Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Теміржол көлігіндегі ТЖ негізгі себептері



бет117/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Теміржол көлігіндегі ТЖ негізгі себептері:

- жол бүтіндігінің бұзылуы, көпірлердің бұзылуы, соқтығыстар нәтижесінде қозғалыстағы көліктің рельстен шығып кетуі;

- өрттер, жарылыстар, уытты заттардың төгілуі;

- теміржол көлігінің автокөлік, жүк көліктерімен және т.б. соқтығысуы;

- қолайсыз ауа-райы мен стихиялық құбылыстардың әсері.

Теміржол көлігіндегі ТЖ адамдардың жарақат алып, қаза болуына, материалдық құндылықтардың зақымданып, жойылуына, қоршаған табиғи ортаға шығындар келтіруі мүмкін.

Теміржолдардың автокөлік жолдарымен және көшелермен қиылысы жоғары қауіпті орындар. Мұндай қиылыстар көрінісі жақсы жерлерге орналастырылады. Жақындап келе жатқан теміржол көлігі кем дегенде 400 м қашықтықтан көрініп туруы керек. Өткелдер дыбыстық және жарықтық дабылдармен, шлагбаумдармен жабдықталуы қажет. Соңғы уақыттарда көтерілмелі көпірлер орнатылуда.

Теміржолдардан тек ғана арнайы орнатылған орындар арқылы өту керек. Өткелден өтуден бұрын қозғалыстағы теміржол көлігінің жоқ екендігіне көз жеткізу қажет. Тоқтап тұрған вагондар мен локомотивтерді кем дегенде 5 м қашықтықтан айналып өту керек.

Теміржолдағы қауіпсіздік шаралары:

- теміржол бойымен жүруге болмайды;

- теміржол көлігінің қозғалысы кезінде жол маңына жақындауға болмайды;

- жақындап келе жатқан теміржол көлігінің алдын кесіп өтуге болмайды;

- дыбыстық және жарықтық дабылдар қосулы кезінде, шлагбаум түсірулі кезінде теміржолдан өту өте қауіпті;

- теміржол бағытын ауыстыру орындарының бойымен жүруге болмайды. Автоматты түрде жол бағыты ауысқанда, аяқтарыңыз арасында қалып қойуы мүмкін;

- темір шиналарды ұстауға, электр желілерінің түйісу тіректеріне шығуға болмайды;

- жолаушылар шебіндегі қауіпсіз орын, шептің ортасындағы вагондар;

- платформаның шегінде тұруға, платформадан теміржолға секіруге болмайды;

- тек стасаларда ғана көлік толық тоқтағаннан соң, перрон жағынан немесе платформадан вагонға кіру немесе шығу әрекеттерін жасаңыз;

- теміржол көлігінің қозғалысы кезінде вагон есігіне сүйкенуге немесе оны ашуға болмайды;

- қозғалыс кезінде терезеден немесе есіктен көлегейленбеңіз;

- вагон үстімен, жүк вагондарының өту алаңдарымен жүруге болмайды.

Вагондар астындағы түйісу орыны 27500 В кернеуде болады [13]. Кернеудің жоғарылығынан екі метр қашықтықта адамға қауіпті электр доғасы түзіледі.

Жерге немесе вагонға түйісу сымы үзіліп түссе, вагонда қалыңыз. Жерге қос аяқпен бірдей секіріп, вагоннан қауіпсіз қашықтыққа секіру арқылы кету қажет. Жердегі үзіліп жатқан сымға кем дегенде 10 м қашықтыққа дейін жақындамау керек.

Өрт теміржол көлігінде төтенше қауіп төндіреді. Ең қауіптісі жолаушылар вагонындағы өрт. Жолаушылардың өртпен абайсыз жұмысы, ақаулы электр қондырғылары, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының бұзылуы өрттің шығуының негізгі себептері. Вагон дәлізіндегі өрттің таралу жылдамдығы 5м/мин, купеде 2,5 м/мин. Өрт шыққаннан кейін 15-20 минутта бүкіл вагон өртке оранады. Жану температурасы 950°С жетеді. Жолаушылар вагонындағы өрттің зақымдаушы факторлары: түтін, ашық от, жоғары температура, жану үрдісінде түзілетін улағыш заттар.

Өрт туындаған жағдайда вагон жолсерігіне немесе шеп бастығына хабарлау керек. Мамандар келгенше қол өрт сөндіргіштерімен өрт сөндіруді ұйымдастыру қажет. Егер өртті сөндіру мүмкін болмаса, тоқтату кранының көмегімен пойызды тоқтату керек. Өрт туралы барлық жолаушыларды ескертіп, жылдам вагонның есігі, терезесі, люктері шығу керек немесе көрші вагондарға ауысу керек. Тоқтату кранымен пойызды көпірде, өткелде, тоннельде тоқтатуға болмайды. Мұндай орындарда жолаушыларды эвакуациялау және өртті сөндіру қиынға соғады. Егер пойыздың қозғалысы кезінде шығуға тура келсе, соңғы баспалдаққа түсіп, ешқандай кедергінің жоқтығына көз жеткізіп, қозғалыс бағыты бойынша секіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет