Алдын алу іс-шаралары
Елді мекендерді қорғау және жаппай өрттердің шығынын төмендету үшін алдын ала ормандарда ені 5 - 10 метр, ал қылқан жапырақ ормандарында 50 метрге дейін ормандағы жолдарды және грунт жолағын салу және тазалау іс-шаралары т.б. жүргізіледі:
- елді мекендерде 1 гектарға 30 шаршы метрден кем емес есеппен есептелетін тоғандар және су қоймалары қойылады;
- елді мекендерде орман және шым өртенген кезде елді мекендерге жақын жерлерде өртке қарсы қызмет буындарынан кезекшілік ұйымдастырылады;
- орман массивтеріне жанасып салынған құрылыстар арасындағы грунттық жолақтарды тазалау жүргізіледі; елді мекендер құрылысының шекарасына жақын орналасқан 1 метр орман төмпешіктеріне 10 литрден кем емес есеппен өрт су қоймаларына толтырылады;
- құдықтар мен тоғандар қалпына келтіріледі;
- мақта-дәке таңғыштары, респираторлар және басқа да тыныс алу органдарын қорғау құралдары дайындалады;
- құрғақшылық мерзімде ормандарға бару тәртібі шектеледі (әсіресе автокөлікпен).
Егер сіз ормандағы немесе шым өртінің ошағына жақын жерде болсаңыз және оны өз күшіңізбен жоюға, тарауының алдын алуға және өшіруге күшіңіз жетпесе, тез арада қауіпті аумақтан шығу қажеттілігі туралы қасыңыздағы жақын адамдарға ескертіңіз. Олардың жолға немесе ормандағы жолға, өзен жағалауына немесе басқа су қоймасына, егістікке шығуын ұйымдастырыңыз. Қауіпті аумақтан тез, от бағытына перпендикуляр бағытта қарай шығыңыз. Егер өрттен шығу мүмкін болмаса, су қоймасына еніңіз немесе су киіммен жамылыңыз. Ашық жерге немесе алаңқайға шығып, жерге жақын ауамен тынысталыңыз – ол жерде түтін аз болады, аузыңыз бен мұрныңызды мақта-дәке таңғышымен жабыңыз.
Өрт аумағынан шыққаннан кейін, өрттің болып жатқан жері, көлемі және сипаты туралы елді мекеннің әкімшілігіне, срндай-ақ халыққа хабар беріңіз. Елді мекенге өрт аумағының жақындауы туралы хабарлау дабылын біліңіз және өрттерді сөндіруді ұйымдастыруға қатысыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |