Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет217/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   264
Физикалық ластануы – радиобелсенді заттектермен және басқа физикалық факторлардың әсерінен ластануы. Мыс: Уран кендерін ашық әдістермен алғанда, жер қыртысында белсенділігі жоғары сәулеленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.

Химиялық ластануы – топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.

Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, автокөлік және тракторлар, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу энергетикалық кешені, апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери өндірістік кешендер жатады. Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу үрдістерінен шыққан өнімдермен және қалдықтармен топырақ ластанады. Топырақ қабаты зиянды қалдық үйінді қоқыстармен көбірек ластанады. Топырақты ластаушы объектілер: тұрғын үйлер және тұрмыс қажетін өтеуге арналған кәсіпорындар (ластаушы заттар азық түлік қалдықтары, құрылыс және жылу жүйелерінің қалдықтары т.б.). Өнеркәсіп орындарының қатты және сұйық күйіндегі қалдықтарында әрдайым тіршілікке зиянды заттар ұшырасады. Жылу энегетикасында отын жағу нәтижесінде: күл, шлактар, күйе, күкірт тотықтары және жанбай қалған отын тозаңдары түзіледі.

Ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыштар, улы химикаттар пайдалану барысында сумен шайылып, не буланып топыраққа зиянын тигізеді.

Азот тотықтары, қорғасын, көмір тотықтары, көмір сутектері автокөліктердің іштен жану қозғалтқыштарының жұмыс істеуі барысында бөлінетін, топырақ бетіне қонып, өсімдіктер бойына тамырлары арқылы таралады да, жалпы айналымға түсіп, азық-түлікке қатысты дүниеліктерде зиянды болып табылады.

Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскоридоз және т.б.) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады. Соңғы он жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына жататын мұнай және газ ұңғымалағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактар мен бояулардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің т.б. құрамына енетін, өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік белсенді заттар көптеп қолданылуда. Олар су қоймаларына түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп, тіршілік үрдістеріне кері әсерін тигізеді. Пестицидтер сияқты бұларды химиялық және биологиялық тазалау әдістерімен ыдырату өте қиынға түседі.

Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардың ұлғаю үрдiсi байқалуда [30].

Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi.

Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын, олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресiндерге тасылады, оның 97% Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5% ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады.

Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарға байланысты мәселелерді шешу үшiн өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберiнде қатты қалдықтарды басқару жүйесiнiң әзiрленуi, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемiтуге бағытталған нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және енгiзу, қалдықтарды басқарудың есебiн жүргiзу және бақылау жүйесiн ұйымдастыру, қалдықтарды ұқшату және қайталама пайдалану жөнiндегі үлгiлiк бағдарламаны әзiрлеу, неғұрлым таза өндiрiстi енгiзу жөнiндегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу, қалдықтарды ұқшату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге ақпараттық қолдау көрсету, қалдықтарды басқарудың үдемелi жүйелерiне мамандарды оқытуды ұйымдастыру, өндiрiстiк қалдықтарды көму мен өнеркәсiптiк және басқа да ағынды суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуi тиiс.

Түрлі материктер үшін топырақтың түзілу үрдісінің уақыты жүздеген жылдан мыңдаған жылға созылады.

Адамның ықпалымен топырақ түзілуінің көрсеткіштері мен факторлары өзгереді – рельефі, микроклиматы, су қоймалары түзіледі, ауыл шаруашылық жерлерін мелиорациялау жүзеге асырылады.

Үлкен қалалар мен түсті және қара металлургия, химиялық және мұнайхимиялық өнеркәсіптер, машина жасау өндірістік кәсіпорындары мен жылу электр стансалары ондаған киллометр қашықтықтағы топырақ жамылғысы ауыр металдармен, мұнай өнімдерімен, қорғасын қосылыстарымен және басқа да уытты заттармен ластанады.

Мысалы, машина жасау өнеркәсіптерінің қалдықтарымен топырақтың ластануын қарастырайық.

Қатты қалдықтар, машина жасау өнеркәсіптерінде өндіру үрдістері кезіндегі аммортизациялық сынықтар (қондырғыны модернизациялау, саймандардың сынықтары); металл, ағаш және пластмасса ұнтақтары; шлак, күл, шлам, тұнба және шаң (ауаны тазалау жүйелерінің қалдықтары) түрінде түзіледі.

Аммортизациялық сынықтардың көлемі, жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде ауыстырылған жекелеген детальдардың және жарамсыз қондырғылардың санына тәуелді. Машина жасау өнеркәсіптеріндегі аммортизациялық сынықтардың 55% технологиялық саймандарды ауыстыруда түзіледі. Коррозия және үйкеліс нәтижесінде металдардың қайтымсыз жоғалуы жалпы аммортизациялық сынықтардың шамамен 25% құрайды.

Өндірістегі маталл қалдықтарының өлшемдері орнатылған қалдықтар коэффициентіне және өңделетін металл мен балқыманың мөлшеріне тәуелді. Машина жасау өнеркәсіптерінің қатты қалдықтары, негізінен: қалыптау (қиындылар, құймалардың кесінділері, металдардың тотықтары т.б.), құю (шлактар т.б.), механикалық өңдеу (кесінділер, металл және ағаш жаңқалары т.б.) кезінде түзіледі. 1 т металға шаққандағы түзілетін қалдықтың мөлшері 260 кг. Кейбір машина жасау өнеркәсіптеріеде бұл қалдықтардың көлемі өңделетін материалдың 50% құрайды. Легирленген болат өндірісі қалдықтарының 84% металды өңдеуде және 16% аммортизациялық сынықтар түрінде түзіледі [30].

ГОСТ 1639-78 сәйкес өнеркәсіптерде түсті металл қалдықтарын жинақтау ұйымдастырылады. Өндірістік жіктеу бойынша түсті металдарды келесі топтарға бөоледі: ауыр металдар (мыс, қорғасын, никель, мырыш және қола); жеңіл металдар (алюминий, магний және т.б.); жер металдары (вольфрам, ванадий, кадмий және т.б.).

Қара металды тұтыну 1 млн. т кезінде металдардың қайтымсыз жоғалуы, мың. т.: тегістеу, тесу т.б. өңдеу жұмыстарында 5,4; термиялық өңдеу кезінде 2,1; қышқылдық өңдеу кезінде 14; қалдықтарды толық жинақтамау есебінен 15,2 [30].

Қатты материалдардың көп мөлшері тұндырғыш қондырғыларының және қалыптау цехтарының шламдарында болады. Шламдағы қатты бөлшектердің шоғыры 20-300 г/л дейін құрайды. Залалсыздандыру және кептіруден кейін шламды агломерациялық шихтаға қоспа ретінде жібереді немесе қалдық ретінде тастайды. Құйма, термиялық өңдеу т.б. цехтардың шламдарында қорғасынның, хромның, мыстың, мырыштың токсикалық қосылыстары, сонымен қатар, цианидтер мен хлорофос болады.

Өндірістік қалдықтарда аздаған мөлшерде істен шыққан приборлар мен қондырғылардан төгілген сынап және қолданылған радиобелсенді изотоптардың қалдықтары болады.

Құрамында нуклеидтер бар қатты және сұйық радиобелсенді қалдықтар 15 тәуліктен кейін қоқыспен (қатты) және тұрмыстық-коммуналды кталдауация жүйесіне (сұйық) тасталады.

Қайта өңдеу технологиясы жасалмаған өндірістік шлактар және басқа да қалдықтар қоймаларға жинақталып, қалдықтарды жаңа (кешенді) өңдеу технологиялары жасалғанша сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет