Қанның кетуін саусақтармен тоқтату
Қанның кетуін тез жарақаттан жоғары тұрған сүйекке (денеге жақын) қан ағып тұрған тамырды саусақтармен басу арқылы тоқтатуға болады. Қан ағып жатқан тамырды саусақтармен жеткілікті түрде қаттырақ басады.
Жарақаттардан қанның кетуін:
беттің төменгі жағындағы – жақтық артерияны жақтың төменгі шетіне қарай басу арқылы;
шеке мен маңдайдағы – шеке артериясын құлақтың алдына қарай басу арқылы;
бас пен мойындағы – ұйқы күре тамырын мойын омыртқасына қарай басу арқылы;
қолтық асты шұңқыры мен иықтағы (иық тамырына жақын) – бұғана астындағы артерияны бұғана астындағы ойға қарай басу арқылы;
білектегі – білек артериясын сырт жағынан білектің ортасына қарай басу арқылы;
қолдың буыны мен саусақтарындағы – екі артерияны (кәрі және шынтақ) үшінші төменгі қолдың буынын білекке қарай басу арқылы;
жіліншіктегі - жіліншік астындағы артерияны басу арқылы;
сан жамбастағы – сан жамбас артериясын жамбас сүйектеріне қарай басу арқылы;
табандағы - табанның ішкі жағындағы артерияны басу арқылы тоқтатады.
Достарыңызбен бөлісу: |