Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Атмосфераның радиобелсенді заттармен ластануы



бет204/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Атмосфераның радиобелсенді заттармен ластануы

Атмосфераның радиобелсенді ластануы нəтижесiнде радиациялық əсер ету байқалатын болғандықтан өте қауiптi болып саналады. Радиациялық əсер - радиобелсенді заттардан бөлiнетiн радиобелсенді сəулелердiң əсерi. Бұл сəулелер кейбiр химиялық элементтердiң атом ядроларының ыдырауы кезiнде сыртқы ортаға бөлiнедi. Бөлiнген радиобелсенді сəулелер адам организмiнiң тiрi ұлпалары арқылы өтiп, биологиялық үрдістердi бұзып, организмде түрлiше физикалық, химиялық жəне физиологиялық, ең соңында патологиялық өзгерiстер туғызады.

Радиациялық əсерлердiң шығу көздерi баршаға мəлiм, қарапайым ғарыштық сəулелерден бастап, экологиялық катастрофалар болып табылатын ядролық қаруларды сынау, атом ядролық стансаларындағы авариялар, т.с.с.

Көптеген елдерде ядролық қаруды сынау жұмыстарының жүргiзiлуiне байланысты ядролық өндiрiстiң, атом электр станцияларының дамуына байланысты атмосферада жасанды радиобелсендiлiк көздерi пайда болды.

Радиобелсенді элементтердi өндiру мен атом қондырғыларын, қозғалтқыштарын iске қосу жұмыстары кезiнде атмосфераға өте қауiптi радиобелсенді заттар бөлiнеді.

Радиобелсенді заттар атмосферада тозаң, не аэрозоль түрiнде болады, олардың аз ғана мөлшерінің өзi адамның жүйке жүйесі, жыныс бездерi, ас қорыту, тыныс алу органдары, қалқанша без қызметiне зиянды əсер етедi.

Атмосфера радиобелсенді заттармен əсiресе, атом жəне сутектi бомбалардың жарылуы кезiнде ластанады. Атом жарылысы кезiнде түзiлген изотоптардың жартылай ыдырау кезеңдерi түрлiше. Əсiресе, стронций-90 (жартылай ыдырау кезеңi 25 жыл) және цезий-137 (жартылай ыдырау кезеңi 33 жыл) өте қауiптi.

Радиобелсенді изотоптар өсiмдiктердiң қалдықтары, жануарлардың қалдық өнiмдерi арқылы да таралады. Олардың тасымалдануында қоректiк тiзбектер де бiршама рөль атқарады.

Судағы изотоптар өсiмдiктерге сiңiрiлiп, олармен балықтар қоректенiп, балықтарды жыртқыш балықтар не құстар қорекке пайдаланады, т.с.с.

1945 жылы тамызда Жапонияның Хиросима мен Нагосаки қалаларында жарылған атом бомбалары ондаған мың адамдардың өмiрiн қиды, оның зардаптары əлi күнге дейiн сақталуда.

1963 жылы Мәскеу қаласында бейбiтшiлiк сүйгiш мемлекеттер бiрiгiп, ядролық қаруды атмосферада, ғарыш кеңiстiгiнде жəне су астында сынауға тыйым салу туралы келiсiмге қол қойды. Бұл келiсiмнiң адамдардың денсаулығын сақтау мен бүкiл тiршiлiктi қорғауда үлкен маңызы бар.

Атом энергиясын кең ауқымда қолдану нəтижесiнде атом өндiрiсiнiң қалдықтары көбейуде. Ендi осы қалдықтарды зиянсыздандыру мәселесі де туындап отыр. Бұл мәселені шешу жолдары түрлi елдерде түрлiше жүзеге асуда. Мысалы, АҚШ, Ұлыбритания атом өндiрiсiнiң қалдықтарын Атлантика мұхитына тастайды, Франция ескi темiржол туннельдерiнде сақтайды, ал бiздiң елiмiзде жердiң терең қабатына көмiледi, бұл ең зиянсыз жəне тиiмдi жол болып саналады [26].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет