Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет196/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

5.1 Адам және өмір сүру ортасы

Жер – Күн жүйесіндегі планета. Өмір сүру уақыты, шамамен 4,7 миллиард жыл. Жер шар пішініне ие және әр уақытта қозғалыста болады. Ол, Күнді 30 км/с жылдамдықпен айналып тұрады. Күнді толық айналу уақыты 365,25 тәулік. Жер, сонымен қатар, өз осьінің бойымен де айналады. Экватордағы айналу жылдамдығы 465 м/с. Ось бойымен Жердің толық айналу уақыты 23 сағат 56 минут. Жерден 384-400 км қашықтықта, оның серігі Ай айналып жүреді.

Жер магниттік, электрлік, гравитациялық толқындарға ие.



Жер орталығында ядро орналасқан. Ондағы температура 5000-6000°С. Ядроның радиусы 3,5 мың киллометр. Жердің жалпы көлемінің 16% құрайды. Ядро орталығындағы қысым 3,7 миллион атмосфера. Ядро, Жердің жалпы салмаңының 83% құрайтын қалың мантия қабатымен қоршалған. Одан кейін жердің салыстырмалы беткі қабаты орналасқан. Жердің құрылысының құрылымы 24 суретте келтірілген.


Сурет 24. Жердің құрылысы
Құрлық материктер түрінде келтіріледі: Еуразия, Африка, Америка, Оңтүстік Америка, Антарктида, Австралия және көптеген аралдар. Әлемдік мұхит дейгейінен ең жоғарғы биіктігі 875 метр. Құрлықтың - 30% ормандар, 20% сирек тоғайлар, 10% мұздықтар, 10% урбанизацияланған территориялар, 10% басқа да ландшафттар алып жатыр.

- Жердің массасы – 5976 · 1021 кг;

- Жердің көлемі – 1083 · 109 км3;

- орташа радиусы – 6371,0 км;

- экватор бойынша ұзындығы – 40075,7 км;

- жалпы ауданы – 510,2 млн. км2, оның ішінде: құрлық – 149,1 млн. км2 (29,2%), су – 361,1 млн. км2 (70,8%);

- планетаның ең биік нүктесі – Эверест тауы – 8847 м;

- Әлемдік мұхиттың орташа тереңдігі 3711 м, ең тереңі – 11022 м;

- жер бетіндегі ауаның орташа температурасы – 14°С;

- орташа жылдық жауын-шашын – 1000 мм;

- Жер бетіне тіршілік 3,5 миллиард жыл бұрын келген. Адам, 3 миллион жыл бұрын тіршілік етіп бастаған. Жер бетінде 7 миллиардтан астам халық тұрады.

Жер, газдар қоспасынан, су буынан, ылғал тамшыларынан, мұз кристалдарынан тұратын қалың алмосфера қабатына оранған. Атмосфераның қалыңдығы шамамен 20 мың киллометр. Атмосфераның нақты шекарасы жоқ, себебі, біртіндеп ауасыз, планетаралық кеңістікке өтеді. Биіктік жоғарылаған сайын, атмосфераның тығыздығы мен қысымы төмендейді. Атмосфера бес қабаттан тұрады: 10 киллометрге дейін тропосфера, 50 киллометрге дейін стратосфера, 80 киллометрге дейін мезосфера, 800 киллометрге дейін термосфера және экзосфера. Шамамен атмосфера массасының жартысы жер бетіне жақын 5 км биіктікте шоғырланған [13].

Биосфера (грекше biosтіршілік сөзі) күн энергиясының ықпалымен ұзақ биохимиялық үрдістердің нәтижесінде пайда болған.

Биосфераға кіретіндер: тропосферадан және стратосфераның төменгі бөлігінен тұратын атмосфера, гидросфера, Жердің беткі қабаты литосфера.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет