Жіктелуі
|
Қоспалар көлемі, м3
|
Апатты
|
1 000 000
|
Қуатты
|
100 000
|
Орташа қуатты
|
10 000
|
Аз қуатты
|
10 000 аз
|
Сел қозғалысында топырақ, тас, құм мен судың шылқыған ағыны болады. Сел ағыны тау жыныстарының ірі сынықтарын да жылжытуы мүмкін. Сел ағынының ұзындығы ондаған километрге жетеді. Ағынның тереңдігі 15 м жетеді. Қозғалу жылдамдығы 2-10 м/с аралығында ауытқиды.
Селге дайындалу
Әдетте сел тасқыны қай жерден шығатыны белгілі. Тауға шығар алдында, әсіресе мол жауған жаңбырдан соң өзіңіздің қозғалыс бағытыңыздағы бұл жерлерді зерделеп, олардан аулақ жүріңіз. Тап болған сел тасқынынан аман қалу мүмкін еместігі әрқашанда есіңізде болсын. Сел тасқынынан тек қашып құтылуға болады. Күні бұрын көшу кезінде, үйді қалдырар алдында электр, газ және суқұбырын өшіріңіз. Есік, терезе мен желдеткіш тесіктерді тығыз жабыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |