7.8 Күйіп қалғанда көрестілетін алғашқы көмек
Оттың, будың, ыстық заттар мен бұйымдардың, химиялық қышқылдар мен сілтілердің және электр тоғының немесе электр доғасының электрлік әсерінен болатын термиялық күйіктер болады.
Терең болуы бойынша барлық күйіктер: бірінші – терінің қызаруы мен ісінуі; екінші – сулы күлдіреуі; үшінші – терінің үстіңгі және астыңғы қабаты жансыздануы; төртінші – терінің қабынуы, бұлшық еттердің, сіңірлер мен сүйектердің зақымдануы болып төрт деңгейге бөлінеді.
Термиялық және электрлік күйіктер
Зардап шегушінің киімі жанса оның үстіне пальто, басқа қандай да бір тығыз матаны жабу немесе жалынды сумен сөндіреді.
Киім жанып жатқан кезде жүгіруге болмайды, себебі жел жалынды күшейтіп, күйікті үлкейтеді және күшейтеді.
Зардап шегушіге көмек көрсету кезінде бірнәрсені жұқтырып алмас үшін терінің күйген учаскелерін қолмен ұстауға немесе оларға маз, май, вазелин жағуға, ішетін сода, крахмал себуге рұқсат етілмейді. Күлдіреген ісіктерді тесуге, күйген жерге жабысқан мастикті, канифольды немесе басқа да шайырлы заттарды алып сүртуге рұқсат етілмейді. Себебі, осылайша күйген теріні жұлып алуға және жарақат алған орынның іріңдеуіне септігін тигізуге болады.
Көлемі бойынша үлкен емес бірінші және екінші деңгейдегі күйік кезінде терінің күйген учаскелеріне стерилденген таңғышты салуға болады.
Күйген жерден киім мен аяқ-киімді тартып шешуге рұқсат берілмейді, оны қайшымен кесіп, абайлап шешіледі. Егер күйген киімнің бөліктері күйген жерге жабысып қалса, оның үстінен стерилденген таңғышты салу және зардап шеккенді емдік мекемеге жібереді.
Ауыр және көлемді күйік алған кезде зардап шегушіні таза ақ жаймаға немесе матаға орап, оны шешіндірмей, жылырақ үстін жауып, жылы шай беру және дәрігер келгенге дейін оған тыныштықты қамтамасыз етеді.
Күйген бетті стерилденген дәкемен жабады.
Көз күйік алған кезде бор қышқылы (бір стакан суға бір шай қасықтың жартысынан қышқыл) ерітіндісінен суық басу және зардап шегуші дереу дәрігерге жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |