Жарылғыш қондырғы
|
Қашықтық, м
|
РГД-5, РГ-42 граната
|
кемінде 50
|
Ф-1 граната
|
кемінде 200
|
Массасы 200 г тротилді орам
|
45
|
Массасы 400 г тротилді орам
|
55
|
0,33 сыра қалбыры
|
60
|
МОН - 50 мина
|
85
|
Чемодан (кейс)
|
230
|
Жол чемоданы
|
350
|
"Жигули" үлгісіндегі автокөлік
|
460
|
"Волга" үлгісіндегі автокөлік
|
580
|
Микроавтобус
|
920
|
Жүк автомашинасы (фургон)
|
1240
|
Жарылу қаупі туралы келесі белгілер бойынша айтуға болады:
- көлікте, сатыда, пәтерде және т.б. белгісіз бір түйіншектің немесе бөлшектің болуы;
- керілген сым, шнур;
- көліктің астынан салбырап тұрған сымдар немесе оқшаулауыш лента;
- көліктің ішінде, пәтердің аузында, подъезде табылған бөтен сөмке, портфель, қорап, басқа да заттар.
Мүлдем тыйым салынады:
- сізге келген жеріңізден тапқан бөтен заттарды пайдалануға;
- жарылу қаупі бар заттарды орнынан қозғалтуға, бір жерден бір жерге тасуға, қолға алуға;
- көтеруге, тасымалдауға, қалтаға, портфельге салуға, және т.б.;
- оқ-дәрілерді алауға тастауға немесе оларды өртеуге;
- оқ-дәрілерді жинап, металл сынығы ретінде тапсыруға;
- жерге көміп тастауға немесе оларды су қоймаларына тастауға;
- заттан шығып тұрған сымды үзуге немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға.
Ғимаратқа тақалған, үйдің подъезіне, ұйымның фойесіне кірген кезде бөтен адамдарға немесе заттарға көңіл аударыңыздар. Көбінесе жарылғыш құрылғылар жертөлеге, бірінші қабатқа, қоқыс құбырының жанына, баспалдақтың астына қойылады.
Сіз қоғамдық көлікте ұмытылып қалған немесе иесіз затты тапқан жағдайдағы іс-әрекеттер:
- жаныңыздағы адамдардан сұраңыз;
- кімдікі немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екендігін анықтауға тырысыңыз;
- егер иесі табылмаса, тез арада жүргізушіге (машиниске) хабарлаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |