Өртке қарсы іс-шаралар бойынша келесілерге тыйым салынады:
- ғимарат арасындағы өртке қарсы аралықтарды материалдар, құралдар мен ыдыстарды жинақтау орыны ретінде, сонымен қатар көлік тұраға ретінде пайдалануға;
- ғимараттар мен имараттарға 50 м жақындықта от жағу, ыдыстар мен қалдықтарды өртеуге;
- гараж ғимараттары аумағында тез жанатын және жанғыш сұйықтығы бар ыдыстарды (канистралар т.б), сонымен қатар сығылған және сиретілген газды баллондарды қалдыруға;
- жайларды жинау мен бөлшектерді жууда жанармай, керосин және т.б тез жанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға;
- майланған сүрту материалын жинамай тастауға;
- жиһаз, күнделікті үй шаруашылық заттары, және т.б. сонымен қатар 20 литрден артық отын қоры мен 5 литрден артық май сақтауға;
- автокөліктің қозғалтқышын ашық отпен қыздыруға, жарықтандыру үшін ашық от көздерін пайдалануға;
- ұсталық, термиялық, пісіру, сылау және ағаш өңдеу жұмыстарын жүргізуге;
- көлік құралдарының жанармай багінің аузын ашық күйінде ұстауға;
- аккумуляторды тікелей көлік құралдарында зарядтауға;
- көлік құралдарына гараж жайда жанармай құю және олардан отынды төгуге;
- электр құрылғылары мен тұрмыстық электр құралдарын қараусыз қалтыруға;
- зақымдалған немесе оқшаулағыш, қорғағыш қасиетін жоғалтқан электрөткізгіш пен кабельдерді пайдалануға;
- жылудан қорғау құрылғылары жоқ, өрттің пайда болу қаупін тудырмайтын, жанбайтын жылуоқшаулағыш материалдардан жасалған төсегіші жоқ электрқыздырғыш құралдарын пайдалануға;
- зақымдалған розетка мен басқа да электр бұйымдарын пайдалануға;
- стандартты емес (қолдан жасалған) қыздырғыш құралдарын пайдалануға;
- калибирленбеген балқитын төсегіштер немесе қолдан жасалған артық жүктеу мен қысқа тұйықталудан сақтау аппараттарын пайдалануға.
Достарыңызбен бөлісу: |