Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Сүйек сынған, шыққан, соғып алған және буын аралығы созылған жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмек



бет254/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   264
7.10 Сүйек сынған, шыққан, соғып алған және буын аралығы созылған жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмек

Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.

Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады.

Жабық сынық кезінде зардап шегушінің киімін шешпей – таңғыш таяқты оның сыртынан салуға болады.

Жарақаттанған жерге ауырғанды төмендету үшін «суық» (мұз, қар салынған суық су құйылған резеңке қапшықты, суық таңғышты) басады.

Басты зақымдау

Құлау, бірнәрсеге соғу кезінде бас сүйектің сынуы (оның белгілері: құлақтан және ауыздан қан кету, ессіз болу) немесе мидың шайқалуы (белгілері: бастың ауруы, жүрек айну, құсу, есін жоғалту) мүмкін.

Мұндай кезде көрсетілетін алғашқы көмектің түрлері болып: зардап шегушіні арқасына жатқызу, басына (жарақат алған кезде - стерилденген) қатты таңғыш тағу және «суық» басу, дәрігер келгенге дейін тыныштықты қамтамасыз ету табылады.

Ессіз жатқан зардап шегушінің құсуы мүмкін. Мұндай жағдайда оның басын сол жаққа бұру керек. Сондай-ақ, тілдің артқа кетуіне байланысты тұншығуы мүмкін. Бұл жағдайда зардап шегушінің астыңғы жағын алдыға қарай тарту қажет және оны осы қалыпта қолдан дем алдырған кездегідей ұстап тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет