Детергенттер (синтетикалық беттік активті заттар - СБАЗ) судың беттік тартылуын төмендететін заттардың қатарына жатады. Олар өндірісте жіне тұрмыста кеңінен қолданылатын синтетикалық жуғыш заттардың (СЖЗ) құрамына кіреді.
СБАЗ ақаба сулармен бәрге материктік суларға және теңіз ортасына келіп түседі. СЖЗ құрамы:
- детергенттер еріген натрий полифосфаты;
- су организмдеріне уытты болйп келетін бір қатар ингредиентті қоспалар, ақтағыш реагенттер (персульфаттар, пербораттар), қақталған сода, карбоксиметилцеллюлоза, натрий силикаттары.
Табиғатына және гидрофильді бөлігінің құрылымына тәуелді СБАЗ молекулалары төмендегідей бөлінеді:
- анионды активті;
- катионды активті;
- амфотерлі;
- ионогенсіз.
Соңғылары суда иондар түзбейді. СБАЗ ішіндегі кең таралғандары анионды активтілері. Әлемдік СБАЗ өндірісінің 15 % осылардың үлесіне тиеді.
Өндірістік ақаба сулардағы СБАЗ болуы келесі үрдістерді қолданумен байланысты:
- кендерді флотациялық байыту;
- химиялық технология өнімдерін бөлу;
- полимерлер алу;
- мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау жағдайларын жақсарту;
- жабдықтардың коррозиямен күресі;
- СБАЗ ауыл шаруашылығында пестицидтердің құрамында қолданылады.
Канцерогенді заттар – организмде канцерогендік, тератогендік (эмбрионалды даму үрдісінің бұзылуы) немесе мутагендік өзгерістер туғызатын біртекті химиялық қосылыстар.
Әсер ету жағдайларына тәуелді олар келесілерге әкеліп соқтыруы мүмкін:
- жастың ингибирленуіне;
- кәріліктің жылдамдауына;
- жеке дамудың бұзылуына және организмнің гендік қорының өзгеруіне.
Канцерогендік қасиетте ие заттарға жататындар:
- хлорланған алифатты көмірсутектер;
- винилхлорид;
- полициклды ароматты көмірсутектер (ПАК) [29].
Достарыңызбен бөлісу: |