Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет28/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   264
Опырықтар - жер қабаттарының жарылуы әсерінен алғашқы тау жыныстарының бұзылуы. Опырықтар жер қабығын тік және көлбеу жарықтармен бөлшектеп, орқаштарды осы жарықтарға бірінен кейін бірін әкеп орналастырады. Параллельді жарықтарда орқаштар бірінен кейін бірі төмен саты құрап жатады, сондықтан мұндай опырықтарды сатылы деп атайды.

Жер сілкінісі үлкен апаттарға әкелетіндіктен оның қай жерде, қашан және күші қандай болатынын болжау өте маңызды мәселе. Жер сілкінісі, өте сезгіш аспаптар – сейсмографтармен жабдықталған сейсмикалық стансаларда зерттеледі. Қазіргі уақытта бұрынғы ССРО кезеңінде салынған 90 аса сейсмикалық станса қызмет атқарады. Жер сілкінісінің геологиялық жағдайларын зерттеу алдағы уақытта жер сілкінісі болуы мүмкін аймақтарды және жер сілкінісі болмайтын аймақтарды алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді. Осының негізінде сейсмикалық аудандау жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда Жер шарының сейсмикалық картасы жасалып, басты екі сейсмикалық белдеу бөлінген: Тынық мұхиттық белдеу, сондай-ақ құрлықтардың су асты шеттерінің жылжымалы белдемдері кіреді. Бұл белдеуде барлық жер сілкінісі болатын ошақтардың 68% орналасқан [9].

Жер сілкінісі ошақтарының белгілі бір географиялық аудандарда ғана орналасуы Жердің геологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты. Сейсмикалық есептеулер бойынша, жыл сайын Жер шарында жылына бірнеше миллион өте әлсіз жер сілкінісі, 150 мыңға жуық әлсіз жер сілкінісі, 20 мыңға жуық біркелкі орташа жер сілкінісі, 7 мың күшті жер сілкінісі, 150 жуық қиратушы жер сілкіністері болады. Соңғы 4000 жылда жер сілкінісі 13 миллион адамның өмірін алып кеткен. Сейсмикалық қауіпті аудандарда, яғни, 7 балдық жер сілкініс болу ықтималдылығы жоғары аудандарда Жер шары тұрғындарының 70% орналасқан.

Жер сілкінісі жер шарының тектоникалық қозғалыстары болатын аймақтарында: Европаның Альпылық белдеуінде, Гималай, Тянь-Шань, Кордильер тауларында, Тынық мұхитында тағы басқа жерлерде байқалады.

Қазіргі кезде жер сілкінісі күшін бағалау үшін оның қирату әрекеті мен адамдардың психологиялық сезіміне тікелей бақылау арқылы түзілген 12 балдық сейсмикалық шкала қолданылады. Күшті жер сілкінісі үлкен апат әкелетіндіктен, басқа табиғи құбылыстардың барлығынан қатерлі.

Жер сілкінісі қай аймақта болатынын болжау шешілгенімен, оның қашан және күші қандай болатынын анықтау мәсілелері әзірше толық шешімін тапқан жоқ. Жер сілкінісін жабайы аңдар, жәндіктер мен үй жануарлары ерте сезетіндіктен, олардың мінез-құлқына қарап, бұл құбылысты болжауға болады. Қазіргі кезде адамның табиғи ортаға ауқымды әсер етуіне (тау-кен, мұнай, газ бен жер асты суларын көп мөлшерде алуы, ядролық жарылыстар, ірі су қоймаларын жасау, т.б.) байланысты техногендік жер сілкінісінің болу мүмкіндігі де арта түсуде.

Туындау себебіне қарай жер сілкінісі табиғи және антропогендік болып бөлінеді.

Табиғи күштердің әрекеті нәтижесінде табиғи жер сілкінісі туындайды: жер қыртысындағы тектоникалық үрдістер, жанартаулардың атқылауы, күшті опырылмалар мен сырғымалар, карстық кеуектердің бұзылуы, Жер бетіне үлкен метеориттердің құлауы, Жердің үлкен ғарыштық объектілермен соқтығысуы және т.б.

Антропогендік жер сілкінісі адамзат әрекетінің нәтижесінде туындайды: үлкен қуатты жарылыстар, жерасты инженерлік үймереттердің бұзылуы, Жер бетінің сыртқы қабатына соғылған үлкен көлемде су жинақтайтын үймереттердің түсіретін қысымы, тығыз орналасқан көп қабатты ғимараттары бар қалаларды тұрғызу, пайдалы қазбаларды қарқынды өндіру және т.б.

Жер сілкінісін болжау өте қиын. Қазақстан Республикасының жер сілкінісінің жиілігін анықтау кезінде MSK-64 12-баллдық халықаралық шкала пайдаланылады. Ол төмендегі көрсеткіштермен сипатталады:

1 балл - мүлдем байқалмайтын жер сілкінісі;

2 балл - дірілді жоғары қабаттағы кейбір адамдар ғана сезеді;

3 балл - дүмпу аз ғана адмға білінеді, терезе дірілдеп, ілме шамдар теңселеді;

4 балл - дүмпуді ғимарат ішіндегі адамдардың бәрі сезеді, ыдыс-аяқ сылдырлайды;

5 балл - дүмпуді барлық адамдар сезеді;

6 балл - діріл жүруге кедергі келтіреді, ғимарат теңселеді, сөрелерден ыдыс-аяқ құлайды, сылақтарда жарықшақ пайда болады;

7 балл - адамдарды үрей билейді, жиһаз құлайды, блоктар, каркастар, панельдер арасындағы қиылыстар жарылады;

8 балл - адамдар өзін- өзі әрең ұстайды, беткейдегі топырақта жарықшақ пайда болады, ғимараттар қатты зақымдалады, қабырғалар мен қоршаулар қирайды;

9 балл - адамдар жүре алмайды, топырақ беті жарылады, ғимараттар жаппай зақымдалады;

10 балл - ғимараттар толық қирайды;

11 балл - апат;

12 балл - жер бедерінің қатты өзгерісі.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Қазақстанның аса қауіпті сейсмикалық аймағы 450 мың шаршы км жерді алып жатыр.

Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады.

Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттағы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады.

Зілзала кезінде ғимараттардан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние мүлікпен ыбырсытпау керек.

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің «Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы» 1993 ж. 30-қыркүйек №969 Қаулысында сейсмоқауіпті  аймақта орналасқан сейсможаттығу өткізу туралы белгіленген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет