бөліктеріне жанасу көп жағдайда бұлшық еттердің еріксіз тартылуына және жалпы қозуына әкеледі, бұл тыныс алу органдары мен қан айналу қызметінің бұзылуына және тіпті толығымен тоқтауына әкелуі мүмкін. Егер зардап шегуші қолында сымды саусақтарымен қатты ұстап тұрған болса, оның қолынан сымды босату мүмкін болмайды. Сондықтан ең алдымен зардап шегушіге алғашқы көмек ретінде электр қондырғының зардап шегуші ұстаған бөлігін дереу сөндір. Сөндіру ажыратқыш немесе басқа да жабдық арқылы, сондай-ақ сақтандырғыштарды (тығындарды) алу немесе айналдыру, штепсельдік қосқыштарды алу-салу арқылы жүргізіледі.

Егер зардап шегуші жоғарыда болатын болса, қондырғыны ажырату және оны токтан босату оның құлауына әкеледі. Бұл жағдайда зардап шегушінің құлауынан алдын алу немесе оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолданылады.

Электр қондырғысын ажыратқан жағдайда электр жарығын да бірге өшіреді. Осыған байланысы күндізгі жарық болмаған жағдайда электр қондырғысын өшіруді және зардап шегушіге көмек көрсетуді кешіктірмей бөлменің жарылыс, өрт шығу қауіптілігін ескере отырып, басқа көзден жарық беруді қарастырады (авариялық жарық беруді, аккумуляторлық шамды қосу).

Егер қондырғыны дереу өшіру мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушіні тоқтан босатудың басқа да шараларын қолданады. Барлық жағдайларда көмек көрсетуші өмірге қауіпті болғандықтан, сақтандыру шараларын қолданбай, зардап шегушіге жанаспайды. Ол тоқ бөлу бөлігімен байланыста болмау және кернеуде қалмау қадағаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет