Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Радиобелсенді, улағыш, күшті әсер ететін улы заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек



бет239/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   264
7.2 Радиобелсенді, улағыш, күшті әсер ететін улы заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек

Халықты радиациядан қорғау радиациялық қауіп туралы хабарды, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын, радиоактивті заттармен ластанған аумақта өзін-өзі үстау тәртібін, азық-түлік пен суды радиоактивті ластанудан қорғауды, медициналық жеке қорғаныс қүралдарын пайдалануды, аумақтын ластану деңгейін анықтауды, халықтың сәулеленуін дозиметрлік бақылауды және радиоактивті ластанған азық-түлік пен суға сараптама жүргізуді қамтиды.

Хабарлау дабылы бойынша ТЖ және АҚ органдарының ақпаратын тындағаннан кейін халық панаханаға жасырынуға тиіс.

Радиациялық зақымданудан сақтану жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы радиациядан қорғау қүралдарымен жүргізіледі.

Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы өз-өзіне және дара көмек көр-сетуге және өткіш радиациямен, улағыш заттармен және бактериал-дық қүралдармен зақымданудың алдын алуға арналған. Ол меди-циналық қүралдар түратын массалық пеналдарды орналастыруға арналған жеті үясы бар қорапшадан түрады.

АИ-2 пластмасса қорапшасындағы ұялар бойынша бөлінген медициналық құралдардың жиыны. Көлемі - 90x100x20 мм, массасы - 13кг.

Қобдиша ұяларында мынадай медициналық құралдар орналасқан:

- 1 ұя резервтік, ауруды басатын дәрмектері бар шприц-түтікті салуға арналған. Сүйек сынғанда, үлкен жарақат алғанда және дене күйген кезде пайдаланылады;

- 2 ұя қызыл түсті пеналды (фосфорлы-органикалық заттарға қарсы антидот таблеткалары). Зақымдану ошағына шығар алдында жеке сақтандыру дәрмегі ретінде бір таблеткадан пайдаланылады. Алғашқы зақымдану пайда болған кезде тағы бір таблетканы қабылдайды;

- 3 ұя үлкен ақ пеналды №2 бактерияға қарсы дәрі-дәрмек, таблетканы асқазан-ішек ауруы кезінде радиациялық сәулеленуден кейін қабылдайды, алғашқы тәуліктерде жеті таблеткадан қабылдайды, екі және үш күннен кейін тәулік сайын төрт таблеткадан;

- 4 ұя алқызыл түсті екі пеналда II радиациядан қорғау дәрмегі, барлығы 12 таблетка. Таблеткаларды сәулелену басталғаннан - 60 мин бұрын радиобелсенді зақымдану қауіпі кезінде жеке сақтандыру үшін қабылдайды. Бірден, 6 таблетка қабылдайды. 6 таблетканы қайта қабылдауға тек 5-6 сағаттан кейін рұқсат етіледі;

- 5 ұя екі ақ пеналда, кеңінен қолданылатын антибиотик 11 бактерияға қарсы дәрі-дәрмек барлығы 10 таблетка. Таблетканы жараланған және күйген көзде қабылдайды - алғашқыда 5 таблеткадан, ал 6 сағаттан кейін тағы да 5 таблеткадан;

- 6 ұя ақ түсті пеналда №1 радиациядан қорғау дәрмегі. Таблетканы адам радиобелсенді затпен зақымданған аумақта жайылған сиырдың сүтін ішкен жағдайда қабылдайды, 10 күн бойында күн сайын бір таблеткадан. Барлығы 10 таблетка;

- 7 ұя көк түсті пеналда құсуға қарсы дәрі-дәрмек, барлығы 5 таблетка. Бас сыдырылғанда, қатты соққы тигенде және контузия алғанда сәуленің бастапқы әсері кезінде бір таблеткадан қабылдайды.

Радиацияға ұшырау қауіпіне байланысты жергілікті жерде радиацияның жоғары деңгейі болғандықтан алғашқы медициналық көмекті көрсетуге болмайды. Бұл жағдайда өз-өзіне және өзара көмек көрсетудің, зақымданған аумақтағы өзін-өзі ұстау тәртібін сақтаудың маңызы зор.

8 жасқа дейінгі балаларға толық дозада беретін №1 радиациядан қорғау құралын қоспағанда АИ-2-дегі медициналық құралдарды бір рет қабылдауға ересектерге 1/4, 8-15 жастағы балаларға 1/4 дозасын береді.

Радиациялық заттармен уланған аумақта тамақ ішуге, ластанған су көздерінен су ішуге, жерге жатуға болмайды. Халықтың азық-түлік пен тамақ даярлау тәртібін Азаматтық қорғаныс органдары жердің радиобелсенді ластану деңгейін ескере отырып анықтайды.

Иондағыш сәулеленумен зақымданған кезде алғашқы көмек жылдам көрсетілуге тиіс. Бірінші көзекте одан әрі сәулеленуді жояды немесе барынша азайтады. Бұл үшін радиациялық затпен зақымдалған аумаққа, киімге ішінара дезактивация және терінің ашық жеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізеді, бұдан кейін зақымдаушыны радиациялық зат өтпеген панаханаға (радиацияға қарсы немесе жай панахана) жеткізеді. Зақымданған жерде болған кезде зардап шегуші жеке қорғаныс құралдарын киюге тиіс.

Радиобелсенді заттар зақымданушыға тамақпен немесе су арқылы өткендігі туралы күмән болса, оны шығару үшін шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін зақымданушыға ацорбент береді (25-30г. активтелген көмір, күкірт қышқылды барий - 50г.) береді; ацорбент радиациялық заттың маталуына ықпал етеді және мұның қанға өтуіне кедергі келтіреді. 15-20 минуттан соң су беріп, асқазанды шаяды және құстырады. Бұдан кейін ацорбентті қайта ішкізіп, оған тыныштандырушы дәрі-дәрмек беру қажет.

Ядролық зақымдану ошағынан (радиобелсенді зақымдану ошағынан) шыққаннан кейін ішінара дезактивация мен санитарлық тазалауды мүмкіндігінше жылдам жүргізу керек: дезактивация кезінде - киімнен, аяқ киімнен, жеке қорғаныс құралдарынан РЗ түседі, санитарлық тазалау кезінде дененің ашық жерлері мен көздің кілегейлі қабығын, ауыз бен мұрынды жабады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет