V. Жем қоймаларда және жем кептіргіштерде:
1. Жылда егінді жинау алдында жем қоймалардың жем кептіргіштердің өртке қарсы жағдайын арнайы коммисиямен тексеру керек. Комиссиямен анықталған ақауларды жемді қабылдау және кептіру алдында жою керек.
2. Жем қоймаларды бөлек тұрған ғимараттарда орналастыру. Жем қоймалардың қақпалары сыртқа ашылатындай болу керек. Шығатын жерлерді үйіп тастауға тыйым салу.
3. Ғимараттың өртке қарсы қабырғалардағы ойықтарды өртке қарсы есіктермен қорғап, ал бір тасымалдағыштан екінші тасымалдағышка жем лақтыру орындарында қорғаныс құралдарын орнату (мысалы, өртке қарсы клапандар).
4. Жем қоймаларындағы электр сымдар болат құбырларда немесе ашық айырғыш заттардағы ПР-500 сымынан орындалуы керек, ал электр шырақтар шаң өткізбейтіндей орнатылу керек. Жылжымалы машина және механизмдерді қосуға арналған іске қосқыш және сақтандырғыш қондырғыларын, штепсель розеткаларын жем қоймасының сыртқы жанбайтын қабырғасына немесе бөлек тұрған тірекке орналастыру керек.
5. Стационарлық жем кептіргіштерді жем қоймаларынан жанбайтын бітеу қабырғамен бөлу. Бұл қабырғада технологиялық ойықтарды құрған кезде оларды өртке қарсы қорғау қондырғылармен жабдықтау керек. Жем қоймалардың және жылжымалы кептіру агрегаттардың ара қашықтығы 10 метрден кем болмау керек.
6. Кептіргіштердің оттығын ұшқындардың шығуын болдырмайтындай орындау керек. Түтін құбырларын ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау, ал олардың жанғыш материалдардан өтетін жерлерінде өртке қарсы бөлгіштерді құру. Тек заводта жасалған сұйық отынмен жұмыс істейтін кептіргіш агрегеттардың отын өткізгіштерін және басқа арматурасын құру, отынның ағып кетуін болдырмау. От жағатын бөлмелердегі еденді жанбайтын материалдардан жасау керек. Отын және май төккен жағдайда оны шұғыл құм немесе үгіндінің көмегімен жинау керек. Қолданған құмды және үгіндіні бөлмелерден тыс жерде орналасқан арнайы қақпағы бар жәшіктерге жинау керек.
7. Сұйық отынмен жұмыс істейтін кептіргіш агрегаттарды оттықта шырақ сөнген кезде, форсунка алдында температураның жоғарылауы және қысымның төмендеуі кезінде отын беруді сөндіруін қамтамасыз ететін жылу таратқыштың және қауіпсіздік автоматикасының температурасын бақылайтын құралдармен жабдықтау.
8. Жабдықтармен жұмыс істеуге агрегаттардың құрылысын және қолдану ережелерін білетін, сонымен бірге өрт сөндіру-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқыған және осы агрегаттарда жұмыс істеуге рұқсат беретін мамандырылған куәліктері бар адамдарды жіберу.
9. Қоймаларды үймемен толтырған кезде үйменің үстінен жабындының жанғыш конструкцияларына, шырақтарға және электр сымдарына дейінгі ара қашықтық 0,5 м кем болмау керек.
10. Жем қоймаларын қолдану кезінде тыйым салынады:
а) жеммен бірге өрт қауіпті заттарды, сонымен қатар қандай да бір жабдықтарды сақтауға;
б) қойма бөлмелердің ішінде ішкі жану қозғалтқышты жем тазалағыш және басқа машиналарды қолдануға;
в) бұзылған жылжымалы және стационарлы механизмдерде жұмыс істеуге және жұмыс істеп тұрған механизмдерді қараусыз қалдыруға;
г) қойманың екі жағындағы қақпалары жабылған жағдайда жылжымалы механизмдерде жұмыс істеуге;
д) жем қоймалары бөлмелері аймағының өрт қауіпсіздігіне сай келмейтін электр қозғалтқыштарын, электр шырақтарын және басқа жабдықтарды қолдануға;
е) тасымалдағыш таспаның деңгейінен жоғары жемді төгуге және таспаның тасымалдағыш конструкцияларына үйкелуіне жол беруге.
11. Қатты отынды жанар және оңай жанғыш сұйықтықтар арқылы жағуға тыйым салу. Кептіргіштегі артық отын қоры тәулік қажеттілігінен көп болмау керек. Сұйық отында жұмыс істейтін кептіргіш агрегаттардың отынын жағуды тек электр жандырғыш жүйесінен жүргізу.
12. Кептіруге түсетін жемді топаннан және басқа қоқыстан тазарту. Кептіргіштің жұмыс істеу уақытында әр екі сағат сайын сынаманы сараптау арқылы жемнің температурасына бақылау жүргізу. Жемді шекті мәндерден жоғары қыздыру кезінде жылу таратқыштың температурасын төмендету. Шахталық және жалюз типті кептіргіштердің жұмыс істеу уақытында кептіргіш камераны жеммен толтырғанда, кептіргіш қороптардың немесе жалюзилардың үстіндегі жем қабатының қалыңдығы 0,4 м кем болмау керек. Жемнің өздігінен жану жағдайында агрегатты тоқтатып, жемнің салқындауы үшін және өздігінен жанған учаскелерді алу үшін оны түсіреді.
13. Кептіргіш жұмысының әр тәулігі өткен соң, арту-түсіру механизмдерді жемнен және шаңнан тазарту. Механизмдердің подшипниктерін және басқа бөлшектерін қолдану бойынша нұсқауына сәйкес жүйелі майлау.
14. Агрегаттардың жұмысын бақылап отыратын қызметшілердің ғимаратта немесе кептіргіш бөлмесінде тапжылмай отыруына бақылау орнату.
15. Қоймалардағы жемді желдету кезінде желдеткіштердің жанғыш қабырғалардан ара қашықтығы 2,5 м кем болмау керек. Ауа өткізгіштерді жанбайтын материалдан жасау. Электрді іске қосқыш аппаратураны қоршаған ортаға сәйкес орнату және бөлек тұрған тірекке қоймалардан 5 м кем емес ара қашықтықта орналастыру керек. Электр сымдарды (кабельді) жерге орналастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |