Террорлық сипаттағы қаупімен телефон арқылы жасырын анықталған жағдайдағы іс-әрекеттер
Террорлық сипаттағы қаупі жөнінде жасырын телефон қоңырауы түскен кезде, хабарламаны қабылдаған тұлға:
1. Қоңырау соғып тұрған адамды тыңдап, оның сөйлеу ерекшеліктерін бақылап және естілетін шуды тыңдап, нақты ақпарат алғанша, оның кім екенін және ниетін, ойын анықтағанша мүмкіндігінше әңгімелесіп қоңырауды созуға тырысу керек.
2. Сөйлесіп болғаннан кейін жасырын телефон қоңырауы түскен уақытты сақтап қалу үшін, тұтқаны телефон аппаратының қасына 10-15 минутқа қойыңыз.
3. Жасырын хабарламаның мазмұны, уақыты, қоңырау түскен телефон және жасырын қоңырау шалған адаммен сөйлескен тұлға көрсетіліп, бұл факт туралы басқа телефон аппаратынан (тым болмаса жасырын телефон қоңырауы түскен телефоннан) кезекші қызметтерге хабарлаңыз: Ішкі істер басқармасына, ҰҚК департаментіне, ТЖ басқармасының (бөлімінің) жедел кезекшісіне.
4. Содан кейін құқық қорғау органының қызметкерлері келгенше, ғимараттың ішіндегі тұлғаларды эвакуациялау бойынша шаралар қолданады. Сонымен қатар эвакуацияланған тұлғаларға Азаматтық қорғаныс бойынша жоспардан тыс жаттығулардың өткізілуі туралы ақпарат жеткізеді. Эвакуациялау кезінде эвакуацияланғандардың ішінде жарылғыш құрылғысы салынғандығы жөнінде айтқан тұлғаларға көңіл аударылады.
5. Құқық қорғау органының қызметкерлері келген кезде оларға жасырын хабарламаның авторын анықтауға көмек көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |