Лазерлік қару (ЛҚ) – жоғары энергетикалық лазерлердің электромагниттік сәулесін қолдануға негізделген қарудың түрі. ЛҚ зақымдаушы әсері, лазерлік сәуленің нысанаға термомеханикалық және соққылы-импульстік әсерімен анықталады.
Лазер сәулесі ағымының тығыздығына тәуелді, бұл әсерлерден адам уақытша көрмей қалуы мүмкін. Лазерлік сәуленің жылулық әсерінен, зақымданушы объектінің сыртқы қабаты балқиды немесе буланады. Импульстік тәртіптегі энергияның жоғары тығыздығында, жылулық әсерден бөлек, плазманың пайда болуымен шартталған соққылы әсері де жүзеге асады.
Лазерлік қару үшін қолданбалы келетіні қатты денелі, бос эелектроны бар химиялық және рентгендік лазерлер.
Қатты денелі лазерді (ҚДЛ) АҚШ мамандары, ұшақта орналасатын лазерлік қару жүйесіне арналған генераторлар үшін болашағы бар деп қарастыруда. Бұл қаруды шұғыл-тактикалық қанатты зымырандар мен ұшақтарды жоюға, оптоэлектрондық құралдарды істен шығаруға, сондай-ақ, ядролық қару тасымалдайтын ұшақтарды қорғауда қолданылады.
Бүгінгі таңда АҚШ-та лазерлік қарудың авиациялық кешенін жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алғашқы сынақ Боинг-747 транспорттық ұшағына жүргізілу жоспарлануда. Жоабаланған зерттеулер аяқталған соң, толық масштабты өңдеу сатысына өтеді.
Кешеннің негізін, қуаты бірнеше мегаватт оттекті-иодты лазер құрайды. Мамандардың бағалауы бойынша әсер ету ұзақтығы 400 км жетеді.
Рентгендік лазерді жасау мүмкіндігі бойынша да зерттеулер жүргізілуде. Мұндай лазерлер рентгендік сәулеленудің қуатты энергиясымен (оптикалық лазерлер жиілігінен 100-10000 есе көп) және түрлі материалдардың едәуір қалыңдық қабаттарынан (сәулесі кедергілерге шағылысатын лазерлерден ерекшеленеді) өтетін қасиетімен ерекшеленеді. Рентгендік лазерлік құралдар, ядролық қаруды жер астында сынау кезінде өңделгені белгілі. Мұндай лазер толқын ұзындығы 0,0014 мкм рентгендік сәулелену жиілігінде әсер етеді және сәулелену импульсінің уақыты бірнеше наносекунд. Рентгендік лазердің когерентті сәулелермен зақымдайтын қарапайым химиялық лазерден ерекшелігі, нысананы соққылы-импульсті әсермен зақымдауы.
Лазерлік қару жасырын әсер етуімен (жалынның, түтіннің, дыбыстың болмауы), жоғары дәлдігімен, мезеттік әсер етуімен (нысанаға жету жылдамдығы жарық жылдамдығына тең) ерекшеленеді. Оны қодлану, тура көрініс шегінде ғана мүмкін. Зақымдаушы әсері тұманда, жауында, қарда, атмосфераның шаңданып түтінденуі кезінде төмендейді.
Оптика-электрондық құралдар мен адамның көру органдарын зақымдайтын тактикалық лазерлік қару, өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасында толығырақ өңделді.
Бір шоқтық қару - бұл қару залалданған немесе бейтарап бөлшектердің қысқа бағытталған шоқтарын қолдануға негізделген.
Түрлі объектілер мен адамдарды зақымдау қасиеті радиациялық (иондаушы) және термомеханикалық әсерімен анықталады. Бір шоқтық қарулар борттық электронды қондырғыларын істен шығару жолымен ұшу аппараттарын, баллистикалық зымырандар мен ғарыштық объектілерді зақымдауы мүмкін.
Электрондарға энергия беру үшін, қуатты электр көздері жасалады. Лазерді ату қашықтығын ұзарту үшін, біртіндеп емес топталған соққылар (10-20 ипульс қатарынан) жасау керек деп жобалануда. Алғашқы импульстер ауада тоннель ашса, қалған импульстер ізбе-із нысанаға жетеді. Бір шоқтық қару үшін сутегінің бейтарап атомдары перспективті бөлшектер болып табылады. Себебі, оның бөлшектері геомагниттік толқында ұшқындамайды және шоқ ішінде тебіспейтіндіктен таралу бұрышы ұлғаймайды.
Достарыңызбен бөлісу: |