4.1.3 Биологиялық қару
Биологиялық (бактериологиялық) қару – бұл, биологиялық микроорганизмдермен жарақталған және нысанаға жеткізу құралы бар арнайы соғыс қаруы. Адамдарды, ауыл шаруашылық малдары мен егін алқаптарын жаппай зақымдауға арналған.
Биологиялық (бактериологиялық) қарудың зақымдаушы әсері, потагенді микробтардың және олардың тіршілігіндегі уытты өнімдерінің адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді жаппай зақымдауға қабылетті ауру тудырғыш қасиеттерін қолдануға негізделген. Оған жататындар:
- потагенді (ауру тудырғыш) микроорганизмдердің жеке өкілдері - адамдардағы, ауыл шаруашылық малдары мен өсімдіктердегі қауіпті инфекциялық аурулардың қоздырғыштары;
- организмге түскен жағдайда ауыр зақымдайтын (улайтын) және жоғары уытты қасиетке ие болатын, бактериялар класындағы микробтар тіршілігінің өнімдері;
- егін шарушылығы алқаптарын жою үшін қолданылатын жәндіктер – ауыл шаруашылығының зиянкестері.
Достарыңызбен бөлісу: |